5. химиялық байланыс дәріс жоспары


Заттардың агрегаттық күйі



бет10/11
Дата16.10.2023
өлшемі44,09 Kb.
#116126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Заттардың агрегаттық күйі.
Кристалдық тор типтері

Заттар газ түрінде, сұйық және қатты күйде немесе плазма көрінісінде бола алады:


1. Газ түріндегі күй: Газдағы молекулалар бірінен бірі алыс орналасады. Сондықтан газды күй, сұйық және қатты күйлермен салыстырғанда, ең кіші молекулааралық әрекеттесу күшімен сипатталады. Газ өзі орналасқан ыдыстың түрпішінін қабылдайды.
2. Сұйық күйі: Сұйықтағы молекулааралық әрекеттесу күші, газдағымен салыстырғанда үлкен, әйтсе де ол әлі түрпішіні мен көлемін сақтау үшін жеткіліксіз.
3. Қатты күй: Қатты заттардағы бөлшектер біріне бірі өте жақын орналасқан, олардың арасындағы әрекеттесу күшінің үлкендігі соншама, қатты заттың белгілі көлемі мен түрпішіні болады. Қатты күй кристалды және аморфты бола алады.
4. Плазмалық күй: Ионданған газ, ондағы оң және теріс электрлік зарядтардың көлемдік тығыздылықтары тең (бұл ғарыштық кеңістік үшін басым, тән).
Қатты заттардың белгілі көлемі мен формасы болады, бөлшектері еркін қозғалып жүрмейді, олар тек өз осінен тербелмелі қозғалып, аморфты және кристалды күйлерде болады. Аморфты заттар тәртіпсіз орналасқан бөлшектерден тұрады. Бұлардың белгілі балқу температурасы болмайды. Олар қыздырғанда алдымен жұмсарады, сонан соң қоймалжың күйге көшеді. Аморфты заттарға шыны жатады.
Кристалды затардың бөлшектері кеңістікте белгілі тәртіппен орналасып кристалдық торлар түзеді. Кристалдағы бөлшектердің орналасу орталықтары кристалдық тордың түйіндері деп аталады. Құрамындағы бөлшектердің кеңістікте белгілі тәртіппен орналасуына байланысты жеке кристалдардың немесе монокристалдардың тиісті геометриялық формалары болады. Геометриялық формаларына сәйкес бұл кристалдық жүйелер кубты, тетрагональды, гексагональды, ромбалық, моноклинді, триклинді болып бөлінеді.
Химиялық табиғаты жақын кейбір заттар бірдей кристалдық құрылым түзеді. Мұндай заттарды изоморфты деп атайды. Мұндай құрылымдардағы бөлшектер бірін-бірі алмастыра алады.
Мысалы: КА1 (SО4)2 ∙ 12H2О ашудастағы Al3+ және Cr3+ немесе Ca2SiО4 және Mg2SiО4 силикаттарындағы Mg2+ және Са2+. Осылардағы иондардың бір бөлігі ғана алмасқанда заттың қасиеті өзгере алады. Мысалы, А12О3 корундтегі Al3+ бөлігін Cr3+-ке алмастырғанда мөлдір кристалл қызыл (рубин), ал Тi3+ және Fe3+ иондарына алмастырғанда – көк (сапфир) болады.
Сол сияқты көптеген қосылыстар екі немесе одан да көп кристалдық құрылымда бола алады. Мұндай құбылыстарды полиморфизм дейді. Полиморфизмге мысал ретінде SiО2 қосылысының гексагональды кварц, ромбалық тридимит және кубтық кристобалит түрінде кездесуін алуға болады.
Кристалдық жүйенің типі бөлшектің өлшемімен және табиғатымен, олардың арасындағы химиялық байланыс түрімен, температурамен және басқа да себептермен анықталынады. Тордағы бөлшектер орналасқанда, жүйенің энергиясы ең кіші мәнінде қалуы керек. Тордың төрт түрі белгілі.
1. Иондық тор: Бұл типтегі кристалдардың құрылымдық бірлігі оң және теріс зарядталған иондар болады, олардың арасында жоғары энергиямен сипатталынатын электростатикалық әрекеттесу жүреді. Әртүрлі зарядтағы иондардың өзара күшті тартылуы иондық кристалдардың жоғары беріктілігін қамтамасыз етеді, олардың балқу және қайнау температураларының айтарлықтай жоғары болуын түсіндіреді.
2. Атомдық тор. Кристалдардың түйіндерінде атомдар орналасады, олар бірімен бірі берік ковалентті байланыс түзеді. Атомдар түзетін кристалдардың қаттылығы жоғары, өйткені кез келген деформация коваленттік байланыстың бұзылуына әкеледі. Мұндай кристалдардың балқу және қайнау температурасы жоғары, ал ұшуы өте аз. Мысалы, алмазтың балқу температурасы − 3500°С, ал қайнау температурасы − 4200°С.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет