Байланысты: ӘДЕБИЕТ ТАРИХ 3 КУРС ҚЫСҚАСЫ, 5 ТАҚЫРЫП
Башқұрт халқының талантты ақыны Шәйхзада Бабичтің таңдамалы шығараларына жазған алғы сөзінде филология ғылымдарының кандидаты, доцент, белгілі ғалым Ә. Харисов Шәйхзада Бабичтің Абай туралы айтқандарынан өте құнды фактілер келтіреді. Абайдың қазақ әдебиетінде салған жаңа жолы, соны арнасы барлығына ешкім күдік келтірмейді. Абайды қазақ әдебиетінің классигі деудің өзі әдебиетімізде Абайдың салып кеткен үлгісі болғандығын, ол үлгіні кейінгі ақындар өздеріне өнеге еткендігін көрсетеді.
Жазба әдебиет өкілдерінен Ақылбай, Мағауия, Шәкәрiм, халық ақыны Сапарғалилар-Абайдан тікелей тәрбие алған адамдар. Олардың әрі идеялық жақындықтары, әрі көркемдік әдіс-бірліктері Абаймен тамырлас. Абай өлеңдерінің жинағы бірінші рет 1909 жылы баспа жүзін көріп, әдебиет жұртшылығы ұлы ақынымыздың творчествосымен молырақ танысуға мүмкіндік туды. Абайдың қазақтың өлең құрылысына жасаған новаторлығы-оның тарихи ұлы еңбегінің негізгі бір саласы. Абай өз кезіндегі алдыңғы әлеуметтік ой-сананың жиынтығы, қазақтың өлең құрылысына новаторлық жасады десек, қазақтың әдебиет тілін дамыту, байытып, ілгерілітуде де осы пікірді айтамыз.