5. Жұлдыздық карта және аспан координаты. Жұлдыздық карта



бет1/4
Дата25.12.2023
өлшемі175,52 Kb.
#143208
  1   2   3   4
Байланысты:
астр Аяу


5.Жұлдыздық карта және аспан координаты.
Жұлдыздық карта – жұлдызды аспанның не оның бір бөлігінің картасы. Барлық аспанды не оның бір бөлігін қамтитын, аспанның іргелес жатқан учаскелерінің Жұлдыздық карталарының жиынтығын жұлдыздық атлас деп атайды.
Жұлдыздық карта жұлдызды аспан нысандарын (планеталар, құйрықты жұлдыздар, айнымалы жұлдыздар, т.б.) іздеу, аспанның берілген нүктесіне телескопты бағыттау, т.б. кезінде қолданылады. Жұлдыздық карта, көбінесе, аспан координаттарының экваторлық жүйесінде координаттық тормен қоса беріледі. Жалпы шолу Жұлдыздық картасы, әдетте, аспанның Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлары үшін (жеке-жеке) стереография проекциямен беріледі. Аспанның экваторлық белдеуін бейнелеу үшін цилиндрлік проекция, полярлық аймағы үшін азимуттық проекция, ал олардың аралығы үшін конустық проекция қолданылады. Жұлдыздық карта сурет түріндегі Жұлдыздық карта және фотографиялық Жұлдыздық карта болып ажыратылады.Жазықтықта шоқжұлдызды кескіндейтін жүлдыздық карта жасау үшін жұлдыздардың координаты білу керек Жұлдыздардың горизонтқа қатысты координаттары, мысалы, биіктік көрнекі болғанмен карта жасау үшін жарамайды, өйткені ылғи өзгеріп отырады. Жұлдызды аспанмен коса айналатын координатъар жүйесін пайдалану қажет. Өндай крординаттар жүйесі экваторлық жүйе деп аталады.Оның бүлай аталу себебі координаттар басталып саналатын жазықтық ролін онда экватор атқарады. Бұл жүйедегі шырактын аспан экваторынан d ауысу деп аталатын бұрыштық, қашықтығы бір координат болып табылады. Ол солтүстікке қарай он, оңтүстікке қарай теріс деп саналады және өзі 90° аралықтарында өзгереді. Ауысу географиялық ендікке ұқсас. Екінші координат географиялық бойлыққа үқсас және ол тік шарықтау деп аталады.
М шырақтың тік шарықтауы үлкен дөңгелектер жазықтықтарының арасындағы бурышпен өлшенеді, оның біреуі дүниенің, полюстері және М шырақ арқылы, ал екіншісі—дүние полюстері мен экваторда жататын V жазғытұрымғы күн теңелу нүктесі арқылы өтеді. Бұл нүктенің бұлай ійгалу себебі, жазғытүрым 20—21 мартта күн мен түн тенелгенде Күн осы нүктеде (аспан сферасында) болады.
Тік шарықтауды аспан экваторы доғасының бойымен, солтүстік полюстен қарағандағы, сағат тілінің бағытына қарамақарсы жарытұрымғы күн теңелу нүктесінен бастап санайды. Ол 0-ден 360-қа дейін өзгереді және оның тік шарықтау деп аталу себебі — аспан эваторында орналаскан жұлдыздар өздерінің тік шарықтауының өсуі қалпымен (ретімен) туады (батады). Бұл қүбылыс Жердің айналуымен байланысты болғандықтан, тік шарықтауды градустармен емес, уақыт бірліктерімен өрнектеу қабылданған. 24 сағатта Жер бір айналым жасайды (бізге жұлдыздар айналған тәрізді болып көрінеді). Демек, 360°—24 сағатқа, онда 15°—1 сағ, Г—4 мин, 15'—1 мин, 15—1°-қа сәйкес келеді. Мәселен, 90°—6 сағатқа, ал 7 сағ 18 мин— 109°30' тен. Жұлдыздық карталардың координаттык торында, атластарда және глобустарда, соның ішінде окулыққа косымша «Мектеп астрономиялық календарында» тік шарықтау уақыт бірліктерімен белгіленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет