Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі" КММ
5-7 сыныптарға арналған
"Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы"
Қостанай қ, 2023жыл
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі" КММ оқу ісінің орынбасары Мурзабекова А.Б.
Құрастырушы-авторлар: Дүйсембаева Г.Т, Садуева К.С., ИбраеваА.С.,Ибраева М.Д.
5-7 сыныптарға арналған Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар жинағы. Құраст: Г.Т. Дүйсембаева., Садуева К.С., А.С.Ибраева., М.Д. Ибраева .- Қостанай, 2023 ж
Бұл тапсырмалар жинағы- оқушылардың сабақта оқу сауаттылығын арттыруға арналған. Тапсырмаларды орындай отырып, оқушының өз ойын жетік жеткізе алуға жол ашады. Жинақта оқушылардың оқу сауаттылықтарын дамытуға арналған әр түрлі тапсырмалар жинақталған.
© Дүйсембаева Г.Т, Садуева К.С., ИбраеваА.С., Ибраева М.Д. 2023ж
© Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласы білім бөлімінің №16 жалпы білім беретін мектебі" КММ
МАЗМҰНЫ
Түсінік хат .....................................................................................
|
4
|
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар 5 сынып ..................
|
5
|
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар 6 сынып ....................
|
25
|
Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуға арналған тапсырмалар 7 сынып ...................
|
38
|
Пайдаланылған әдебиет................................................................
|
55
|
Түсінік хат
Ұсынылып отырған жинақ орыс мектептерінің 5-7 сынып оқушыларына қазақ тілінен оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар. Оқу сауаттылығы – ақпараттың мазмұнын бағалау, түсіну болып табылады. Оқу сауаттылығына қатысты тапсырмаларды орындау барысында мәтіннің негізгі ойын анықтап, оны жалпы мәтінді бөліп алып, өз қөзқарасын дәлелдермен негіздеу қабілеттерін көрсете білуі қажет, сондай-ақ, олар өзінің әртүрлі форматта берілген мәтіндермен жұмыс істей алу қабілетін, ақпаратты біріктіру мен ұғына білу дағдысын және сыни ойлау құзыреттерін көрсете білуі қажет.
Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған.
Қазіргі білім беру жүйесі - оқушыларды оқу сауаттылығы арқылы жазба мәтіндерді түсінуге және қолдана білуге дағдыландыру, мәтіндегі ойды дұрыс айқындауға үйрету, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру мақсаттарында қолданылатын тапсырмалар жинағын құрастыруды міндеттейді.
Бұл жинақ 5-7 сынып оқушыларына арналған тапсырмалардан тұрады, оқушылар үшін өте ыңғайлы. Себебі керекті логикалық жаттығулар туралы мағлұматты оқушы әр оқулықтан іздемей, бір жерден таба алады.
Достарыңызбен бөлісу: |