37. Космостық жылдамдық және орбита пішіні. Ғарыштық жылдамдық (алғашқы v1 , екінші v2 , үшінші v3 және төртінші v4 ) — аспан денесінің бетінен еркін қозғалыста қандай да бір дененің:
v1 (айналым жылдамдығы) - аспан денесінің серігіне айнала алатын ;
v2 (параболалық жылдамдық) — аспан денесінің гравитациялық тартылысты жеңіп, иерархиядағы біріншілік дене гравитациялық өрісіне көшетін;
v3 — жұлдыз тартылысын еңсеріп, планеталық жүйеден шыға алатын;
v4 — галактиканы қалдыра алатын ең аз жылдамдық.
Үшінші және төртінші ғарыштық жылдамдықтары өте сирек пайдаланылады. Екінші ғарыштық жылдамдық, әдетте, қандай да бір болмасын басқа аспан денелерінің жоқ болу шарттарында пайымдалады. Мысалы, Айдың "жүгіру" жылдамдығы 2,4 км/с тең,оған қарамастан, дененің Айдың бетінен шексіздікке алыстауына алғашында Жер, Күн мен Құс Жолы галактикасының тартылыс күшін жеңуі қажет.
Кейбір ақпарат көздерінде "бесінші ғарыштық жылдамдық" деген ұғым кездеседі. Бұл - жұлдыздар жүйесіндегі эклиптика жазықтықтарының әртүрлілігіне тәуелсіз басқа планетаға планеталардың жетуге мүмкіндік беретін жылдамдық. Мысалы, Күн жүйесі, нақтырақ айтсақ, Жер үшін,планетааралық ұшу орбитасы Жер орбитасына перпендикуляр болуы үшін секундына 43,6 километр ұшыру жылдамдығы қажет.
Айналма жылдамдығының квадраты (алғашқы ғарыштық жылдамдықтың) аспан денесінің бетінде жоғары дәлдікпен Φ- Ньютон потенциалына тең (шексіздікте нөлдік потенциалды таңдау кезінде):
мұндағы M — ғаламшардың массасы, R — аспан денесінің радиусы, G— гравитациялық тұрақты.
Бірінші және екінші ғарыштық жылдамдықтар арасында қарапайым қатынас сақталады:
Ғарыштық жылдамдықтар — жасанды денелердің (жерден) бастапкы ұшу жылдамдығы:
біріншісі — 7,9 километр/сек.,
екіншісі — 11,2 километр/сек.,
үшіншісі — 16,7 километр/сек.
Жердің тартылыс күшін теңестіріп, ракетаның жер орбитасын айналып жүруі үшін оған жер бетінде бастапкы жылдамдық беру керек. Ол — 7,9 километр/сек. (шеңбер жылдамдығы). Ракетаның ұшу биіктігі арткан сайын айналудың бастапқы жылдамдығы кемиді (200 километр ұшу биіктігінде — 7,9 километр/сек-ке дейін, 1000 километр биікте — 7,3 километр/сек-ке дейін). Өйткені жердің тартылыс күші азаяды. Жер бетіндегі бастапқы жылдамдықты 7,9-дан 11,2 километр/сек-ке дейін арттырса, ракета эллипс тәрізді орбитада ұшады, оның бір бүйірі жердің орталығында болады. Жылдамдық шеңбер жылдамдығынан артқан сайын, эллипс соғұрлым созылыңқы болады. Жер бетіндегі жылдамдық 11,2 километр/секундке жеткенде, ракета жердің тартылыс күшін женіп, жасанды планетаға айналады. Жер бетіндегі бастапқы жылдамдығы 16,7 километр/секундке жетсе, ракета Жердің де Күннің де тарту күшін жеңіп, күн жүйесінің шеңберінен шығады.
Орбита (лат. orbіta – жол, із), траектория – планеталардың, планета серіктерінің, ЖЖС-нің, т.б. денелердің массалар центрінің орталық дене айналасындағы қозғалыс траекториясы. Орбита бірінші жуықтауда Кеплер заңымен анықталады. Оны дәл анықтау үшін қозғалыстың аналитикалық теориясы қолданылады. Жасанды серіктердің орбитасы әр түрлі сыртқы күштердің әсерінен үнемі аздап өзгеріп отырады. Сондықтан олардың орбитасы белгілі уақыт өткен сайын өлшеніп, өлшеу нәтижесі негізінде орбиталық түзетулер енгізіледі.
Орбита пішіні бойынша дөңгелек, эллипстік, параболалық және гиперболалық болып бөлінеді. Жалпы орбита пішіні эксцентритет мәнімен анықталады: яғни е=0 болғанда орбита пішіні дөңгелек, эллипс, е=1 болғанда парабола, гипербола болады.