Қазақстан ұстазы 8
Сол қолының шынтағында алтын ұшты
символикалық жебе, одан жоғары - сабы кең алтын
лентамен оралған қамшы, одан да жоғары-қола айнасы
мен қызыл бояуы бар сәндік жібек дорба жатыр.
Бөлме еденіне өлгендер азығымен ыдыстар
қойылған. Рәсімдік ыдыстар құрамына жазуы бар
күміс шыны және бір шетте тұрған алтын жалатқан
қола табақ кіреді. Онда жыртқыш құстардың тұмсығы
мен тұяғы түрінде орындалған бірнеше алтын
табақшалар жатты.
Ыдыстарды орналастыруда белгілі тәртіп
сақталған. Саз және ағаш ыдыстар бөлек тұр. Оңтүстік
қабырғада ағаш ыдыстар орналастырылған, оның
сыртында - екі қатарда - екі табақ, алдыңғы қатарда
- табақшалар мен ожау, Басқа қабырғада бір қатарға
бір-біріне тығыз етіп саз құмғандар тізілген, олардың
алдында табақшалар, солардың арасында сондай-
ақ бірге - екі күміс кесе мен қасық бар. Қола кесе
жерленген адамның басында, сыртта тұр. Камераның
шығыс қабырғасындағы еден учаскесі заттардан бос.
Бесшатыр қорғандарындағыдай сияқты камераға ену
шығыс жақтан болғанға ұқсайды.
Жерлеу рәсімінен кейін мүрде қысқа бөренелермен
жабылған, шұңқырға топырақ толтырылған, содан
кейін үйіндіні көтерген. Со алыстағы дәуірдің жерлеу
рәсімінің егжей-тегжейін осы заманғы адамның көз
алдына келтіруі қиын. Салт жоралардың аяқталу
кезеңінің бір көрінісі ретінде мынандай вариант
ұсынуға болады. Көп адам қатысқан қаралы шеру
жерлеу орнына қарай баяу жылжуда. Алдыңғы
еркектер, бәлкім абыздар, қайтыс болған адамның
денесі салынған зембілді көтеріп келеді, одан
төгілген алтын жамылғы қозғалыс қимылымен
үндес желбірейді, отыз бір адамнан тұратын тізбек
(мүрдеге қойылған ыдыстардың санына сәйкес)
жоралғы ыдыстары мен тамағы бар ыдыстарды әкеле
жатыр, ал одан әрі тоқтаусыз ағынмен туысқандары,
жауынгерлер, қарасты аумақтың барлық тұстарынан
жеткен тайпаластары келеді. Жерлеу орны бұрыннан
дайын және осында тұрған дін басылары дене қашан
өздеріне берілетін сағатын күтіп тұр. Және солар өмір
таусылған жұмбақ дүниеге аттандырудың құпия-
cалтанатты процесін аяқтайды. Міне, ақырында,
қаралы шеру діттеген жеріне жетеді, бүкіл үлкен
тобыр, оның ішінде туған-туысқандары жоғарыда
қалады, мүрдедегі бөлінген орынға жатқызу үшін,
алдын-ала зембілден алынған жапқышты төсеп,
шұңқырға тек абыздар денені көтеріп түседі. Олар
мүрде еденіне екі мың үш жүз жылдан астамнан кейін
қазу кезінде археологтар тапқан тәртіппен ыдыстарды
орналастырады. Олар мүрдені бөренелермен жабады
және содан кейін мыңдаған тайпаластары жерлеу
қорғанының алып төбешігін тұрғызуға қатысады.
Солай болуы керек. Біз ештеңені білмейміз, ата-
бабалардың дінге табыну, жерлеу ғибадатының
осы бір күрделі жоралғы салттарынан, барлық
егжей-тегжейін, сірә, ешқашан білмеспіз де. Қорған
«жылнамасы» шалынған құрбандар мен берілген ас
туралы біздер үшін ештеңені сақтамаған. Олар, әрине,
болды, бірақ ол қорғаннан тыс басқа жерлерде өткен.
Өкінішке қарай, сақ тайпаларының жерлеу рәсімін
көз алдыңа қайта келтіруде жазба деректер жеткілікті
көмектеспейді. Оның есесіне сақтарда жерлеу
рәсіміндегі өлгендерге табыну толықтығы белгілі
Геродот скиф патшасын да, «барлық басқа скифтерді»
- қарапайым адамдарын да жерлеу рәсімдерін егжей-
тегжейлі суреттейді, олардың ата-баба қабірін
аса қасиеттейтінін, ал мүрдеге семсер мен күнге
құрбан шалатынын баса көрсетеді. (Геродот). Азия
сақтарының рәсімдері туралы жазбаларда одан да
аз. Басқа грек тарихшысы Ктесийдің (б.д.дейінгі
400 жыл шамасы) хабарлауының арқасында ғана
сақтардың өздерінің әйел патшасы Заринаның
табытының үстінен алып қорған орнатқаны және оған
алтын статуя қойғаны белгілі болды. Бұл деректер өте
маңызды, бірақ сақ жерлеу рәсімін қайта елестету үшін
жеткіліксіз. Сондықтан археологиялық деректер зор
маңызға ие болады. Міне, солар ғана ертедегі жерлеу
рәсімінде орын алған мүмкін болған варианттардың
бір көрінісін шамамен объективті түрде жаңғырту
мүмкіндігін береді.
Антропологтардың
айқындауынша,
«Есік»
қорғанында жерленген адам 17-18 жаста болған,
физикалық түрі бойынша ол сақтарға жатады.
Жауынгер киімі де ерекше ынта туғызады. Оның
киімдерін, бас киімін және аяқ киімін 4000 астам
көркемдігі жоғары алтын тоғалар мен табақшалар
әшекейлеген. Есік жауынгерінің киіміндегі жеке
жануарлы, өсімдікті сарындағы барлық тоғалар
күрделі, толық үйлесімді композицияға біріккен. Бас
киімнің оюлы аймағында көп желілі композиция
ерекше айқын және мәнерлі берілген. Егжей-тегжейлі
тоқтамастан, тек құстары отырған өскен ағаштарымен
тау түріндегі табақшалар шеңбері бойынша дөңгелене
орналасу Жетісу үшін соншалықты тән шын мәніндегі
тау пейзажының айқын картинасын жасайтындығына
ғана назар аударамыз. Барыстарымен және
таутекелерімен тау көрінісі желісімен келесі аймақ
тағы да зор әсер қалдырады. Бұл сюжеттерде ойдан,
қиялдан шығарған ештеңе жоқ, шебер күнделікті
өмірден көргендерін, туған тауларының көрінісін
және сонда тіршілік еткен жануарларды бейнелеген.
Бірақ ол жансыз көшірмеші болып қоймаған, көсемнің
салтанатты бас киіміндегі жыртқыш аңдар бейнесінің
семантикасында терең мән мен мазмұн жатыр.
Есік
жауынгерінің
бүкіл
киімі
мұқият
ойластырылған. Ол шебердің сән әдістері мол
құралдарын шығармашылықпен пайдаланғанын,
білімін, іскерлігін білдіреді. Ол үшін жануаралар
бейнелері оюдың үзігі ретінде ғана маңызды емес.
Зооморфтік сарындардың өміршеңдігін өрнектілікпен
үйлесімді үндестік табуы өте күшті көркемдік
тиімділік туғызады. Тіптен Есік өнерінің қияли
желілері, қаншалықты тосын болса да, шыншыл және
өміршең.
Есік қорғанының, сондай-ақ Жетісудың басқа
сақ ескерткіштерінің торевтикасында жыртқыштар
бейнелері пұтнамаларының жалпы ерекшеліктері,
оның шығу тегінің жергілікті екендігін білдіреді және
бұл зергерлік бұйымдар сырттан әкелінген деуге негіз