5 ДӘРІС
Тақырыбы: CSS құру негіздері
Сұрақтар:
1.
Стильдің мұра ретінде берілуі
2. Контекстік селекторлар
3. Кластар
4.
және
тәгтері
5.
Z-index
6. Сатылау
1. Стильдің мұра ретінде берілуі
HTML-кодтың құрылымы сатылы түрде болады. Бар құжат . . . тәгі үшін анықталған стильдің құжаттағы барлық
тәгтерге әсер ететіндігін білдіреді. Сәйкесінше егер бір тәг үшін стиль құрылса, онда сол
тәг ішіндегі басқа тәгтерге де осы стиль міндетті түрде беріледі.
Мысалы,
<
Р
>
тәгі үшін келесі стиль берілген болсын:
P {color: red;
font-size: 14pt;
font-family: Arial,sans-serif}
Онда осы абзац ішіне орналасқан
<
ЕМ
>
тәгінің элементтері де экранда қызыл түспен, 14
пункт көлемде жұмыр қаріппен шығарылады.
Мысалы:
<Р>
Стильдік анықтаулардың <ЕМ>мұралануЕМ> қасиеті болады.
2. Контекстік селекторлар
Стильдік анықтауларды, тәгтердің кірістіріліп орналасу реттілігіне сәйкес орындалатындай
етіп жазуға болады.
Экранға «селектор» сөзі бірінші қатарда көк түспен (<Н3> тәгінің ішінде), ал екінші қатарда
қара түспен (<Р> тәгінің ішінде) шығады.
Стильдік анықтауларда үтір
қойылмағандығына назар аударыңыз.
Бұл контекстік анықтаулардың белгісі. Егер Н3,
ЕМ { color: blue } түрінде жазсақ, онда
<
Н3
>
тәгімен
қатар
<ЕМ> тәгі де көк түске боялады,
яғни үтір бірнеше тәгтер тобы үшін бірдей болатын ортақ стильді анықтайды.
3. Кластар
Стильдік анықтауларды тәгтерді көрсетпей-ақ жазуға болады. Мұндай жағдайда, берілген
стилді нақты тәгке сәйкестендіру үшін, әрбір анықтауға арнайы атау меншіктелуі тиіс.
Мұндай стильдік анықтаулар кластар деп аталады. Класс келесі түрде жазылады:
.аты
{ сипаттама: мәні;
. . .
сипаттама: мәні;
}
Басқаша айтқанда, анықтаулар әдеттегідей жазылады, бірақ тәгтердің аттары орнына