5 «А» сынып жиналысының №1 хаттамасы
06.09.2022 Барлығы 21
Қатысқаны 14
Күн тәртібінде
5 «а» сыныптың жаңа оқу жылындағы өзгерістермен таныстыру;
Жаңа тағайындалған сынып жетекшімен таныстыру.
Киім үлгісінің өзгеретіні туралы хабар.
Ата- аналардың комитетін тағайындау.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі А. Маханбетярова 2022-2023 оқу жылындағы өгерістер, сыныптың келген, кеткен оқушылары туралы хабарлап айтты.Осы оқу жылында оқушылардың білім деңгейін көтеруді негізге алды.
Жаңа киім үлгісінің бағасы, түрі,түсі көрсетілді.
Оқушылар мектеп формасын қатаң түрде сақтайды, оқу құралдарын әкеледі.
Сонымен қатар, сынып жетекшісі жаңа оқу жылында тәртіптерінің қадағаланатынын, оқу үлгерімінің жақсарту керектігін айтты.
5 «а» сынып ата аналарының құрамын ортадан сайлап бекітті.
Комитет құрамы:
Төрайымы: А.Құлтасова
Хатшысы : Б. Байжігіт
Мүшелері: Ш. Жетпісова
С. Моминова
Қаулы:
Оқушылардың жаңа формаға ауысуы міндеттелсін;
Оқушылардың форманың сақталуы міндеттелсін.
Хатшы Б. Байжігіт
7 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы № 2
24.10.19 ж. Барлығы 11
Қатысқаны 6
Күн тәртібінде:
І тоқсан қорытындысы. Сыныптың сабаққа қатынасы туралы.
Балалардың күзгі демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және ата аналардың өз балаларының қауіпсіздігіне жауапты болуы туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Омаргазин Е.А сыныптың білім сапасы мен үлгерімі туралы ақпаратпен таныстырды. Жалпы білім сапасы 55% - ды құрайды. Жоғарылау динамикасы қазақ әдебиеті, тарих, орыс тілі пәндерінен байқалады. Сынып жаңартылған білім мазмұнына әлі өткен жоқ, сондықтан бағалау жүйесі бұрынғы тәртіпте жүргізіледі. Оқушылар жыл басында негізгі мектепті бітретіні және аттестат латыны туралы хабардар болатын, сондықтан сабаққа дайындық динамикасы жақсы.
Сабаққа қатынасы жақсы, себепсіз сабақ қалдырған оқушы жоқ.
ата аналар оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Жарыс сөзге ата аналар шығып, өз пікірлерімен бөлісті. Сынып жетекші жыл басынан бері сабақты денсаулығына байланысты қалдырған оқушылардан Багдатов Т.,Муратова А. Алтынбеков Қ. атап кетті, себепсіз сабақты көп қалдарыған оқушы жоқ. Сабаққа ынталы дайындық жасап жүрген оқушылар аталып өтті: Оразкен А, Турсынов Е.Тоқсан бойы тәртіп бұзған Алтынбеков Қ.Б жайлы ескертулер айтылды, сынып оқушылары өз ара тіл табысып ауызбіршілікті мектеп өміріне қатысып жүр.
Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі күзгі демалыс кезінде оқушылардың өмір қауіпсіздігі туралы баяндады. Бүгінгі таңда болып жатқан әр түрлі келеңсіз оқиғалардың алдын алу, балалардың бос уақытта немен айналысатынымен хабардар болу керек. Әрбір ата ана өз баласының өміріні қауіпсіздігіне жауапты екендігін ұмытпауы қажет. Мектепте, әрине, мұғалімдер оқушылардың осындай жағдайға тап келмеуін қадағалайды.
Қаулы:
Ата аналар күзгі демалыс кезінде өз балаларының өмірін қорғауға жауапкершілігі міндеттелсін.
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасы мен дайындығын қадағаласын.
Хатшы Айтчанова Г.М
8 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы
15.09.17ж. Барлығы 28
Қатысқаны 24
Күн тәртібінде
Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы.
Оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Н.Кылышбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылы14 қаңтардағы №26 бұйрығымен таныстырды. Онда орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойлатын талаптарды атап өтті.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі;
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып белгіленеді;
Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік және күнделікті жейде, (қысқы мезгілде трикотаж жейде немесе водолазка). Ұлдардың шалбары еркін тігліген, тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайлар, оқу сабақтарының өткізілуі және оқу ғимараттарындағы температуралық режим ескерілсін.
Екінші сұрақ бойынша сыныптың ата аналар комитеті төрайымы Кулханова С. оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Сынып жетекші жыл басынан бері сабақты көп қалдырған оқушылардан Нурмурат Н., Зулхаров Н. ата аналарынан жауап алды. Сабаққа ынталы дайындық жасап жүрген оқушылар аталып кетті Олломова Д., Жулдасов О., Абдуразак Н., Инаятова А..
Қаулы:
Ата -аналар балаларын мектеп формасымен міндетті түрде қамтамасыз етсін;
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасы мен дайындығын қадағаласын.
Хатшы Баялиева М.
8 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы № 3
05.10.17ж. Барлығы 28
Қатысқаны 20
Күн тәртібінде:
Балалардың биік ғимараттардың терезелерінен, балкондарынан және шатырларынан құлауымен байланысты жағдайлардың алдын алу туралы.
Оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Н.Кылышбаева ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылы 25 қыркүйектегі №01-32 78 хатымен таныстырды. Онда Балалардың биік ғимараттардың терезелерінен, балкондарынан және шатырларынан құлауымен байланысты жағдайлардың алдын алу туралы айтылған. Соңғы екі жыл іщінде ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен келіп түскен хабарламаларға сәйкес ағымдағы 8 айға жазатайым оқиғаларды саны 24 % ға өскенін көрсетті, ал балалар өлімі өткен жылғыдан екі есе көбейді. Осыған орай, көрсетілген фактілер бойынша ата аналар балалардың құлау себептерінің алдын алу іс шараларын: терезелерге қорғаныш құлыптар қою, балаларды қараусыз қалдырмау, т.б. қажеттілігін қамтамасыз ету тиіс. Әрбір ата ана өз баласының өміріні қауіпсіздігіне жауапты екендігін ұмытпауы қажет. Мектепте, әрине, мұғалімдер оқушылардың осындай жағдайға тап келмеуін қадағалайды.
Екінші сұрақ бойынша сыныптың ата аналар оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Сынып жетекші жыл басынан бері сабақты көп қалдырған оқушылардан Нурмурат Н., Зулхаров Н. ата аналарынан жауап алды. Сабаққа ынталы дайындық жасап жүрген оқушылар аталып кетті Олломова Д., Жулдасов О., Абдуразак Н., Инаятова А..
Қаулы:
Ата -аналар балаларының биік ғимараттардың терезелерінен, балкондырдан және шатырлардан құлау жағдайларының алдын алуын қамтамасыз етсін;
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасы мен дайындығын қадағаласын.
Хатшы Баялиева М.
8 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы № 4
29.09.17ж. Барлығы 28
Қатысқаны 20
Күн тәртібінде
Балалардың мектепке ұялы телефон, планшет алып келуіне тыйым салу туралы.
Оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Н.Кылышбаева аудандық білім бөлімінің 2017 жылы 13 қыркүйектегі №1-29-4-03/3504/И хатымен таныстырды. Онда орта білім беру ұйымдарына балалардың ұялы телефон, айфон, планшет тағы басқа құрылғыларды алып келуге тыйым салынғандығы алу туралы айтылған. Әкімшілік және ішкі істер бөлімінің жас өспірімдер бойынша инспекторлар сабақ үстінде ұялы телефон, планшет пайдалану жағдайларын тексеру мақстаныда рейдтер жүргізеді. Сынып оқушыларына сынып жетекші ретінде ескерту жасалды. Егер де рейд кезінде ұялы телефондарын тәркілеген жағдайда сынып жетекші оған жауапты болмайды. Және де бөгде адамдардың тарапынан ұрлық жасалса да жауап бермейді. Сондықтан ата аналар өз балаларына ұялы құрылғыларды мектепке алып келмеуін және қауіпсіздік шараларын қолдануды қамтамасыз ету қажет.
Екінші сұрақ бойынша сыныптың ата аналар оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Сынып жетекші жыл басынан бері сабақты көп қалдырған оқушылардан Нурмурат Н., Зулхаров Н. ата аналарынан жауап алды. Сабаққа ынталы дайындық жасап жүрген оқушылар аталып кетті Олломова Д., Жулдасов О., Абдуразак Н., Инаятова А.. Сонымен қатар, Қалмырза М. тәртібі туралы айтылды. Ата анасына ескерту жасалды.
Қаулы:
Ата -аналар балаларына ұялы құрылғыларды мектепке алып келмеуін қамтамасыз етсін;
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа қатынасы мен дайындығын, тәртібін қадағаласын.
Хатшы Баялиева М.
9 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы № 1
20.09.18 ж. Барлығы 29
Қатысқаны 20
Күн тәртібінде
Жаңа оқу жылының міндеттері мен орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы.
Оқушылардың сабаққа қатынасы, дайындығы және тәртібі туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Н.Кылышбаева биылғы оқу жылында оқушылардың негізгі мектепті бітіретіні себебі, ОЖСБ-ға және қорытынды аттестаттауға дайындықты жүйелі түрде жүргізу қажеттілігі туралы айтты. Әрбір оқушы негізгі мектепті бітіргеннен кейін аттестаттқа ие болады. Оқушылар сабаққа жүйелі дайындалып, өз бетінше жұмыс жүргізіп, ізденіс үстінде болып, пәндерден қосымша сабақтарға дайындық жасау қажет. Сонымен қатар, орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойлатын талаптарды атап өтті.
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі;
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып белгіленеді;
Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік және күнделікті жейде, (қысқы мезгілде трикотаж жейде немесе водолазка). Ұлдардың шалбары еркін тігілген, тобықты жауып тұрады.
Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, күнделікті және мерекелік жейде, (қысқы мезгілде трикотаж жейде, сарафан, водолазка).
Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдайлар, оқу сабақтарының өткізілуі және оқу ғимараттарындағы температуралық режим ескерілсін.
Екінші сұрақ бойынша сыныптың ата аналар оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сабаққа кешігіп келу, себепсіз қалу сияқты жағдайларды болдырмауда ата аналардың орны маңызды. Мектеп тарапынан кітапханадағы оқулықтар жеткенінше таратылды.
Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделенді. Таңдау және негізгі пәндері бойынша қосымша дайындық жүргізіп, пән мұғалімдерімен тығыз байланыста болуы керектігі айтылды.
Қаулы:
Ата -аналар балаларын мектеп формасымен қамтамасыз етсін және ұялы құрылғыларды мектепке алып келмеуін қадағаласын;
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті сабаққа және қосымша сабақтарға қатынасы мен дайындығын, тәртібін қадағаласын.
Хатшы Аманғазиева А.
9 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы № 3
11.01.19 ж. Барлығы 29
Қатысқаны 22
Күн тәртібінде:
9 - сынып бітірушілерінің ОЖСБ- ға дайындық деңгейі мен таңдау пәндері туралы.
ОЖСБ - ға қосымша сабаққа қатысу туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Н.Кылышбаева биылғы жылы 9 сыныптың ОЖСБ ға дайындығы туралы айтты. Сынып жаңартылған білім мазмұнына әлі өткен жоқ, сондықтан бағалау жүйесі бұрынғы тәртіпте жүргізіледі. Оқушылар жыл басында негізгі мектепті бітіретіні және аттестат латыны туралы хабардар болатын, сондықтан сабаққа дайындық динамикасы жақсы. Әр оқушы кәсіпке бағдарлау бойынша ақпарат алады. Мамандығына негізделе отырып, олар екі таңдау пәнін таңдау қажет.
Сынып жетекшісі оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Жарыс сөзге ата аналар шығып, өз пікірлерімен бөлісті.
Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі қорытынды аттестаттау мен ОЖСБ ға пән мұғалімдері жасалған жоспарға сәйкес кесте түзіп, қосымша сабаққа оқушыларды сабақтан бос уақытта ұйымдастырады. Ата аналар өз кезегінде балаларының қосымша сабаққа уақытында қатысуын қамтамасыз етуін өтініш етті. От басында балалардың мектептегі табыстары туралы, жеткен жетістіктері мен кемшіліктері туралы әңгіме жүргізіп тұру қажеттілігін айтты.
Қаулы:
Ата- аналар балалардың ОЖСБ- ға дайындығын қадағаласын.
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті қосымша сабаққа қатынасы мен дайындығын қадағаласын.
Хатшы Аманғазиева А.
9 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы № 4
15.03.19 ж. Барлығы 29
Қатысқаны 22
Күн тәртібінде:
Оқушылардың ІІІ тоқсандағы білім сапасы мен үлгерім деңгейі туралы.
ОЖСБ - ға қосымша сабаққа қатысу туралы.
Көктемгі дем алыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Н.Кылышбаева ІІІ тоқсанның қортындысы туралы айтты. Сыныптың білім сапасы төмендеді 32% (2 тоқсанда 38%) құрады, Кемалов Ж., Кемалова Д. биология, география пәндерінен білімі төмендеді. Оқушылардың сабақ оқуға деген ынтасы, дайындығы, жауапкершілігі төмендеді. Осыған ата аналардың назарын аудару қажеттігін айтты. Бұл жағдайға себептердің бірі телефонды беймезгіл пайдалану, бос уақытта сабақ дайындауға ынтасының жоқтығы, ата ана тарапынан бақылаудың әлсіздігі себеп болып тұр. Пән мұғалімдері де осындай жағдай туралы айтып отыр. Сынып жетекшісі оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты, балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Жарыс сөзге ата аналар шығып, өз пікірлерімен бөлісті.
Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі қорытынды аттестаттау мен ОЖСБ ға пән мұғалімдері жасалған жоспарға сәйкес кесте түзіп, қосымша сабаққа оқушыларды сабақтан бос уақытта ұйымдастырады. Ата аналар өз кезегінде балаларының қосымша сабаққа уақытында қатысуын қамтамасыз етуін өтініш етті. От басында балалардың мектептегі табыстары туралы, жеткен жетістіктері мен кемшіліктері туралы әңгіме жүргізіп тұру қажеттілігін айтты.
Үшінші сұрақ оқушылардың көктемгі демалыс күндерін ұйымдастыру және қауіпсіздік ережелерін ұстау туралы айтылды. Ата аналар демалыс кезінде балаларының қауіпсіздігі үшін, беймезгіл кезде көшеде жүрмеуіне, орынсыз қыдыруға және жұмыс істемеуіне жауапкершілігі жүктелді.
Қаулы:
Ата- аналар балалардың сабаққа қатынасын, үлгерімін және ОЖСБ- ға дайындығын қадағаласын.
Көктемгі демалыс күндері өмірінің қауіпсіздігі мен бос уақытын қадағалау жүктелсін.
Хатшы Аманғазиева А.
9 «А» сынып ата-аналар жиналысының хаттамасы № 5
10.04.19 ж. Барлығы 29
Қатысқаны 22
Күн тәртібінде:
9 - сынып бітірушілерінің оқу жылын аяқтау және қорытынды емтихан туралы бұйрықпен таныстыру.
Дайындық деңгейі мен таңдау пәндері туралы.
Қосымша сабаққа қатысу туралы.
Бірінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі Н.Кылышбаева биылғы жылы 9 сыныптың негізгі мектепті бітіруіне байланысты оқу жылының аяқталуы және қорытынды емтихан өткізу туралы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2019 жыл 1 ақпандағы №53 бұйрығымен ата аналарды таныстырды. Оқушылар жыл басында негізгі мектепті бітіретіні және аттестат латыны туралы хабардар болатын, сондықтан сабаққа дайындық динамикасы жақсы. Әр оқушы кәсіпке бағдарлау бойынша ақпарат алады. Мамандығына негізделе отырып, олар таңдау пәнін таңдады.
9 сыныптардың білім алушылары қортытынды аттестаттауды мынадай мерзімдерде тапсырады:
таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, тарих, әдебиет, шет тілі, информатика) ауызша емтихан – 2019 жыл 27 мамыр
қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі – 2019 жыл 30 мамыр
ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2019 жыл 3 маусым
математикадан жазбаша емтихан – 2019 жыл 6 маусым
Екінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі оқушылардың сабаққа қатынасы және дайындығы туралы ата аналармен пікір алмасты. Сынып жетекшімен балалардың білім алу жағдайын зерделеді. Жарыс сөзге ата аналар шығып, өз пікірлерімен бөлісті.
Үшінші сұрақ бойынша сынып жетекшісі қорытынды емтихан мен ОЖСБ ға пән мұғалімдері жасалған жоспарға сәйкес кесте түзіп, қосымша сабаққа оқушыларды сабақтан бос уақытта ұйымдастырады. Ата аналар өз кезегінде балаларының қосымша сабаққа уақытында қатысуын қамтамасыз етуін өтініш етті. От басында балалардың мектептегі табыстары туралы, жеткен жетістіктері мен кемшіліктері туралы әңгіме жүргізіп тұру қажеттілігін айтты.
Қаулы:
Ата- аналар балалардың емтиханға дайындығын және емтихан кезінде ережелерін ұстануын қадағаласын.
Өз тарапынан оқушылардың күнделікті қосымша сабаққа қатынасы мен дайындығын қадағаласын.
Хатшы Аманғазиева А.
Достарыңызбен бөлісу: |