5-9 сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы


Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесі



бет3/4
Дата20.09.2023
өлшемі24,54 Kb.
#108955
1   2   3   4
Байланысты:
thesis6067

Қазақ тілі пәні бойынша оқу жүктемесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептерде «Қазақ тілі» пәні аптасына 5 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
9-сынып –аптасына 5 сағат, барлығы – 170 сағат.

Оқыту өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде «Қазақ тілі» пәні аптасына 3 сағаттан оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:


9-сынып –аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат.


ІІ. «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ПӘНІ БОЙЫНША БІЛІМ МАЗМҰНЫ


9 - СЫНЫП


І Әлеуметтік-тұрмыстық ая – 54 / 32* сағат.
1. Отбасы тәрбиесі – 28 / 16* сағат.
Тілдік бөлім: Тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мәні. Кейінгі ықпалды қайталау.
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.


Қатысымдық- сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Мәтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді түсіну және қолдану.
Оқылым. Қазақ отбасы туралы мәтіндерді дұрыс оқу және түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге әсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу.
Айтылым. Қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту.
Жазылым. Өзара байланысты қысқа мәтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін мәліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу.
Тілдесім. Қазақ отбасы жайындағы сұқбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мәлімет.
Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.
Отбасы тәрбиесі туралы қысқа мәтіндер, өлеңдер.


2. Қазақ отбасында тұру – 26 / 16* сағат.


Тілдік бөлім: этнолингвистикалық атаулар. Көмекші есімдер.
Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет