5-дәріс. Оқудағы кедергілерді анықтау «Қалай оқу керектігін үйрену»



бет7/22
Дата10.03.2022
өлшемі33,99 Kb.
#27465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22
Оқушылардың пікірін назарға алу

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулерде оқушылардың оқыту мен оқу туралы пікірлеріне ерекше назар аударылған. Мектептерде «Оқушы үніне» көңіл бөлуге

баса назар аударылып келеді. Джин Раддок «Оқушы үнінің» белгілі жақтаушысы ретінде

«Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – оқушының көзқарасы тұрғысынан оқудың не екенін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» екендігін жазады.

«Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында Кем-

бридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тартылды. Ол жобаның мақсаттары:

• оқушының оқыту мен оқу туралы пікірін ескеру;

• оқушыдан кеңес алудың әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық

әзірлеу;

• мектептерде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен мүмкіндіктерін

анықтау болатын.

Осы жоба бойынша оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер,

соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша сұхбат жүргізіледі. Сонымен қатар олардан ата-аналарға арналған іс-шараларды өткізу сияқты жылдық жоспарлаумен байланысты проблемаларға, оқушылардың оқуына көмектесетін немесе кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға қатысты сұрақтар қойылады. Зерттеулер оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетеді. Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне түсінік беру «олардың жұмысы емес» деп санайды. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті педагогикалық проблемалар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері келетіні туралы өз пікірлерін жеткізеді. Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қарым-қатынасынан өзгеше және оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс.

Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе,

«үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.

Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.



«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауалнама жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:

• оқушылардың өзін өзі құрметтеуін;

• мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;

• мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал

ететіндігі расталды.

Жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң

қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар:

• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын

сезінді;

• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;

• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;

• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;

• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;

• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынас қалыптастырды.

Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін өзі реттеуін дамы-

туына ықпал етеді. Мектеп пен сынып жұмысына қатысы бар тақырыпта оқушылармен ашық пікірлесудің жағымды әсері ретінде оқушылардың өз оқуын бақылай алатындығына, ол туралы пікір айтуға, өз оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуын жатқызуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет