5. Биология ғылымының салаларын айтып беріңіз. Негізгі арасында биология бағыттары



бет8/18
Дата25.01.2023
өлшемі1,8 Mb.
#62744
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
Байланысты:
калган ответ биозн

Өсімдіктер селекциясы
Өсімдіктер селекциясындағы жетістіктер алынған материалдың генетикалық алуантүрлілігімен байланысты: алынған материал неғұрлым алуан түрлі болған сайын, сол арқылы жаңа сорттар түзуге көптеген мүмкіндіктер береді.
Мәдени өсімдіктердің әлемдік генофондын кеңейту мақсатында атақты орыс генетигі және селекционері Н.И.Вавиловпен мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтауы үлкен көмегін тигізеді. Н.И. Вавиловпен 7 негізгі орталықтар бөлініп алынған болатын. Олардың көпшілігі ежелгі әлемдік жер игеру ошақтарымен сәйкес келеді.
Шығу орталықтарында мәдени өсімдіктердің алуан түрлі жабайы ататектері сақталған және сәйкес түрлердің гендері толығымен көрсетілген. Бұл жерде жаңа сорттар шығаруға мүмкіндік беретін формаларды табу мүмкіндігі жоғары, олар қоршаған ортаның қолайсыз шарттарына, ауруға төзімді және шаруашылық құнды қасиеттерге ие.
Алынған формаларды мақсатқа сай сұрыптау үшін Н.И.Вавиловпен анықталған тұқымқуалаушылық гомологиялық қатарлар заңының маңызы зор. Бұл заңның мәні генетикалық жақын туыстар мен түрлер бірқатар тұқымқуалаушылық өзгергіштіктердің бір болуымен сипатталады. Осылайша, бір түрдің тұқымқуалаушылық өзгергіштігін біле отырып, жақын түрлер мен туыстарда бола алатын өзгергіштіктерді анықтауға болады.
Гомологтық қатарлар заңы бірқатар практикалық маңызға ие, себебі бір түрде кездеспейтін шаруашылық маңызды белгілерді өзге түрлер мен туыстар арасынан селекция жолымен алуға мүмкіндік береді. Жаппай және жеке дамумен қатар, өсімдіктер селекциясында үлкен мағынаға ие болған гибридизация әдісі кең таралған.
Өте құнды сорттар алыс гибридизация әдісімен алынған, яғни түрлі түрге жататын өсімдіктерді будандастырғанда өзге де кездеспейтін қасиеттер мен белгілерге ие болатын. Будандасуға адам үшін өте қажетті әрі пайдалы формалар іріктеліп алынған болатын. Нәтижеде гибридтердің жартысында екі ата-анасынан да пайдалы қасиеттері алынған болатын.
Алғаш рет Ресейде алыс гибридизация әдісін қолданған И.В.Мичурин болатын. Ол осы әдіс көмегімен 100-ден астам жаңа сорттар шығарды. Онымен шабдалы және өрік, черешня және шие, алмұрт және долана, асқабақ пен қауын, қауын және қарбыз арасындағы гибрид алынған болатын.
Жұмыс барысында Мичурин систематикалық жағынан алшақ болып келетін өсімдіктерді будандастыруда бірқатар амал-тәсілдер қолданған болатын. Мысалы, гибридизация барысында онымен жиірек бірінші гүлденудің жас гибрид өсімдіктер пайдаланылады, олар бірнеше түрлердің тозаңдарының қоспасымен бірнеше күндер бойында тозаңдандырылған. Көп жағдайда ол будандастырылатын өсімдіктердің вегетативті жақындасуын жүргізген болатын, жас өскіндерді ересек ағаштың бөрікбасына шаншып орналастыратын. Бірнеше жылдардан соң орналастырылған және орнында тұрған өсімдіктер бір-бірінің тозаңдарын қабылдауға көшеді. Алыс формалар арасындағы будандаспаушылықты жою мақсатында И.В.Мичурин қосымша көмекшілер әдісін де ойлап тапты, оны шабдалының Ресейдің орталық бөлігінің суығына төзімді сортын жасап шығаруда қолданған болатын. Алдымен, ол мәдени шабдалыны жабайы миндальмен будандастырмақшы болған, бірақ сәтсіздікке душар болады. Сол кезде Мичурин моңғол миндалін жартылай мәдени американдық Давид шабдалысымен будандастыру жүргізеді. Алынған гибридтің гүлдері оңтүстік шабдалысымен ұрықтандырылып, 20 % түйін береді.
В.И.Мичурин анықтағанындай, оңтүстік формаларын жергілікті сорттармен будандастырғанда, гибридтер бойында жергілікті сорттарға тән, гендердің доминантты аллельдерімен байланысты белгілер пайда болады, ол белгілер жергілікті ортаға жақсы бейімделуін қамтамасыз етеді. Гибридтер қалыптастыруда ата-аналарының бірдей тұқымқуалаушылық факторларының үлесі болуы үшін И.ВМичурин географиялық бір-бірінен алшақ орналасқан формалардың гибридизациясын қолданған болатын.
И.В.Мичурин гибридтерді тәрбиелеуде өзінің үлкен үлесін сіңірген және оны өзінің жаңа сорттарын шығаруда қолданған болатын. Ол доминанттылықтың пайда болуы қоршаған орта әсерінен орын алатынын дәлелдеп шықты және доминанттылықты басқаруға болатын бірнеше тәсілдерді де ұсынды. Олардың бірі «ментор әдісі» саналады, оның мәні шаншу арқылы гибридтің бойында ата-аналардың біреуінде бейімделу қабілеті арта түседі. Жиірек бір сортты жасауда В.И.Мичурин бірнеше менторларды қолданған. Осылайша, алманың жоғары сапалы сорттары – Кандиль-китайка және Бельфлер-китайка жасап шығарылды.
В.И.Мичурин көп жағдайда вегетативті гибридизацияны гибридті өскіндерді тәрбиелеуде ғана қолданып қойған жоқ, сондай-ақ сорт шығарудың негізгі тәсілі ретінде пайдаланады. Осы әдіспен Бергамот Ранеті құрылған болатын, ол алмұрт пен алманың гибриді. Түраралық гибридтер әдетте ұрпақсыз болып табылады, себебі олардың геномында әр түрлі хромосомалар орналасқан, олар мейоздағы коньюгацияға қабілетсіз болып табылады. Бұндай гибридтердің стерильділігін олардың хромосомалар санын екі еселеу арқылы қол жеткізуге болады, демек амфиплоидтар алу арқылы қол жеткізеді. Мысалы, осы әдіспен арпа және бидай арасындағы полиплоидты гибридтер алынған болатын (тритикале). Алыс гибридизация әдісімен, сонымен қатар мақта, сұлы, пісте, күріш және т.б. құнды сорттары алынған болатын.
Өсімдіктер селекциясының қарқынды түрде дамуына, сонымен қатар клеткалық және гендік инженерияның әдістерін қолдану үлкен мүмкіндіктер туғызады, жеке өсімдік клеткаларын өсіру арқылы оларды жасанды қоректік орталарда өсіру арқылы толыққанды өсімдіктер қалыптастыра алады. Мысалы, осындай қасиетке картоп, қырыққабат, томат, цитрус және т.б. өсімдіктердің клеткалары қабілетті болып келеді. Бұл сұрыптауға толық бір өсімдікті емес, оның тек қана бір бөлігін ұшыратуға қабілетті. Ары қарай осындай шаруашылыққа маңызды клеткалардан бүтін өсімдікті жандандыруға болады.
Селекцияда кең қолданылатын клеткалық инженерияның кең қолданыс тапқан әдісінің бірі гаплоидтар әдісі болып табылады. Микроспораларды культивирлей отырып ұрықтанбаған гибридтің жұмыртқа клеткаларынан гаплоидты өсімдік алуға болады, олардың диплоидтылығын қалпына келтірген соң, таза линиялар қалыптасады. Таза линиялар қалыптасуына инбридингпен салыстырғанда 3-4 есе аз уақыт жұмсалады.
Өсімдіктер селекциясында гендік инженерияның әдістерін қолдану, олардың пайдалы қасиеттері бір генмен басқарылатын болса, тиімді болады.
Ген инженериясы әдістері көмегімен картоптың колорад қоңызы зақымдай алмайтын сорты жасалды. Ұзақ уақытқа сақталынатын трансгенді томаттар және тұқымдары жоқ томаттар жасалды. Сүйексіз трансгенді жемістер де алынды (шие, цитрус жемістері). Құрғақшылыққа, төменгі температураларға, жоғары сорлануға және топырақтың қышқылдылығына тұрақты бола алатын өсімдіктердің трансгендік сорттарын алу жөніндегі жұмыстар да өз мақсатына жетіп қалады.
Гендік инженерлік әдістерді қолдана отырып, өсімдіктер селекциясындағы қарқынды бағытталған гендерді алмастыру, азот фиксациясын анықтаушы, демек түйнек бактерияларынан топырақ микроорганизмдеріне қарай тасымалдау. Бұл мақсатты орындау топыраққа бидай, күріш және өзге де ауылшаруашылық құнды дәнді дақылдарды егу барысында көп мөлшерде азоттық тыңайтқыштарды қолдануға жол берілмес еді.
49 Микроағзаларды зерттеу әдістерікөрсетіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет