Алматы 2016жыл
Жоспары: 1.Статистикалық мәліметтерді жинақтау туралы ұғым. 2.Статистикалық мәліметтерді топтау және оның түрлері. 3.Топтау белгілері және топқа бөлу принциптері. 4.Қайта топтау. 5.Статистикалық таратпалы қатарлар. 6.Статистикалық кестелер
Статистика
Бұл деректерді (бақылау нәтижелерін) жинау, топтау, жүйелеу, сипаттау, талдау және түсіндіру.
Бұл бас жиынтықты және олардың өзгергіштігін зерттеу.
Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың екі түрі бар: жай және күрделі. Жай жинақтау жинақталған мәліметтерді, материалдарды топтамай қорытынды жасау. Күрделі жинақтау бағдарлама бойынша жиынтық бірліктерді топқа бөлу және әрбір топ бойынша жиынтықты есептеп шығару. Мәліметтер қолмен және машиналық тәсілдермен жинақталады. Мәліметтерді санмен белгілеу, оларды жинақтау, бөлу, қорытындылау қолмен жинақтау тәсіліне жатады. Машинамен жинақтау электронды есептеу машиналарында және компьютерлерде жүргізіледі. Сонымен статистикалық жинақтау дегеніміз бақылау нәтижесінде жинақталған алғашқы мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеу және жиынтық бірліктері белгілері бойынша топтау, қорытынды көрсеткіштерін есептеу.