9-тапсырма:
Түсіп қалған жалғауларды қойып оқы.
1. Қазақстан Республикасы... рәміздері - ..., ..., ... .
2. Ту... орта... шұғылалы күн, аст... қыран құс бейнеленген.
3. Ұлттық өрнек тік жолақ түр.... нақышталған.
4. Күн оның шұғыла... , қыран, ұлттық өрнек бейне... алтын түстес.
10-тапсырма:
Қазақстанның астанасы болған қалаларды ата.
Көкшетау, Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Орынбор, Алматы, Астана, Шымкент.
11- тапсырма
Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің сарасы.
Бітпейді іштегі
Ғашықтың жарасы.
12-тапсырма:
Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.
Адамны..., ананы..., досымны..., алақанны..., ауылды..., інімні..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....
13-тапсырма
Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Біз інім екеуіміз баққа бардық.
2. Айман бесінші сыныпта оқиды.
3. Менің отбасым тату.
4. Отбасыммен ауылга бардық.
5. Әкем бізге балмұздақ сатып алып берді.
14-тапсырма:
Сәйкестендіру тесті.
1. Кім?
|
1. Дос, Ертіс, Байшұбар
|
2. Кімдер?
|
2. Домбыра, гүл
|
3. Не?
|
3. Оқушы , ана
|
4. Нелер?
|
4. Әндер, құстар
|
5. Жалқы есім түрі
|
5. Аналар,аталар
|
6. Жалпы есім түрі:
|
6. Қобыз, ән, құс
|
Достарыңызбен бөлісу: |