№5 дәріс Тұлғаның денсаулық психологиясы Жоспары


Денсаулық: дене саулығы, жан саулығы, психикалық және психологиялық, әлеуметтік саулық болып бөлінеді



бет2/3
Дата12.05.2023
өлшемі1,63 Mb.
#92032
1   2   3

Денсаулық: дене саулығы, жан саулығы, психикалық және психологиялық, әлеуметтік саулық болып бөлінеді.

Дене саулығы — бұл организмдегі функциялардың өзіндік айналымының жеткілікті болуы, физиологиялық процестердің үйлесімі және сыртқы ортаның түрлі факторларына барынша бейімделгіштік күйлері.


Жан (психикалық) саулығы - тек дене гигиенасы ғана емес, сонымен бірге психогигиена, руханилықтың өзіндік тәрбиесін, адами тұрғыдағы ұстанымды, сана тазалығын да қамтиды. Психикалық саулыққа жету жолы - интегралды тұлғаға жету жолы. Психикалық саулық - психиканы жаттықтыру, психикалық процестерді дамыту (ес, зейін, қиялдау және т.б.), ақыл-ой мен сезімді тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Әлеуметтік саулық әлеуметтік белсенділікпен, адамның қоршаған әлемге деген белсенділігімен байланысты

Саулықтың басты белгілері:

  • зақымданушы факторлар әрекетіне тұрақтылық;
  • орташа статистикалық норма деңгейіне сай өсу мен даму көрсеткіштері;
  • орташа статистикалық норма деңгейіне сай организмнің функционалды қалпы;
  • организмнің резервтік мүмкіндіктерінің болуы;
  • нақты бір аурудың, не дамуында кемістігінің болмауы;
  • моральді еріктік және құндылықты-мотивациялық бағдарларының жоғары деңгейі.

Психологиялық денсаулыққа қажет, олар:

Психологиялық денсаулыққа қажет, олар:

  • Психоэмоциялық және соматикалық тынышталуына, қиналысты жоюға, жан дүниесінің, жүйке жүйесінің, психикасының қызметінің ретке келуіне мүмкіндік беру;
  • Тұлғаның қарым-қатынасындағы проблемаларды шешуге көмектесу;
  • Эмоциялық, ақпараттық, оқу, физиологиялық стресті жою техникаларын пайдалану;
  • Тұлғаның өзіне жағымды қатынасты қалыптастыру;
  • Еңбекке қабілеттілікті қолдау және оны сақтауға үйрету;
  • Тұлғаның өзіндік рефлексиясын дамыту;
  • Тұлғаның лидерлік қасиетін дамыту;
  • Қызметте сәттілікке жетуді үйрету;
  • Қызметте эмоцияны сақтауды үйрету;
  • Тұлғаның ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;
  • Мінездің іскерлік жағын дамыту;
  • Өзінің және өзгенің эмоциялық жағдайын ұғыну мен қабылдау іскерлігін дамыту;
  • Сумен шынықтыру тәсілдерін үйрету;
  • Тыныс алу жаттығуларын үйрету.

«Барлық ауру – мидан!» - осы сөздерді
естіген боларсыз.
🌺Сонымен психосоматика дегеніміз не? Психологиялық сөздікте былай делінген: «Психосоматика (грек. Psyche - жан, soma-дене) - соматикалық аурулардың пайда болуына және кейінгі динамикасына психологиялық факторлардың әсерін зерттеумен айналысатын медицина мен психологиядағы бағыт». Бұған ұрыс-керіс, азап шегу, агрессия сезімдері, қорқыныш-үрей т.б. жатады, бірақ ол бейсаналы түрде өрбиді. Психосоматикалық аурулар - бұл денеден басқа шығу жолын таппаған жанның ауыруы мен азабы, тіпті «айқайы» деуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет