Жазғандар: Сейтказиев Руслан Умиргазиевич, Мамырбаев Дидар Жетпісұлы,
Жұмақан Нұрманбетқызы және студенттер
№5 (125), мамыр 2023 жыл
5
№1 бөлім
Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы
Сейтказиев Руслан Умиргазиевич
АЛТЫН АДАМ ТАРИХЫ
Алтын адам — Алматы облысындағы Есік
қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ
жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ
обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің
мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел
Ақышев тапқан. [1]Алтын адам киімі 4 мыңға жуық
алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер
барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін
беретін «хайуанат нақышында» жасалған.[2] Бас
сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген
алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі
үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70
см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты
алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын
тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік,
камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған.
Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған,
оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында
алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған
темірқанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын
тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған
археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның
біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір
сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын
адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті
елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін
айқын көрсетеді.[3] Көне дәуірдегі материалдық
мәдениет, өнер, мифология, т.б. салалардан мол дерек
беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік
өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді.
Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына
айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына
орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар
бейнесі елтаңбамызға енді.«Алтын адам» – Алтын
және бағалы металдар мемлекеттік музейінің бірегей,
құнды жәдігері.
Ол 1969-70 жылдары Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, тарих ғылымдарының докторы, ғылым мен
техникаға еңбегі сіңген қайраткер Кемел Ақышұлы
Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде Алматы
қаласынан 50 шақырым жердегі Есік қорғанынан
табылған, біздің дәуірімізге дейінгі V-IV ғғ.жатады.
Кемел Ақышұлы Ақышев 1924 жылы Павлодар
облысының Баянауыл ауданында туған. Әскери
училищені аяқтаған соң майданға аттанады.
1950 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің
тарих факультетін бітіреді. КСРО ҒА Археология
институтының Ленинград бөліміне аспирантураға
түсіп, 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми
кеңесінде кандидаттық диссертациясын қорғайды.
Студенттік жылдары археологиялық қазба
жұмыстарына қатысады. 1955 жылы Қазақ КСРО
ҒА Тарих, археология, этнография институтының
археология бөлімінің меңгерушісі, содан кейін
Әлкей Марғұлан атындағы ҚР ҰҒА Археология
институтының бас (негізгі) ғылыми қызметкері
болады. 2000 жылы Астана қаласына көшіп, Лев
Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде
археологиялық реконструкцияның лабораториясын
құрады.
Археологтар алғаш рет әлемдік тәжірибеде барлық
республика көлемінде Археологиялық карта жасап,
онда материалдық құндылықтың 5 мыңға жуық
ескерткіштері есептеліп, сипатталады. 50 жылдардың
соңында К.Ақышевтің қазба жұмыстары кезінде
табылған сақ дәуіріне жататын Бесшатыр қорымы
оның ғылыми өмірбаянынан ерекше орын алады.
Одан жинақталған материалдарды талдай
келе, К.Ақышев сақтардың таза көшпенді емес,
олардың қыстайтын орны мен жылы баспаналары
болғандығына көзі жетеді және осы тұжырымға
нық тоқтайды. Сол жылдардың өзінде-ақ ол тағы
бір ғылыми ізденістің бағытын – сақ өнерінің шығу
тегін зерттеуді көздейді және ежелде Жетісуда дербес
металлургия ошағының және қола құю өндірісінің
дамығандығын дәлелдейді.
Бұл бағыт Есік қорғанынан «Алтын адамды»
тапқанда да әрі қарай жалғасын тапты. Қорғандардың
көпшілігі ертеде тоналған, тек бүйірдегісі ғана, яғни
жас сақ көсемінің жатқан жері аман қалған. Қазу
тәсілі мен түрлі сызбалар арқылы «Алтын адамның»
бейнесі қайтадан жаңғыртылды.
Сақтар түсінігінде ескірмейтін, шірімейтін алтын
зат мәңгіліктің символы ретінде болған. Ғылымнан
белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың
киіміне ғана жапсырылған. Ал о дүниеге алтын
әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету
идеясымен байланысты болу керек.
“Алтын адам” 1969-1970 жылдары тарих
ғылымдарының докторы, академик Кемел Ақышев
бастаған археологтар тобының қазба жұмыстары
нәтижесінде Алматы қаласына 50 шақырым жердегі
Есік қорғанынан табылған. Топырақ қорғандармен
ұштасып жатқан зираттар солтүстіктен оңтүстікке
қарай аумағы үш шаршы километрдей жерді алған.
Бұл қорғандар патша қорғандары деп аталады.
Есік қорғанының диаметрі 60 метр, биіктігі 6
метр. Бір қорғанда орталық зират және қырынан
|