7.3.2.1 Python программалау тілінде тармақталған алгоритмдерді жазу.
Сабақтың мақсаты
Барлық оқушы үшін: есептің программасын құрастыру кезеңдерін біледі.
Оқушылардың көбі үшін: программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұратынын біледі.
Кейбір оқушылар үшін:проблеманы қоюды немесе бастапқы деректерді өңдейді.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
2 мин.
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, түгендеу.
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
«Шаттық шеңбері» әдісіОқушылар шеңбер бойымен тұрып бір-біріне тілек айту арқылы, бір-бірінің көңіл күйін көтереді. Мысалы: Сен бүгін ерке сұлусың!
Топтастыру Кәмпиттер арқылы 2 топқа бірігеді. Оқушыларға кәмпиттер таратылады және кәмпит түрлеріне қарай топтасады.
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі Алдыңғы білім мен бүгінгі сабақты байланыстыру мақсатында төменде берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақтар топтамасы интербелсенді тақтадан көрсетіледі.
Pythonда тармақталған алгоритмдерді пайдаланып есеп шығару үшін бастапқы мәселені қалай қалыптастыруға болады?
Есептің моделі дегеніміз не?
Есептің моделін құру үшін қандай білім қажет деп ойлайсың?
Программа өңдеудің кіріктірілген ортасында есептерді шешу қандай кезеңдерден тұрады деп ойлайсың?
Бағалау Оқушылар бір-бірін «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».
5 мин.
Жаңа сабаққа кіріспе «ДЖИГСО» әдісі (Т) Топтарға оқулықтан жаңа сабақтың мәтіні бөліп беріледі.
Арнайы белгіленген уақыт ішінде мәтінді оқып шығады. Кейін топтар арасында жаңа ақпаратпен таныстыру, ой бөлісу жұмысы жалғасады.
Дескриптор: - Берілген мәтінді оқиды.
- Топ ішінде өзара талқылау жүргізеді.
- Топтар арасындағы түсіндіру, жеткізу, баяндау жұмысында белсенділік танытады.