5 Дәріс. Бизнес жоспар бөлімдері
Инвестициялық жоспар
Тәуекелдерді талдау
Қосымшалар
Инвестициялық жоспар
Инвестициялық жобаны жүзеге асырудың қаржылық нәтижесі (пайда бойынша жоспары) өндірілген өнімді сатудан түскен түсімдердің бөлінуін, тоқсандар мен жылдар бойғы таза пайданың көлемін көрсетеді.
Инвестициялық жобаның тиімділігін анықтаудың бастапқы деректері болып ақша түсімдері мен төлемдер жоспарының деректері табылады. Жобаны іске асырудың алғашқы екі жылы бойынша көрсеткіштер тоқсан бойынша бөлінумен көрсетіледі. Жобаның іске асырылатынының басты шарты болып әр уақыт интервалындағы ақша ағынының оң мәні табылады.
Инвестициялық жобаның тиімділігі таза дисконтталған кіріс көрсеткіштері кірістілік индексі, кірістіліктің ішкі нормалары, өтемділік мерзімі, залалсыздық межелі, бюджеттік әсер бойынша бағаланады.
Тәуекелдерді талдау
Тәуекел түрлері, олардың пайда болу себептері, ықтимал залал. Тәуекелдердің алдын алу шаралары. Тәуекелдерден сақтандыру және сыртқы сақтандыру бағдарламалары. Бөлімнің мақсаты-көздері мен себептері бойынша тәуекелдерді талдау. Тәуекелдің алдын алу механизмін, қарсы тұру түрлері мен шарттарын іздеу.
Әрбір жаңа жобаның жолында соның жүзеге асырылуына қауіп төндіретін белгілі түрдегі қиындықтар кездесіп отырады. Кәсіпкер үшін мұндай қиындықтарды алдын-ала болжап және соларды жеңу стратегиясын алдын-ала әзірлеп қою өте маңызды.
Бизнес үшін тәуекелдермен байланысты болып келетін басты жағдайлар қарапайым және объективті түрде көрсетілуі тиіс. Қауіп-қатер бәсекелестерден, маркетинг пен өндірістік саясат саласындағы қате есептеулерден, басқарушы мамандарды іріктеудегі қателіктерден туындап отыруы мүмкін. Сондай-ақ техникалық прогресс те қауіпті болуы мүмкін, ол кез келген жаңа өнертабысты дереу «ескіртіп» жіберуі мүмкін.
Ықтимал тәуекелді сәттер туындаған жағдайда әрекет ету стратегиясын әзірлеп және солардан шығу жолдарын алдын-ала болжап отырған пайдалы. Ықтимал инвестордың алдында баламалы бағдарламалар мен стратегиялардың болуы кәсіпкердің орын алуы мүмкін қиындықтарды білетініне және соларға әзір екендігіне сендіретін болады.
Қосымшалар
Көп жағдайларда потенциалды серіктестер немесе инвесторлар үшін бизнес-жоспарда көрсетілген фактілер мен қорытындыларға растау ретінде соларға құжаттарды қосарлау қажет болып жатады. Мұндай құжаттарға келісімшарттардың, лицензияның және т.б. көшірмелері, өздерінен бастапқы мәліметтер алынған құжаттардың көшірмелері, жеткізушілер мен бәсекелестердің бағалық анықтамалары, статистикалық материалдар, ғылыми, сондай-ақ маркетингілік зерттеулердің материалдары және өзге де көптеген нәрселер жатуы мүмкін. Қосымшалардың міндетіне бизнес-жоспарды сендіретіндей ақпаратпен толықтыру жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |