Сабақ №1 Тақырыбы: Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері. Жоспары: Зерттеу жоспары



Дата03.05.2023
өлшемі19,32 Kb.
#89575
түріСабақ

Практикалық сабақ № 1
Тақырыбы: Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориялық негіздері.
Жоспары:

  1. Зерттеу жоспары

  2. Әрбір бөлімге жекелей сипаттама

  3. Қолданылатын зерттеу әдістері

Пәннің мақсаты: білім алушы студенттерге бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мақсаты мен міндеттерінің жалпы сипаттамасын беру. Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың мазмұнымен танысу. Бастауыш мектепте еңбекке баулудан білім берудің оқу құралдарын тану.
Пәннің міндеттері: Курстың негізгі міндеті - Магистранттың кәсіби дайындығының қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратындай сапалық деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Дербес әдістемелік пәндерді оқытудың қазіргі заманғы технологиялары жағдайында дұрыс бағдар ұстануға, оларды еркін бейімделген тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу мақсатында шығармашылықпен қолдана білуге үйретуі тиіс Жоғары оқу орындарындағы дербес әдістемелік пәндердің теориялық негіздерін оқып үйрену; жоғары оқу орнындағы оқыту барысы.

  • Жоғары оқу орындарында қалыптасқан дәстүрлі әдістемелік тұжырымдамаларды оқып үйрену;

  • Магистранттарды жоғары оқу орындарындағы оқытудың қазіргі заманғы технологияларымен таныстыру;

  • дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысын ұйымдастыра білулері, студенттерді белсенді оқу-танымдық қызметке жұмылдыра алулары, студенттермен жүргізілетін оқу әдістемелік жұмыстарды жобалай білулері, студенттердің іс-әрекетін бақылап, есепке ала және бақылай алулары, сондай-ақ озат педагогикалық тәжірибені талдай және жинақтай білулері керек.

  • Қысқаша теориялық мәліметтер:

Бұл курс магистрантқа қазіргі заманғы әдістемелік ғылымның теориялық қағидаларын тереңірек түсініп, меігеруге көмектеседі. .
Курстың пәні: 6М010200-“Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі” мамандығы бойынша Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарына сәйкес магистранттың дербес әдістемелік пәндерді оқытудың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.
Курсты оқып-үйрену әдістері: ғылыми-педагогикалық әдебиетті, оқу бағдарламаларын, оқу құралдары мен оқулықтарды теориялық тұрғыдан талдау, педагогикалық эксперимент, озат педагогикалық тәжірибені бақылау, оқып-үйрену және жалпылау, әңгіме, анкета, тест және т.б.
Бұл реттіліктегі оқу материалдарының ерекшелігі, мұғалімнің жұмысты дұрыс ұйымдастыруға өзіндік нұсқау беретіні. Мәселен, пәнаралық байланыста:
- математика: тік және тура бұрыштар жайында түсінік;
- айналамен танысу: бөлме өсімдіктерінің тіршілік жағдайы. Адам еңбегін жеңілдететін тасымалдау машиналары;
- бейнелеу өнері: тура бұрышты пішіндер жайында түсінік және олардың белгілері; біркелкі заттарды өзара байланыстыра отырып, нақтылы белгілеу сияқты оқу материалдары мен іс-әрекеттер қарастырылады.
Бұл мағлұматтар оқушылардың басқа пәндерден алған білімдерін сабақтастыру, оқушы білімінің тұтастығын түзу үшін мұғалімге нұсқау ретінде беріледі.
Ал ауылшаруашылық жұмыстары көбінесе білім беру ұйымымен анықталатын пәндер тізбегі арқылы белгіленеді. Аталған пәннің белгіленуі бастауыш мектептерде ауылшаруашылық еңбегін оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. Бағдарламаның ерекшелігі ретінде: топсеруеннің көрсетілуін, көрнекіліктердің берілуін айтуға болады
Еңбекке баулудан берілген білім, білік, дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптарды зерттеу. Бақылау түрлері және еңбекке баулуды оқыту нәтижелерін диагностикалау.
Еңбекке баулудан берілген білім, білік, дағдыларға әрбір оқу жылының соңындағы бағдарламалық талаптарды зерттеу. Бақылау түрлері және еңбекке баулуды оқыту нәтижелерін диагностикалау.
Бақылау сұрақтары:

  1. Бастауыш мектеп курсын бастауыш мектепте еңбекке оқыту теориясы және технологиясы оқытудағы білімділік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттері.

  2. Дамыта оқыту жағдайында бастауыш сыныптарға арналған бейнелеу өнері оқушыларының дидактикалық негіздері.

  3. Еңбекке оқыту бастауыш мектепке арналған оқу-әдістемелік топтаманы қолданудың теориясы мен тәжірибесі.

  4. Аудитория орындалатын тапсырмалар:

  1. Көркем еңбек пәнінің теориялық негіздерін оқып үйрену; жоғары оқу орнындағы оқыту барысы.

  2. Студенттермен оқу әдістемелік жұмыстарды жүргізу.

Үй тапсырмасы: Көркем еңбек пәні боойынша қолданылатын оқыту технология мен әдіс-тәсілдер жазып алып келу.Осы пән бойынша сабақ жоспарын құру.
Пайдаланатын әдебиеттер:
1. ҚР Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім.- А., 2003.
2. «Еңбекке баулу» бағдарламалары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2003.
3. «Еңбекке баулу» оқулықтары (1,2,3,4- сыныптар).- А., 2001-2004.
4. Әміргазин Қ.Ж. Қазақ қолөнері.- А., 2004.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет