.аты конструкциясы қолданылады.
Мысалы,
def атты стильдік класс жазып шығайық:
.def {color: red; font-size: 16pt; font-family: Geneva, Helvetica, sans-serif; border: solid 0.2cm blue }
Мұнда border: solid 0.2cm blue қатары бір стиль-дік нұсқауда бірнеше параметрлердің
қызметін жазуды көрсетеді ( мұнда: стиль, жақтау қалыңдығы, және оның түсі). Мұндай
біріктіруді border сияқты жалпыланды-рылған арнайы стильдік қасиеттерге қолдануға
болады.
Стильдік класты тәгпен сәйкестендіру үшін
class атрибуты қолданылады:
<Р class=def > текст
5. Абсолюттік түрде орналастыру CSS арқылы экрандағы элементтерді браузер терезе-сінің сол жақ жоғары бұрышынан
бастап нақты координаталар бойынша орналастыра аламыз. Мұндай мүмкіндікке position
стильдік қасиетінің absolute мәні арқылы қол жеткізуге болады. Координаталар пиксель
бірлігімен left (горизонталь координата) және top (вертикаль координата) сөздері арқылы
тағайындалады.
5. Z-index Бұл стильдік қасиет экрандағы элементтің қай деңгейде (қай қабатта) орналасуы керек
екендігін анықтайды. Мұндағы негізгі деңгейдің нөмірі (элементтер стильдік анықтаусыз-
ақ шығатын деңгей) нөлге тең болып саналады. Сәйкесінше, экран қабатын анықтайтын
теріс Z-index мәні бар элементтер төменде (алыста), ал оң мәнді элементтер — жоғарыда
(жақын) орналасады. Егер элементтердің Z-index мәндері бірдей болса, олар бір қабатта
орналасады. Сонымен Z-index мәні үлкен элемент жоғары деңгейде орналасады екен.
6. Сатылай орналастыру (каскадирование) CSS көмегімен тұтынушылар экрандағы ақпаратты ыңғайлы түрде бейнелейтін мүмкіндік
алады.
Тек жасалған стильдердің бір-бірімен өзара байланысын және тәгтер атрибуттарының
жазылуын (олар да стильді анықтайды) браузердің өз стилімен (үнсіз келісім бойынша
анықталатын стиль) шатастырып алмау керек.
Жоғарыда айтылғандай
, программалаушы HTML-құжатта үш түрлі стиль пайдалана алады:
· Құрамдас (встроенный - inline). Style атрибуты арқылы тәг ішінде жазылған стиль, ол
жеке тәг жұмысын бақылайды.
· Енгізілген (внедренный - embedded). HTML-файл тақырыбында тәгтері
арқылы жа-зылған стиль, ол жеке HTML-құжаттағы стильді бақылайды.
· Байланысқан (связанный - linked). Жеке CSS-файлда жазылған стиль. Ол көптеген HTML-
құжаттар стилін бақылай алады. Мұнда стильдік файлға сілтеме жасау үшіни HTML-
құжаттың бас жағына тәгі жазылады.
Бір құжатта осы айтылған үш стильдер механизмі де қолданыла алады. Бұған тәгтердің
кәдімгі атрибуттары арқылы берілетін стильді және браузердің “келісім бойынша”
тағайындалған өз стилін қосайық. Бұлар бір-бірімен қалай әрекеттесер екен, компьютер
экранына құжатты шығарарда браузер қай стильді пайдаланады?
Құжатты шығарарда кәдімгі браузер ұстанатын ережелер
каскадты, яғни
сатылы деп
аталады
. Бұл браузер үшін ең негізгі стиль – құрамдас стиль деген сөз, одан кейін төмен
қарай реті бойынша енгізілген және байланысқан стильдер қолданылады.
Сонымен браузер үшін енгізілген және байланысқан стильдер бірдей болып саналады, ол
тек соңғы қолданылуға байланысты өзгереді.
Стильдік реттілік бойынша ең төменгі сатыда «үнсіз келісім бойынша» стиль тұрады. Оны
браузер ешқан-дай стильдік нұсқау болмаған жағдайда қолданады. «Каскадтау - сатылау»
ұғымына арғы тегінен берілу – мұралау (наследования) механизмі де жатады, ол бойынша
өз стилі жоқ бала-тәг ата-тәгтің стилін қабылдайды (к потомку без собственных стилей
применяется стиль родителя).
Кәдімгі атрибуттар арқылы берілген стильдер осы сатылау ережесі бойынша жұмыс істейді.