5. Жұлдыздық карта және аспан координаты. Жұлдыздық карта


Марс планетасының жалпы сипаттамасы



бет4/4
Дата25.12.2023
өлшемі175,52 Kb.
#143208
1   2   3   4
53.Марс планетасының жалпы сипаттамасы.
Марс бұл Күннен ең алыс орналасқан төртінші планета және Күн жүйесіндегі ішкі жартасты планеталардың соңғысы, сонымен қатар Меркурий, Венера және Жер. Қарапайым көрінетін Марс тарихқа дейінгі кезден бастап бақылаушыларды өзінің қызыл түсімен қызықтырады және осы себепті Рим соғыс құдайының атымен аталды.
Марс (Қызылжұлдыз) — Жер тобындағы планеталар қатарына жатады. Орташа диаметрі 6800 км, массасы 6,423.1023кг, орташа тығыздығы 3,93 г/см3, бетіндегі ауырлық күшінің үдеуі 3,76 м/с2, орташа температурасы -60 °С. Марс Күнді эллипстік орбита бойымен 24,2 км/с жылдамдықпен айналады, Күннен орташа қашықтығы 228 млн км (перигелийінде 206 млн км, афелийінде 249 млн км). Марс, Күн және Жердің өзара бірдей қашықтықта орналасуы орташа есеппен 780 тәулікте қайталанады. Бұл Марстың “қарсы тұрыс” периодының қайталануы. Марстың қарсы тұрысы Марс орбитасының перигелийі маңында болған кезде ол Жерге ең жақын болатын 56 млн км қашықтыққа келеді. Осы кезде Марс 24 – 25° бұрышпен көрінеді, ал ондағы 60 – 100 км-лік заттар телескоппен қарағанда байқалады. Осындай кезді “ұлы қарсы тұрыс” деп атайды. Бұл 15 – 17 жылда тамыз айында (кейде шілде не қыркүйекте) қайталанады. Марс бетіндегі тұрақты жарық және қоңыр дақтар Марстың өз осінен айналуын бақылауға мүмкіндік береді. Марстың осьтік айналу периоды (жұлдыздық күн тәулігі) 24 сағ 37 мин 22,7 с. Марстағы жыл мезгілдерінің ауысуы және климаттық белдеуге (полюстік, қоңыржай, тропиктік) бөлінуі Жерге ұқсас. Бірақ Марстағы әрбір жыл мезгілі Жердегіден гөрі 1,9 есе ұзақ болады.
Марста атмосфера бар екендігін оның дискісінің шетіне қарай күңгірттенуімен, планетаның тасасындағы жұлдыздардың бәсеңдеп сөнуімен, Марс бетіндегі заттардың айқындылығы жойылуымен дәлелдеуге болады. Марс дискісінің шетінде жеңіл түтін, өте жоғарыда жұқа дискреттік бұлттар, планетаның біраз бөлігін тасалайтын тозаң дауыл байқалады. Спектрлік бақылаудың нәтижесі бойынша Марс атмосферасының құрамында 50-ден 100%-ға дейін көмір қышқыл газы (СО2), су буының іздері және көміртек тотығы (СО) бар екендігі анықталды. 1000 км-ден жоғарғы биіктікте Марс атмосферасының басым көпшілігі сиреген (1 см3-де 104 атомдай) сутек атомдарынан тұрады. Марстың бірнеше қабаттан құралған ионосферасы бар.
Күннен орташа қашықтықтағы Марс бетінен шыққан жылу ағынының (толқын ұзындығының 1 мм – 21 см) радиодиапазонындағы орташа температурасы 220±10 К. Ол перигелийінде 10% жоғары, ал афелийінде сонша төмен болады. Марс бетінің әрбір нүктесіндегі инфрақызыл радиометрия әдісімен өлшенген температуралар: экватордағы талтүстен іле-шала кейін өлшеген температура 300 К, ол Күн батарда 220 К-ге дейін төмендейді. Түні бойы ол тағы да 50 К-ге төмендеп, таң атарда 174 К (–100°С) болады.


69. Жер радиусының өлшемі R біле отырып, Ай радиусын есептеп шығарыңдар.

85. ЖАЖК көмегімен Күннің күн мен түннің теңелу және тоқырау нүктелеріндегі экваторлық координаталарын, осы кездегі Күннің шығу және бату уақытын анықтаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет