5-дәріс. Ұлы ғалым Ньютонның және оның ғылыми жолы


Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар



бет60/64
Дата27.11.2023
өлшемі12,34 Mb.
#128684
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Дәрістер ФИЗИКА тарихы

Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:

1. Жалпы КСРО кезіндегі физиканың дамуына сипаттама беру.


2. Кеңес физикасына үлес қосқан оқымыстылар.
3. Кеңес физикасының дербес бөлімдерінің даму тарихы.
4. А.Ф. Иоффе – кеңес физикасының негізін қалаушы.
5. Л.Д. Ландау.
6. П.Л. Капица.
7. А.Д. Сахаров.
8. Кеңес одағы кезіндегі ғылыми басылымдар.
9. Қазақстандағы ғылымға жалпы сипаттама.


Тарихи мазмұнды есептерге мысалдар


1-есеп
Аристотель
«Аспан туралы» шығармасында: « Жер – центр бойымен қозғалса да немесе центрде тұрса да – екі қозғалыспен қозғалуға мәжбүр. Егер осылай болса, онда қозғалмайтын жұлдыздардың ауытқуы және дақ қалдырған қозғалыстары болу керек. Алайда бұл байқалмайды: сол жұлдыздар әрқашан Жердің бір жерінде шығады және батады».
Аристотельдің Аристарх Самосскийдің әлемнің гелиоцентрлік жүйесіне бұл көрсеткен қарсылығы дұрыс па?
2-есеп
Тихо Браге Птолемейді қолдай, егер жер қозғалса, құлаған дене оның тік сызық бойымен бетке түспес еді деп тұжырым жасаған. Бұл тұжырымды жоққа шығарыңыз.
3-есеп
Жұлдыздардың параллактикалық ығысуын байқамай, Тихо Браге өзінің әлем жүйесін ұсынды: Ай мен Күн Жерді айналады, ал басқа планеталар Күнді айналады деген.
Осы әлем жүйесінен логикалық қарам-қайшылықты табуға бола ма? Осы әлем жүйесі бойынша планеталардың қозғалысы қалай болар еді?
4-есеп
Сагредо “...Шар тез қозғалып келе жатқан адамның қолынан түсіп кетсе, жерге түскен шар осы қозғалыстан да асып кетеді...” деп айтқан.
Бұл қалай болады? Арбадан лақтырылған шар жерде қарама-қарсы жаққа қозғала ала ма?
5-есеп
Галилей мынадай тәжірибе жасаған: егер екі пластинаны бірінің үстіне бірін қойып, үстіңгісін бірден жоғары көтеріп қалса, астыңғы пластина да аздап көтеріледі.
Осы факттен ол “боссыздықтағы (пустота) денелер шексіз үлкен жылдамдықпен қозғалуы тиіс” деген Аристотельдің пікіріне қарсы аргумент тапқан. Ол қандай аргумент?
6-есеп
Эйлер күштің анықтамасын былай берген: “Дененің абсолют күйін өзгерте алатын нәрсенің бәрі күш деп аталады”.
Бұл қазіргі кездегі анықтамамен ұқсас па? Жауап берер алдында, Эйлердің дененің күйі деп я тыныштықты, я бірқалыпты түзусызықты қозғалыс деп түсінгенін ескеру қажет.
7-есеп
Эйлердің ауырлық күшінің табиғаты туралы пікірі мынадай: “ауырлық күші біздің сезімімізден шығатын қандай да бір материяның әсерінен болады деген тұжырым ақиқатқа жақын”. Эйлердікі дұрыс па?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет