Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі



Дата27.09.2023
өлшемі19,56 Kb.
#111145
Байланысты:
Адинова РОЗА РАБАТ


Әбу Насыр әл-Фарабидің
ғылым мен мәдениетке қосқан үлесі
Адинова Роза Бегмуратовна
Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты
Рабат ауылдық кітапханасының қызметкері
«Әл-Фараби – адамзаттың жоғары деңгейге ұмтылу жолындағы маңызды дәуірі. Қазақ халқы әл-Фарабиді орта ғасырларда да, қазіргі қарыштаған ХХІ ғасырда да адамзаттың ғибратты ұлы тұлғаларының қатарына қойып құрметтейді. Шығыс пен Батыстың ұлы ұлдарының керуені бүгін бүкіл адамзатпен бірге оны үйлестіре және қолдай отырып алдыға жылжиды. Оның мыңдаған жылдар бұрын жазған шығармалары, мол мұрасы қазіргі уақытта бізге ерекше қажет!»


ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Әбу Насыр әл-Фараби орта ғасыр кезеңінде өзінің философиялық жүйелі ойлары арқылы және ғылым тарихы, логика, музыка теориясы, астрология, теоретикалық медицина, математика, мемлекет іліміне қатысты өзінің жарқын ойларын таныта отырып, әлемдік ғылымға өзіндік ізін қалдырды. Оның ойларын ибн Сина және ибн Рушд сияқты әлемге аты әйгілі философтар жалғастырды, әл-Фараби Спиноза философиясына және ол арқылы француз философиясына айтарлықтай өз ықпалын тигізді. Демек, әл-Фараби философиясы тек Орта және Таяу Шығыстағы әлеуметтік-философиялық идеялардың дамуына әсер етіп қана қоймай, Батыс Еуропаға да өз ықпалын тигізді деп айтуға тоықтай негіз бар. Академик М.М.Хайруллаев айтқандай, «әл-Фараби философиясы Ибн Баджа, Ибн Туфейль және Ибн Рушд секілді аса көрнекті ғалымдарды дүниеге әкелген XI-XIII ғ.ғ. «арабтық» Испания және Солтүстік Африкадағы алдыңғы қоғамдық-философиялық ойлардың дамуына шешуші ықпалын тигізді».


Белгілі философ Ибн Баджа (XI ғ. аяғы – 1138 ж.) әл-Фарабидің біршама идеясын дамытты. Оның индивидтің мінезін кемелдендіруі мен бақытқа жету жолдары баяндалған «Жалғыз өмір сүру салты туралы» деген басты еңбегі әл-Фарабидің әсерімен жазылған.
Әл-Фарабидің Еуропа ғылымына әсері оның ізбасарлары ибн Сина, әсіресе, ибн Рушд арқылы көрініс тапты. Аверроизм, негізінен XIII-XIV ғ.ғ. прогрессивті француз және итальян философиясына қатты әсер етіп, оның негізі болды. Батыс Еуропа ортағасырының ірі ойшылдары Р.Бэкон, Д.Скот өздерінің теориялық шығармаларында әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушд еңбектерін қолданды. Спинозаның кейбір трактаттарында құрылымы мен бағытына қарай әл-Фараби еңбектеріне жақындық сезіледі. Осман Әмин әл-Фараби мен Спинозаның ұқсас концепцияларын айтады. И.Мадкур екі ойшылдың зерде мен пайғамбарлық жайлы идеялық ұқсастықтарын көрсетеді. Олардың ішіндегі ең ұқсасы әл-Фараби мен Спинозаның әлеуметтік-саяси концепциялары жөніндегі ойлары. Мысалы, бақытқа жетудің жолдары, мақсаты, мемлекетті басқарудың формасы мен функциясы т.б. Спиноза әл-Фараби секілді өзінің қоғам туралы ілімін адамның «шынайы» табиғатынан шығарады, мемлекеттің мақсаты әрбір адамды ақылмен басқарып, бақыт пен бостандық сыйлау дейді. ӘлФарабидің адамдардың индивидуалды армандарының бірлігі ретіндегі социум ұғымы Ж.Ж. Руссоның «әлеуметтік келісім» идеясына сәйкес. Сондай-ақ әл-Фарабидің «білім – интуицияға негізделген» деген ойы Николаустың, Шеллингтің, Бергсонның және Штейнердің еңбектерінде өз көрінісін тапты. Әл-Фарабидің адам туралы негізгі идеясы микрокосмос және макроадамдар әлемі ретіндегі ойлары Николаус, Лейбниц, Спенсерден бұрын болды. Әл-Фарабидің зердеге негізделген этикалық жүйесі Еуропада тек ХIХ ғасырда И. Кант философиясында өз көрінісін тапты. Көптеген ортағасырлық ғалымдардың айтуынша, әл-Фараби – ортағасырлық еуропалық ойдың қалыптасуына әсер еткен перепатетизмнің негізін қалағандардың бірі. Шығыс перепатетиктері әл-Кинди, әл-Фараби, Ибн-Сина, Ибн Рушд сындылар Аристотель еңбектерін талдап, Еуропаға кеңінен танытты. Сондықтан да араб тілді ортағасырлық философия көне гректік философияның алғашқы мұрасы ретінде шығармашылық жағынан дамытып, жаңа деңгейлерге көтерді. Әл-Фараби Шығыс пен Еуропа мәдениетін байланыстырушы «көпірге» айналды.
Фарабидің әлемдік мәдениет пен ғылымға қосқан үлесін зерттеудің маңызын алғаш рет шетел ғалымдары Г. Сартон, Д. Беркал және А. Койре негіздеп берді. Музыка саласында Фараби әр алуан шығармалар мен қатар «Музыка туралы үлкен кітап» атты іргелі еңбек жазған, оны француз тілінде И. Мадкури мен Г.Фармер жариялап, ғылыми түсініктеме жасады. Өз кезегінде әл-Фараби мұраларын тануда ХІХ-ХХ ғғ. Еуропалық ғалымдарды да айта кеткен жөн. Олар: ХІХ ғасырдың екінші жартысында ортағасырлық араб тілді Шығыс рухани мәдениеті жайлы еңбектер жазған неміс ғалымы М.Штейншнейдер, 1890 жылы әл-Фарабидің сегіз философиялық трактатын лондондық, лейдендік және берлиндік жазбалардан жариялаған Фридрих Детриций, неміс және ағылшын тілдерінде жарық көрген «Ислам философиясының тарихы» еңбегінің авторы, голландық ғалым Де Бур болды. Орта ғасырлық араб философиясын зерттеген француз ғалымдары, соның ішіндегі фарабитанушылар: И.Форгет, С.Дугат, Л.Лутхер, С.Мунк, Э.Ренан, И.Финнеген т.б. айтуға болады. Э.Ренанның «Аверроэс и авероизм» (Париж,1952) еңбегінің маңызы зор. Танымал француз шығыстанушысы Р.Эрланже 1930-1935 жж. әл-Фарабидің музыкаға қатысты «Китаб әл-мусика әл-кабир» («Музыканың үлкен кітабы») кітабын Парижде түпнұсқадан аударып, жарыққа шығарды. Бізге белгілісі, ХХ ғасырдың басында шығыстың рухани мәдениетін зерттеуде әл-Фараби мұраларын зерттеу өз жалғасын тапты. Көптеген шығыстанушы ғалымдардың А.Мец, Л.Массиньон, Р.Блашэр, А.Массэ, Ф.Габриели, Э.фон Грюнбаум, Ф.Коплстон т.б. еңбектері жарыққа шықты. Сондай-ақ, ресейлік: И.Крачковский, Е.Бертельс, В.Бартольд сынды шығыстанушы-философтардың да қосқан үлестерін атап өткен жөн. Әл-Фараби жайлы еңбектер Англия, Испания, АҚШ сынды мемлекеттерде де жарыққа шықты. Дүниежүзі оқымыстылары Фараби мұраларын 1000 жыл бойы тынбастан зерттеп келді. Олардың ішінде араб-парсы тілдерінде жазған Ибн әл-Надим (995ж), әл-Байхаки (1169), Ибн әлКифти (1248), Хаджи Халифа (1657), латын тілінде жазған Венике (1484ж), Камерариус (1638), француз тілінде жазған Генрих Зутер (1902) және т.б. бар.
Әл-Фapaбидiң eңбeктepi қазірге дeйiн өз мән-мaңызын жoғaлтқaн емес. Оның мeмлeкeт, eл бaсқapу жөнiндeгi тұжыpымдapы, әлeумeттiк-этикaлық сaяси көзқapaстapы бүгiнгi қoғaм үшiн дe aйpықшa мaңызды.
Шынында әл-Фараби қазақ халқы үшін ғана емес, жалпы түркі жұртшылығы үшін, барша адамзатқа ортақ тұлға, ортақ мақтанышымыз. Әл-Фараби еңбектерінің әлі де ашылмаған қырлары көп екені белгілі. Демек, есімін мақтан тұтар даңқты бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби жайындағы зерттеулердің алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, көпшілік кәдесіне жарары анық. Әлемдік өркениеттің өркендеу жолында ойып алар орны бар Фараби ілімі – адамзат үшін таусылмас рухани азық, аса құнды мол мұра.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  • «Әбу Насыр әл-Фараби мұрасы және қазіргі заман» Халықаралық онлайн конференция, Мақалалар жинағы

  • «Егемен Қазақстан»

  • «Әл-Фараби және заманауи Қазақстан философиясы», Алматы, «Қазақ университеті», 2012ж

  • «Тұран әлемі» Ислам Қабышұлы «Санат» баспасы, 2007 ж, Ұланбатоор қаласы

  • https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1591232&simple=true

  • https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1604184&simple=true

  • https://kazneb.kz/kk/bookView/view?brId=1587639&simple=true#




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет