5. Гипотетикалық-дедуктивті әдіс болжамдардың бір- бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе кұру



Дата07.06.2023
өлшемі33,91 Kb.
#99338
Байланысты:
Әдіс


Әдіс – нақты бір міндетті шешуге арналған әрекетті практикалық не теориялық тұрғыдан игерудің біршама біркелкі тәсілдерінің жиынтығы. Кез келген зерттеу жұмысы өзекті мәселені анықтаудан басталады. Проблеманың пайда болу сипатына қарамастан, оған талдау, нақты түрде негіздеу теориялық зерттеуден туындайды. Әр түрлі теориялық жүйелерді топтастыру негізінде әдісті екі үлкен топқа бөлуге болады: философиялық және жеке ғылымдар әдісі. [,30б. ]
1. Салыстырмалы тарихи талдау әдісі зерттеушіні өзінің тақырыбы бойынша әдебиетпен танысу, тарихи зертгеулер,ғылыми монографиялар және публикациялармен танысуға мүмкіндік береді.
2. Үлгілеу әдісі – зерттелетін үдеріс және сурет, сызба, қысқаша сөздік, сипаттама түрінде берілетін көрнекі - бейнелі сипатта болады. Үлгіні дайындау үдерісін сипаттайтын негізгі үғым үлгілеу болып табылады.Үлгі құру кезінде оның зерттеу нысанының түпнұсқаға сай келуін қадағалау қажет. Үлгі үнемі түсіндіру, анықтау құралы бола отырып, танымдық рөл атқарады.
3.Идеализация – зерттеу мақсатына сәйкес зерттеуші нысанага нақты бір өзгерісті ойша енгізуді айтады. Таным әдісі ретінде идеализацияныц жагымды мэні теориялық құрылымды жан-жакты зерттей отырып, шынайы нысан мен құбылыстарды тиімді зерттеуге септігін тигізеді. [,31б. ]
4.Аксиоматикалық әдіс - ғылыми теорияның құрылуы негізінде бастапқы түбі аксиома болады. Сондай-ақ, логикалық жолмен дәлелденеді.
5.Гипотетикалық-дедуктивті әдіс – болжамдардың бір- бірімен дедуктивті байланысын құрайтын жүйе кұру.
6. Әдебиет көздерін зерттеу – зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеу мәселесі бойынша әдебиетгерді білу зерттеуші мәдениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылыгының шарты болып табылады.
7. Талдау әдісі – зерттеліп отырған объектіні бөлек зерттеу үшін құрамды бөліктерге бөліп қарау.
8. Жинақтау әдісі – біріктіру, біртұгас етіп қарау үшін зерттеу объектісінің бөліктерін біріктіру. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; түтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасын формаларын анықтау; білім құрылымын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар.
9. Абстракциялаудың екі түрі бар: талдап қорыту жэне жекелеп бөлу. Талдап қорыту - көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Дэріптеушілік – ерексіздендірудің бір түрі, оны гылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады.
10. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері - бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыга қарай жэне керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.
11.Ұқсастыру эдісі – заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.
12. Болжау әдісі – зерттеушінің қатысынсыз педагогикалык жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады.
13. Тіркеу әдісі – педагогикалык зерттеулер ішіндегі кең тараган әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Теориялық әдістердің бұл тобы эмпирикалық деректерге жэне олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы зандылықтарды ашуға, сыртқы факторларды түсіндіруге бағытгалған. [,32б. ]
Ғылыми зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері болып табылады. [,33б. ]
Жиенбаева С.Н «Педагогикалық ғылыми зерттеу теориясы мен әдістемесі», 2013. – 124 бет
Бүгінгі күні түрлі салада, үнемі қолданып жүрген әдіс-тәсілдерді цифрлық технология дамыған заманда ешкім де дайын ойдан шығара салмады. Олардың даму тарихы тереңде жатыр.Тіл білімін еске түсіре, XIX ғасырдың I жартысында Үндіеуропа тілдерін салыстырып зерттеудің тарихы 4 кезеңге бөлінгендігін мысал етіп алуға болады:
-Салыстырмалы-тарихи әдістің негізі қаланғаннан жас грамматистерге дейінгі кезең.
-Жас грамматистер кезеңі.
-Жас грамматистерден Фердинанд де Соссюрге дейінгі кезең.
-Фердинанд де Соссюрден осы уақытқа дейінгі кезең. [,75б. ]
Ғалымдар өз еңбектері арқылы салыстырмалы әдістің тілдер және тілдік элементтер тарихын зерттеуде тиімді тәсіл екендігін дәлелдеді. Осыған байланысты XIX ғасыр тіл білімі осы әдістің атымен «тарихи-салыстырмалы тіл білімі» деп аталды. Тілдердің өзара туыстас болатындығын нақты деректер арқылы дәлелдеді. Тілдер туыстығының дәлелі олардың грамматикалық құрылысындағы, сөз өзгерту жүйесіндегі үқсастық, жақындық екенін ашты. Тілдердің бір қалыпта қалып қоймайтынын, заман өткен сайын дамып отыратын тарихи кұбылыс екенін баса айтып, тіл тарихын, оның заңдылықгарын зерттеуге ерекше мән берді. XIX ғасырдың ерекшелігі тілдер салыстырылып зерттеле бастады. Тіл білімінің жаңа дәуірі тілді біртіндеп дамып, өзгеріп отыратын тарихи құбылыс деп танудан, оны зерттеу ісіне тарихи-салыстырмалы әдісті қолданудан басталады. [,75б. ]
Тіл білімі тарихында неміс ғалымы Ф. Бопп салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы деп саналады. 1816 жылы Ф. Бопп санскрит тіліндегі етістіктердің жіктелу жүйесін грек, латын, герман, парсы тілдерімен салыстыра зерттеген еңбегі арқылы аталған тілдердің туыстығын дәлелдеді. Кейін бұл тілдерден жинақтаған материалдарын иран, славян, балтық, армян тілдері фактілерімен толықтыра келіп, 1833-1849 жж. «Үнді еуропа тілдерінің салыстырмалы грамматикасын» жазды. Салыстырмалы-тарихи әдісті қалыптастырушылардың бірі – дат ғалымы Р. Раск өзінің 1817 жылы шыққан исланд тілінің шығу тарихы жөніндегі еңбегінде «тілдердің сөздік жағынан бір- біріне ұқсастығы тіл туыстығының кепілі бола алмайды, бір тілден екінші тілге сөз ауыса береді; тіл туыстығының белгісі — олардың грамматикалық жағынан ұқсас болуында» деп дұрыс қорытынды шығарады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімінің көрнекті окілдерінің бірі Я. Гримм. Оның 4 томнан тұратын «Неміс тілі грамматикасы» еңбегінде тілдің даму тарихын зерттеуге баса көңіл бөлініп, тілді хронологиялық жолмен салыстыруды қалыптастырды. Я. Гримм, әсіресе, тіл тарихының қоғам тарихымен байланыстылығына назар аударды. Тілдік құбылыстарды зерттейтін тіл тарихы деген ғылымның лингвистика құрамында болу қажеттілігіне көз жеткізді. [,76 б. ]
Салыстырмалы - тарихи әдісті алғаш қолға алған түркі жүртының ғалымы - Махмұд Қашқари еді (XI ғасырда). Сонымен, тілдерді салыстырмалы-тарихи тұрғыдан зерттеудің барысында XIX ғасырда салыстырмалы-тарихи тіл білімі пайда болды. [,77 б. ] Салыстырмалы-тарихи әдіс туыс тілдердің деректерін салыстыра келіп, ол тілдердегі ортақ, біртектес элементтерді, ондай бірліктің шыгу негізін және ортақ формалар мен грамматикалық категориялардың ары қарай дамуы мен өзгеру ерекшеліктерін айқындауды көздейді. [,78 б. ]
Сонымен, тілдерді салыстырмалы-тарихи түрғыдан зерттеу өзінің алдына, негізінен алғанда, мынадай міндеттер қояды:
1) негіз тілден бастап, ту ыстас тілдердегі ортақ категориялардың даму заңдылықтарын ашып айқындау;
2) бұл дамудың ортақ, жалпы бағытын таба білу;
3) негіз тілдің түпкі құрылымының туыстас тілдердің ары қарай дамуына тигізетін әсерінің сипатын брлгілеу;
4) тілдің белгілі бір элементтерін тұрақты, басқа бір элементтерінің өзгеріске бейімділігінің себептері мен жайларын айқындау;
5) әртүрлі туыстас тшдердегі өзгерістердің біркелкі болмауының себептерін белгілеп айқындау. [,80 б. ] Ж. Қоңыратбаева «Тіл білімі ғылымының теориясы мен тарихы», 2013. –311 бет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет