5 дәріс. Өсімдік қауымдарының таралу заңдылықтары. Өсімдіктер ареалының мәні. Ареал типтері. Комполитті өсімдіктер Мақсаты



бет3/3
Дата25.09.2024
өлшемі80,5 Kb.
#145680
1   2   3
Байланысты:
5 лекция

Ареалдың бөлінуі
Қандай да бір өсімдік түрі болмасын өзінің территориясында барлық ареалды дерлік түгел алып жатпайды. Себебі, сол бір ареалдың өзіндегі барлық жерінде, оған қолайлы жағдай бола бермейтіні түсінікті. Сондықтан да әрбір өсімдік белгілі бір «нүктеде» өседі. Бір өсімдіктер түрі сол өз ареалында көп болып, кейбіреулері әр жерде, кейбіреулері сирек өседі. Өз ареалында көп тараған өсімдіктер төзімді де көп «қамқорлықты» қажет етпейді. Мысалы, жатаған бидайық /пырей ползучий – Agropyron repens/, ол сиректеу таралған өсімдік, өзі өсәп тұрған ортаға «жақсы» жағдайдың болуын қажет етіп мысалы, мүк жидек /клюква - Cxycoccos palustris/, шықшөп /росянка - Drosera rotundifolia/ оңтүстіктің орманды зонасында жоғарылау жердегі батпақты жерлерді ғана таңдап өееді. Әр түрдің өсіп тұрған жері «нүктесі» өзіне барлық керекті қажеттіліктер – топырақ ылғалдылығы, су, белгілі температуралық жағдай, басқа өсімдік конкуренцияның аздығы факторлары өсімдіктің өсуі, таралуы, орналасуына рельефпен, топырақ жағдайы ерекше орын алады.
Өсімдіктер ареалы ұзақ уақыт бойы өзгеріссіз қала алмайды. Олардың аумағы бір уақытта кеңіп, бір уақыттарда қысқарып кеміп, тарылып отырады. Алғашқы кезде сол түр ареалда өсіп пайда болады да оның аумағы, алатын территориясы кішігірім болады. Соңынан экологиялық тіршілік етіп отырған ортаға байланысты / жер, топырақ, ауа райы ылғалдылықта/ ареалы кеңи бастайды. Өсімдіктердің сол түрінің таралу аймағы территория шегіне жетеді де, преал аумағы да өзінің шегіне жетіп тұрақты болады. Кейбір ареалдар керісінше регрессивтік өзгерістерге ұшрайды – территорияның өсіп тұрған аумағының, ареалының да қысқаруы – тіршілік ортасындағы болатын өзгерістер, ауа райының құрғақшылық болуы, жер бедерінің рельефтегі болған өзгерістер /жер сілкіну, дауыл/ факторлардың кері әсерінен үлкен аумақты ареал қысқарып, құрып, азайып, өсімдіктер кішкентай ғана жерде орналасып қалуы мүмкін. Мұндай ареалды – реликті ареал деп атайды. Реликті ареал, мысалы, /секвоядендрон – мамонтовое дерево/, тюльпан /тюльпанное дерево Leriodendron tulipifers/, саз кипарисі /блотный кипарисTaxodium distichuni/.
Ареалдың өзгеруі – уақытқа, экологиялық жағдайға байланысты, тек үлкею, кішірею жолында емес, біртұтас, бүтін ареалдың бөлініп, жеке-жеке бөлшектеніп, тіпті континеттерге таралып кетуі мүмкін. Мысалы, Магнолия /Magnolia/ екі континентте: 1. Солтүстік Америка 2. Оңтүстік Шығыс Азияда. Катальпа /Catalpa/ туысының жағдайы да солай. Жеке-жеке бөлініп кеткен бір туыс өсімдіктердің жалпы саны /дизьюнкция/ 150.
Ареалдың бөлінуі бір-бірінен алшақ емес бір континетте де болуы мүмкін. Мысалы, Джексония /Jacksonia/ туысы орналасқа бір бөлігі Австралияның батыс материгінде болса, екінші бөлімі – Австралияның шығыс жағында.
Өсімдік ареалының континеттерге /материктерге/ таралып, бөлшектеніп кетуін бір себептермен, бірнеше мысалдармен дәлелдеу мүмкін емес. Алғашқы кезде жер планетасында бүтін, біртұтас болғандығы кейіннен континенттердің материктерге бөлініуі нәтижесінде көптеген өсімдіктер, мысалы, протейлы тұқымдасы өсімдіктер түрлері – Австралияда, Африкада; Оңтүстік Америка жерлерінде кездесуі сөзіміздің дәлелі. Европа, Кавказ, Кіші Азия жерлерінде өсетін папоротник /папоротник-блехнум - Blechnum spicant/ ареалдары өте алшақ Жапония мен Солтүстік Америка жерінде кездеседі. Маралоты /василистник альпийский - Thalictrum alpinum/ сарғалдақтар тұқымдасының өкілі – Арктика, Евразия, солтүстікте және жоғарғы тау белдеулерінде өседі. Ареал алшақтығы мұхиттағы су балдырлар – қоңыр балдыр өкілдері ламинарияға да тән. Симфония / Symphonia/ туысы, шайқурай тұқымдас өкілі Африкада да Америка жерінде де, ақ қараған /белая акация – Robinia pseudoacacia/ өсімдігінің отаны Солтүстік Американың шығыс аудандары. Қазіргі кезде бұл өсімдік – Аппалач таулары, Пенсильваниядан, Джорджиге дейін, Айова, Миссури, Охлахома штаттарында, Европада – Украина, Франция, Германия, Жерорта теңізі, Азия, Африка материгінде кездеседі /7-сурет/.
Ареалдың бөлінуі, немесе бір-бірінен ажырауы, таралуы /дизьюнкция/ бұл мәселенің де өз себептері жетерлік. Әсіресе тарихи геологиялық өзгерістер, осыған байланысты ауа райы /жер бетінде жылдың төрт мезгілінің сақталмауы/, су /ылғалдылықтың жер бетінде бірдей болмауы/ жел, топырақ және адамзат қоғамы да бұл мәселеде үлкен роль атқарады.
1. Климаттың қолайсыз болуына байланысты біртұтас ареал бірнеше бөлімдерге /бөлшектерге/ бөлінеді. Соның әсерінен кейбір жерлердегі өсімдіктер жойылып кетті.
2. Бөліну, бөлшектену миграциясының әсерінен немесе сол жерде өсіп тұрған өсімдіктің ареалы әртүрлі жағдайына байланысты өліп, құрып, жойылып кетуі. Мысалы, Европада мұз жүрген кезде Альпі тауының жоғарғы биіктіктегі өсімдіктері жер қабатымен бірге төмен қарай жылжып мұзбен бірге ала кеткен. Мұз еріп кері қайтқан кезде еріген мұз сонымен өсімдіктерде солтүстікке қарай жылжып, ілесе өсіп отырған. Дегенмен Альпі тауының Альпі флорасы бұрынғы қалпына келген жоқ. Альпі флорасы түгел жойылып кетті.
3. Геологиялық жағдайларға байланысты континентальдық жағдайлар, жердің төмен түсуі, су астына батып кетуі де өсімдіктерге кері әсер етті.
4. Вегенер А. Теориясы. Ареалдың бөлінуі тарихи геологиялық жағдайларға байланысты континенттердің бір-бірінен ажырауы, біртұтас континенттердің бірнеше материктерге бөлінуі, олардың бұрынғы дәуірде біртұтас болғандығы, бөлінген континенттердің өсімдіктердің бір-біріне ұқсастығы Европа мен Солтүстік Америка өсімдігі, Оңтүстік Америка мен Африка, Оңтүстік Африка және Австралия өсімдіктерінің ұқсастығын А. Вегенер өз теориясымен жорамалдап дәлелдеді. /А. Вегенер теориясына келесі тақырыпта толық анықтама береміз/.
5. Алғаш жерді иемденуіде /таралу – миграция/ споралы өсімдіктер «пионер» деп есептелінеді. Спораларының тез таралуына байланысты ең алғаш споралы өсімдік өкілдері өсе бастайды.
6. Жер шарында зерттеулер жүргізген ғалымдар, энтузиастар, туристер, корабль, самолет жолаушылары да өздерімен бірге мәдени өсімдіктермен бірге арамшөптер өкілдерінде ала келді: агава /Agave americana/ Мексикадан: майдажелек /мелколепестник Канадский-Erigeron Canadensis/ Солтүстік Америкадан Европаға таралды. Мәдени өсімдіктерді де /жүгері, күнбағыс, кофе, какао, эквалипт /Португалия/ жем-шөптік, техникалық, сәнділік үшін кең алқапта плантация күйінде өсірілуі дәлел.
Ареалдың бөлінуі, ажырауы, бөлшектенуі оларды зерттеу себептерін анықтаудың теориялық та, практикалық та маңызы зор. Өсімдіктердің филогенетикалық заңдылықтарын білу, өсімдіктер географиясы туралы толық мәлімет алу үшін де қажет.
Ареалдың бөлінуі, ажырауы, әр континент – материктердің барлығында да бар:
1. Евразиялық – Солтүстік Америка өсімдік түрлерінің ареалдар ажырауы. Мысалы, тал /ивовые – Salicaceae көптеген түрлері Евразияда, қалған түрлері Солтүстік Африка, Солтүстік Америкада, балқарағай, шырша, вереск, қарақат Евразия мен Солтүстік Америкада өседі.
2. Солтүстік Тынық мұхит ареалдары. Катальпа/Catalpa қылқанжапырақтылар/Torreya/, тюльпан ағашы /тюльпанное дерево-Zamiaceae Lirodendron/ тұқымдасы, тропика, субтропика, Азия, Африка, Америка жерлерінде өседі.
3. Палеотропикалық – Anisophylla, Nepenthes туыстары шығыс Африка, Индия, Мадагаскар жерлерінде кездеседі.
4. Оңтүстік Тынық мұхит ареалында – Drimus туысы Оңтүстік Америка, Жаңа Зеландия, Австралия жерлерінде өседі.
5. Оңтүстік Атлант мұхит ареалы – Ravenala туысы – Оңтүстік Америка Атлант мұхит жағалауы, Африка, Мадагаскар жерлерінде өседі.
6. Антарктида ареалы – Nothafagus туысы – шамшат /бук/ өкілдері – Оңтүстік Америка, Оңтүстік Африка, Жаңа Зеландия, Австралия, Антарктида материгінде өседі.
7. Австралия ареалында – Батыс, Шығыс және Орталық Австралия жерлеріндегі өсімдіктері де әр түрлі.
Ареалдарды зерттей, тексере келе бір тұжырымға келгенде бір-біріне ұқсас ареалдар жоқ.. Бір өсімдік түрлерінің бірнеше материкте кездесуі, жер бедеріне, климат, топыраққа байланысты өсімдіктердің таралуына, группаға жіктеуге болатындығына А. Вегенер теориясының «дұрыстығына» мысалдар келтірдік.
Қандай ареалды - реликті ареал деп атайды?
2 Дизьюнкация дегеніміз не?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет