Білімнің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылыстану ғылымдары саласындағы білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын ғылыми тұжырымдамаларды білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуіне көмектесу қабілетімен ажырамас байланыста болуын көздейді. Осылайша, жаратылыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс. БПА аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және көрсету сияқты ғылыми идеяларды ұсынудың тиімді, оңтайлы нысандарын қамтиды. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсету әрі ұсыну тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімге оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге көмектеседі. Бұл себептер кей жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен немесе теріс ұғымдарымен келетіндігімен