ішінде "Жітіќара ауданы єкімініњ аппараты"
ММ-де μтеді.
Конкурстыќ комиссияныњ айќындылыѓы мен
єділдігін ќамтамасыз ету ‰шін оныњ отырысы-
на баќылаушылардыњ ќатысуына болады.
Конкурс комиссиясыныњ байќаушылар ретін-
де Ќазаќстан Республикасы Парламентініњ жєне
барлыќ дењгейдегі мєслихат депутаттарыныњ,
Ќазаќстан Республикасы зањнамасында белгі-
ленген тєртіпте аккредиттелген б±ќаралыќ аќпа-
рат ќ±ралдарыныњ, басќа да мемлекеттік орган-
дардыњ, ќоѓамдыќ бірлестіктердіњ (‰кіметтік
емес ±йымдар), коммерциялыќ ±йымдардыњ
жєне саяси партиялардыњ μкілдері, уєкілетті
органныњ ќызметкерлері ќатыса алады.
Байќаушы ретінде конкурс комиссиясыныњ
отырысына ќатысу ‰шін т±лѓалар єњгімелесу
басталуына 1 ж±мыс к‰ні ќалѓанѓа дейін
кμшіктірмей "Жітіќара ауданы єкімініњ аппара-
ты" персоналды басќару ќызметіне (кадр ќыз-
метіне) тіркеледі. Тіркелу ‰шін т±лѓалар Жітіќа-
ра ауданы єкімініњ аппаратыныњ персоналды
басќару ќызметіне (кадр ќызметіне) жеке ба-
сын куєландыратын ќ±жаттыњ кμшірмесін,
±йымдарѓа тиесілілігін растайтын ќ±жаттардыњ
т‰пн±сќасын немесе кμшірмелерін ±сынады.
Азаматтар конкурсќа ќатысу шыѓындарын
(єњгімелесу μтетін жерге келу жєне ќайту, т±ра-
тын жер жалдау, байланыс ќызметініњ барлыќ
т‰рлерін пайдалану) μздерініњ жеке ќаражатта-
ры есебінен ж‰ргізеді.
Ќ¦ТТЫЌТАУ
Ќ±ттыќтаймыз!
Ќ±ттыќтаймыз!
Ќ±ттыќтаймыз!
Ќ±ттыќтаймыз!
Ќ±ттыќтаймыз!
Жарты ѓасыр μмірдіњ ыстыќ-суыѓын бірге кешіп, ал-
тын тойына абыроймен жеткен ќ±рметті наѓашымыз
КЄКЕНОВ Жаќсылыќ Кєкен±лын жєне жењгеміз
Райхан Асанќызын шањыраќ ќ±рѓанына 50 жыл
толуымен шын ж‰ректен ќ±ттыќтаймыз!
Алдаѓы уаќытта зор денсаулыќ, балаларыњыздыњ
ќызыѓын кμріп, аман-сау ж‰ре берулеріњізге тілектеспіз.
Ќуаныштарыњыз ортаймай, ±рпаќтарыњыздыњ ќызы-
ѓына кенеліп, туѓан-туыстардыњ ќ±рметіне бμлене беріњіз.
Ізгі тілекпен: Атымтаевтар єулеті.
Рудный ќаласыныњ т±рѓындары КЄКЕНОВ
Жаќсылыќ пен Райханды ертењгі μтетін
Алтын тойларымен ќ±ттыќтаймыз!
Олар бес баланы μмірге єкеліп, μсіріп-оќытып,
жан±я ќ±рѓызып, немере-шμбере с‰йіп отырѓан
баќытты ата-аналар. Аѓайынѓа абыройлы, дос-
жаранѓа ќ±рметті жандар. Бой-
ларыњнан сергектік, сєн кет-
песін, ‰йлеріњнен береке, єн кетпесін, деп тілек
білдіреміз.
Аќталды армандарыњ, ізгі ‰міттер.
Сіздерге талпынамыз, біз де ‰міткер.
Би билеп, осы тойда єн салыњдар,
Жетпістіњ ‰стіндегі ќыз-жігіттер.
Достары: Бейсен-Бейсенг‰л.
"Ахметов Талѓат Батырбекович" ШЌ сенімді
т±лѓасы кепілдік м‰лікті μткізу бойынша сауда
μткізілетіні туралы хабарлайды:
№ 1 лот- Ќостанай облысы, Алтынсарин
ауданы, Новоалексеев селолыќ округі аума-
ѓында орналасќан, маќсаттыќ нысаны шаруа
ќожалыѓын ж‰ргізуге арналѓан, жер учаскесін
пайдалануда шектеулер мен ауыртпалыќтар
жоќ, жер учаскесініњ бμлінуі-бμлінетін, жалпы
алањы 418, 8 га, кадастрлік нμмірі 12-178-023-
122, жер теліміне 29.03.2054 жылѓа дейінгі
мерзімге уаќытша ±заќ мерзімді жер пайдалану
ќ±ќыѓы
№2 лот-Ќостанай облысы, Алтынсарин
ауданы, Большечураков селолыќ округі
аумаѓында орналасќан, маќсаттыќ нысаны
шаруа ќожалыѓын ж‰ргізуге арналѓан, жер
учаскесін пайдалануда шектеулер мен ауырт-
палыќтар жоќ, жер учаскесініњ бμлінуі -
бμлінетін, жалпы алањы 414,0 га, кадастрлік
нμмірі 12-178-019-071, жер теліміне 11.04.2052
жылѓа дейінгі мерзімге уаќытша ±заќ мерзімді
жер пайдалану ќ±ќыѓы
Бастапќы баѓасы 600 000(алты ж‰з мыњ)
тењге ќ±райды, сауда μткізу єдісі - аѓылшын,
кепілдік жарна ќатысушы ретінде тіркелгеннен
кейін енгізіледі жєне сауда аяќталѓаннан кейін
сауда жењімпазынан басќаларѓа ќайтарылады
Сатып алу баѓасы сауда μткізілген сєттен
бастап тењгемен 10 ( он) ж±мыс к‰н ішінде
тμленеді.
Сауда μткізу орны: Ќостанай облысы,
Алтынсарин ауданы, Осипов с., "Ахметов
Талѓат Батырбекович" ШЌ кењсесі. Сауда
μткізілетін к‰ні мен уаќыты: 2015 ж., 17 мау-
сым, саѓ.11.00-де.
21.11.2014 ж .берілген, № 877 сенімхаты
бойынша єрекет ететін сенімді т±лѓаныњ тел.
±ялы. 87053049298, μтінімдер 16.06.2015 ж.,
саѓ. 18.00-ге дейін ќабылданады.
Доверенное лицо КХ "Ахметов Талгат Батырбе-
кович" сообщает о проведении торгов по реализа-
ции следующего залогового имущества:
Лот №1 – право временного долгосрочного зем-
лепользования сроком до 29.03.2054 г., на зе-
мельный участок расположенный по адресу: Кос-
танайская область, Алтынсаринский район, Ново-
алексеевский сельский округ, кадастровый номер
12-178-023-122, общей площадью 418,8 га, це-
левое назначение для ведения крестьянского хо-
зяйства, ограничения в использовании и обреме-
нения земельного участка – нет, делимость земель-
ного участка – делимый
Лот№-2 – право временного долгосрочного зем-
лепользования сроком до 11.04.2052г., на земель-
ный участок расположенный по адресу : Костанай-
ская область, Алтынсаринский район, Большечу-
раковский сельский округ, кадастровый номер 12-
178-019-071, общей площадью 414,0 га, целевое
назначение для ведения крестьянского хозяйства,
ограничения в использовании и обременения зе-
мельного участка – нет, делимость земельного уча-
стка –делимый
Стартовая цена составляет 600 000 (шестьсот
тысяч ) тенге, метод проведения торгов – английс-
кий, гарантийный взнос вносится после регистра-
ции в качестве участника и подлежит возврату по
окончании торгов, кроме лица, выигравшего торги.
Покупная цена уплачивается в тенге в течение
10 (десяти) рабочих дней со дня проведения тор-
гов.
Место проведения торгов: Костанайская об-
ласть, Алтынсаринский район, с. Осиповка, офис
КХ "Ахметов Талгат Батырбекович». Дата и время
проведения торгов 17 июня 2015 года в 11.00 ча-
сов.
Телефон доверенного лица действующая по
доверенности № 877 от 21.11.2014 г. сот.
87053049298, заявки принимается в срок до
16.06.2015 года до 18.00 часов.
Ќ±тты болсын, алтын той!
Ќ±тты болсын, алтын той!
Ќ±тты болсын, алтын той!
Ќ±тты болсын, алтын той!
Ќ±тты болсын, алтын той!
8
5 маусым 2015 жыл
wwwwwwwwwwwwwww
wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww
wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww
Тарих
тағлымы
Тарихымың қойнауынан естимін,
Ұлағатты ұлы дала дауысын.
Қасым хандық «Қасқа жолға» бас идім,
Есімхандық «Ескі жолмен» таныспын.
Одан кейін «Жеті жарғы» жазылды,
Ұрпақ біледі «Тәуке» деген абызды.
Міне осылай Хандар жолы жалғасып,
Ел мақсаты сүйреді алға жаңа ізді.
Бостандықты армандады бабалар,
Серік етіп баһадүрлік дәстүрді.
Өрісі кең, айбыны мол батырлар,
Алла қолдап заманға сай дәл туды.
Дәстүрдің де озы менен тозы бар,
Өткір ойлар шығар нағыз тұлғадан.
Тағлым мен тәрбиенің қоры бар,
Адам ғана ұлы істерді жалғаған.
Бір Аллаға шүкір дейік иншалла,
Өзекті өртер өкініш жоқ жалғанда.
Әз тарихтың куәсіміз біз бүгін,
Ұрпақ жеткен «Тәуелсіздік» арманға.
Алынды асу, көрініп тұр көкжиек,
Өтті бастан не бір шаншу- көтүйнек.
«Алты ғасыр» , «Хандық» ғұмыр тойлаған,
Бақытты елім, өсер ұрпақ, жеткіншек.
Халқымыздың ынтымағы жарасып,
Көк байрағы желбіреді биікте.
Аллам иіп азаттықтың таңы атып,
«Қазақ елі» паш етілді Әлемге.
Жарқын іспен таң қалдырып әлемді,
Нәтижелі ілкімді іске бастаған.
«Нұрлы жолы» әз – тарихқа жаңа енді,
Ақ патшамыз, Ел басының Нұрлы ағам.
Осы күнді көре алмады боздақтар,
Иманды боп жатсын марқұм аруақтар.
Жаббар ием тірі жанды бақытты ет,
Ұрпақ өссін иман жүзді ары бар.
Жаңбыршы ТҰҚАТҰЛЫ.
Қарамеңді ауылы,
Науырзым ауданы.
Үйрене алмай…
Мен де алпысқа келіппін-ау, о, сұмдық,
Бұл өмірде енді кімге қосылдық
Шал да болмай,
жас та болмай тосылдық.
Үйрене алмай үйреншікті сөздерге,
Төрде отырып төрдің сәнін кетірдік.
Күздің жылы күндеріндей күлімдеп,
Алпыс жас тұр жапырағы дірілдеп.
Уақыттың босқа өткені болмаса
Бұл өмірде жоғалтатын түгім жоқ.
Елге де өкпе айта алмаймын мен де аса
Өз жанымды өзім өттім жұлып жеп.
Амалым не, алпыс міне кеп қалды,
Алпыс деген абырой ғой ақ қарлы.
Бір қиыны жаңалықтың барлығы
Маған неге көрінеді жаттанды.
Шыныменен бұл өмірді сүрдік пе?
Шыныменен алпыс жасқа кірдік пе?
Өмір бақи өткендеймін мен осы,
Үйрене алмай үйреншікті тірлікке.
Көрдік талай қоғамдар мен заманды,
Сол кездерден көңілімде не қалды?
Бар заманның жазылмаған заңдары,
Өмір бақи ауыздықтау адамды.
Албырттарды шақыратын елдікке,
Шыныменен біз де алпысқа келдік пе?
Ішім кеуіп кетті ме екен іш пысып,
Қарным сыймай бара жатыр белдікке.
Жылы сайда
қыста да ұшар
көбелек
Өмір, өмір
Жоққа да арман, барға арман
Қайран күндер әр нәрсеге қор болған.
Құтыла алмай джунгли орманнан
Құтыла алмай ормандағы аңдардан,
Аңдар сол бір ойлап тапқан заңдардан
Өте шығар болдық ақыр жалғаннан.
Қайран өмір, біртін-біртін кетілген,
Біртін-біртін қасиетіңді кетірген.
Жақсы келін, жақсы әйелдер алдында
Жасқанамын ешкім қақпай бетімнен.
Жасқанамын, сұрай көрме негелеп,
Одан гөрі нұрын төкші себелеп
Жылы-жылы сөйлеші тек сен маған,
Жылылықтан басқа бізге не керек.
Біздің жақта, Суықтөбе тауында
Жылысайда қыста да ұшар көбелек.
Ей, өмір-ай, барға да арман,
жоққа арман,
Күн жылыса көктем екен деп қалған.
Бір ақ көбелек көрдім кеше ақ қардан
Сен де менің сезімімді кешірші.
Дүр сілкініп, содан кейін жоқ болған,
Кешірші Сен, жан жүрегі аппақ жан.
Келер күнге
қалдырдым...
Көрмегенді жүре-жүре көз көрді,
Сөлі шығып, айта-айта сөз де өлді.
Қара бастың күйін күйттей бергенше,
Күй табақты ауыстырар кез келді.
Тіршілігін істей бермей әркімнің,
Қажетіне жарасамшы халқымның.
Батыс жаққа батқан сайын алтын күн
Суға батып баратқандай алқындым.
Көп тобырға кеттім ұқсап неге осы,
Өз тағдыры болад деуші еді әркімнің.
Мен бір ерлік жасардай ем,
Келесі,
Келер күнге оны тағы қалдырдым...
Қылует
Кезім қазір сәл-пәл ғана қартайған,
Айдын көлім сәл-пәл ғана ортайған.
Қайран жастық, шалқайғанға
шалқайған,
Қайран жастық, талтайғанға
талтайған.
Шықтым міне алпыс деген жасыңа,
Шыққанша осы алпыс деген тасыңа.
Кімдер келіп, кім кетпеді қасыма.
Жау мен дауға жұрттан
бұрын кіруші ем,
Сауға тілеп енді отырмын басыма.
Сауыр етім тұр ғой міне жалбырап,
Күлімсіреп күн көремін мен бірақ.
Сауыр етін қан-қан қылған қасқырлар
Астымда бір жер тарпиды арғымақ.
Шұрқырайды, сол арғымақ кісінеп
Оны бірақ түсінетін кісі жоқ.
Неткен батыр!
Қылуетке түскендер
Мына жалған дүниемен ісі жоқ
Қылуетке адам бекер енбейді,
Ол шешімге оңай адам келмейді.
Бәрін, бәрін істеймін деп алданба,
Бәрін істеп жатқаныңмен жалғанда
Байқап тұрсаң түк ештеме өнбейді.
Ала күз
Ала күзге терезеден үңіліп,
Үйде отырмын, үйдің іші жылымық.
Ауыр-ауыр сөз айтардай асқар тау
Қара бұлт тұр өз жанынан түңіліп.
Қара бұлт тұр тау басына жиылып,
Әне-міне кететіндей құйылып.
Мәңгі ашқарақ сезімменен көзімнің
Әдетінен мен де отырмын тиылып.
Жан алысып, жан беріскен жастық та,
Құдайдай бір сенуші едік достыққа.
Ақырында бәрі кетті сұйылып.
Жаным құмар майлы ет пенен сорпаға,
Қуанбаймын басқасына оншама.
Өз көкірек айдынымда толқимын,
Өз үйімнің ауласында солпидым.
Барғым келмей ешқандай бір ортаға.
Үйге де осы кіргім келмей елеңдеп,
Сосын көше кезе бердім көлеңдеп.
Қыз емшектей шөмелелер қырдағы,
Солып бара жатыр күнде төмендеп.
Шөп маядай болсам деп ем самарқау,
Бұрқ-сарқ қайнап жатыр
іште жанар тау.
Ала жаздай адам болып күн кешіп,
Ала күзде құс боп ұшып жоғалса-ау...
Есенқұл ЖАҚЫПБЕК.
Жоңғар менен қалмақтар,
Еділ бойы башқұрттар,
Талады кеп жан-жақтан,
Тыныш жатқан елімді.
Мал-мүлкін тонады,
Аш бөріше талады.
Әкетіп айдап құлдыққа,
Азаптады, сабады.
Дұшпанның езгісі мазақ бәрі,
Сүйреледі, қорлады, азаптады.
Бір жағынан аждаһа аштық жайлап,
Жөнсіз қинап, ентелеп талап бәрі.
Ерлерім, серпілді алға нұсқап,
Қолына семсер, қылыш, найза ұстап.
Жауларын тым-тырақай талқан етті,
Беріспей, жанын берді біздің ұрпақ..
Суырып қылыштарын жалаңдатты,
Жауына арыстандай тура шапты.
Кешегі Қабанбай, Бөгенбайлар,
Жоңғардың талайының басын шапты.
Күш салып, тойтаруға қалайда әлі,
Жиылды әскер жиып олар бәрі,
Ойқастап, оқтын –
оқтын майдан салды,
Кешегі Батыр Баян, Малайсары.
Жауда бізді ала алмай,
Алды артына қарамай,
Тобыл бойы ұрыста,
Батырлық, ерлік көрсетті,
Хас батырым Қарасай.
Маңдайын жерге ұрады,
Ыза менен кек кернеп,
Жауға қарсы шығады.
Хандық керей Жәнібек.
Қарсы шықты бетпе бет,
Алматы Талғар маңында.
Райымбек батыр шайқасты,
Секерханмен жекпе жек.
Талғардан өтіп қалмақтар,
Түргенге қарай жол тартты.
Қазақтың көріп әскерін,
Шамасы келмей бас тартты.
Хан мен билер жиылып ақыл құрды,
Қалмаққа шабуылдап, қарсы тұрды.
Ес жиып осы тұста қазақ елі,
Абылай өзі сүйреп, елден қуды.
***
41 жыл.. күн туды, ел басына,
Қайта тұрып, күш жұмылып тасыла.
Майданға жаппай аттанды,
Үлкенді - кіші, жасы да
Дұшпанның құртып қаһарын,
Тойтарып, жойып, шатағын.
Бейбіт күн келді-ау, әйтеуір,
Шуағын шашып, шапағын.
1945-ші жыл, жадырап келді жетіп.
Қуантты халқымды елжіретіп,
9-ыншы мамыр күні ақжолтайлап,
Жеңістің жалауын желбіретіп.
Біз қазақпыз, күрестерде шыңдалған,
Аман қалдық талай қилы сындардан.
Біз өткердік, біздер нелер көрмедік,
Өттік небір ауыр сынды жылдардан.
Ар салысқан, арпалысқан күресте,
Бәрі-бәрі жазулы тұр бұл есте.
Кешегі қиын-қыстау кездері,
Ұмытылмай, тұр ғой біздің бұл есте.
Тарихтың өтті талай парақтары,
Қасірет, шеккен ауыр азаптары.
Мәңгілік есімізде сақталады,
Соғыстың сынды ауыр сағаттары.
Бәрінің көніп жаттық ықпалына,
Арайлы таң шапағы атқанына.
Әйтеуір, ел болып келіп жеттік,
Бүгінгі тәуелсіздік ақ таңына.
Түстік, сескенбедік, тура жолға,
Дамулы қатарында ел болуда.
Еліміз бар күшін жинап жатыр,
Әлемдік, деңгейдегі ЭКСПО-ға.
Шұғыласы күн нұрымен өрілген,
Шаңырағы биікте тұр төрімнен.
Шаңырағы – татулық пен бірлікте,
Керегесі керулі тұр кеңінен.
Алма СӘБИТҚЫЗЫ,
Қ.Топаев атындағы орта
мектептің мұғалімі.
Жанкелдин ауданы.
Өткен күн іздері
9
5 маусым 2015 жыл
wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww
wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww
wwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwwww
С
ол сезім деген сырға толы тұңғиық
мені күннен-күнге батырып бара-
ды. Сен жақтан алаулаған сезімнің
самалы соққаннан бері менің жүрегім басқа-
ша, өзгеше соғатын болды. Өмірлік арман
мақсатымды орындауға нық қадамдармен
жақындай бастадым. Бәріне себепкер өзің.
Сенің мөлдір көздерің. Көп қыздарда сенің
көзіңдегідей мейірім мен терең махаббат
жоқ. Мен өмірімде сендей қызды жолықтыр-
ғаныма ерекше қуанамын. Және осы күн-
дерімді бақытыма балаймын. Себебі, сен
жап-жас қызсың. Дегенмен менің қар тайып
тұрғаным шамалы. Өмір жолымда жарқ
етіп шығып, сәуле шашып, өзіңе ғашық ет-
кеніңмен, көңілімді сендік сезімнің құрба-
ны болмас үшін өз бақытымды бәрінен биік
қою ға серт еткенмін. Менің бақытым үйімде
азанда есіктен шыққаннан бастап, кешке сол
босағаға енгенімше тілеуімді тілеп отыра-
тын ай дидарлы, сүйікті әйеліммен балдай
тәтті балапаным. Мені әуреге салып қойған
сенің қылықтарыңмен мейірімге толы көз-
деріңдегі күлкі арнасы. Басқалармен ашық-
жарқын сөйлегеніңмен маған бар болғаны
жай жымиясың. Үндемейсің. Мені құртқан
сол үнсіздік. Алғашында көп мән бермей
жүргеніммен кейіннен үнсіз шарпылған жа-
лынға күйіп-жанып, барған сайын сергелдең
сезімге тұтқындала бердім.
h
Бірде қыршаңқы, қырсық тіліммен: сені
құшақтасам өмірде арманым болмас деп
едім, сен тағы да үндемедің. Жай ғана жыми-
дың. Содан… Бардым да сені құшақтай сал-
дым. Ойымда ештеңе жоқ. Құшақтай салдым.
Құшақтадым… Сен жай ғана күлдің. Мен…
Мен сол кезден бастап бүкіл ақыл-есімнен
айырылдым. Бір сарынмен сырғып жатқан
күндерімнің тынышынан айырылдым. Және
күніге қайта-қайта сені құшақтағым келіп
тұратын болды. Ауру емес, аурудан ары емес
адам болдым да қалдым. Неге сен сол кезде
қарсылық танытпадың?! Неге? Дегенмен
ол үшін сені кінәламаймын. Қандай жағдай
болса да басымдағы қиындықты өзгеден
көрмеймін. Бәрі өзімнен. Сергелдең сезімді
ақылыма жеңдіріп, жандүниемнің тынышын
тоналтып алған өзім.
h
Менің бар арманым мұғалім болу еді.
Дегенмен өмір мені театрға әкелді. Міне,
алтыншы жыл мен театр қабырғасында
әдеби бөлімдемін. Бәрі де ойламаған, күт-
пеген жерден болды. Сен жаңадан жұмысқа
біздің бөлімге, қызметке келдің. Дәл сол кез-
де театрда халықаралық фестиваль өтетін
болып, қауырт жұмыстарды табанымыздан
тік тұрып атқаруға бірге кірісіп кеттік. Күніге
жиналыс. Күнде есеп. Жұмысқа ерте келіп,
кеш қайтуға үйреніп қалған едік. Менің ұсы-
нысым қолдау тауып, басшылар мақұлдаған
соң, жиналыстан қуанып шықтым да, сезімге
ерік беріп сені құшақтап алуым осы еді. Дәл
осы кезден бастап, мен өзгердім. Өмірімде
өзгеше жаңаша құбылыстың жарқылы жүріп
өтті. Көзқарасың бұрынғыдан да тереңдей
түсті. Сырын ешкімде сезбейтін бәймәлім
әлем қоюлана берді. Енді қайтпекпін? Үйде
аяулы жарым бар. Мен оны шын сүйемін.
Ол менің өмірімнің мәні. Маған талмайтын
қанат берген сол аяулы жарым. Менің өзгеге
ғашық екенімді білсе, менің өмірім… Жоқ.
Мен білдірмеуім керек. Ол үшін осы сәттен
бастап сені ойлауды мүлдем тоқтатуым ке-
рек. Себебі күн өткен сайын сәт қатты, өте
қатты ұнап келесің. Бұл қауіпті. Және өте.
Сен әлі жас қызсың. Ойың, санаң, көңілің
бәрі, бәрі де таза, пәк. Осы ойың мәңгі таза
күйінде еш былғанбауы керек.
h
Сен жақсы жігітке жолығуың керек. Ол
сенің осыншама асыл қасиеттеріңді баға-
лайтын жігіт… Азамат жолығуы керек. Сон-
да сенің бақытты боларыңа көзім жетіп,
алаңсыз өмір сүремін. Мүмкін сондай жі-
гітпен сені өзім таныстырайын ба? Бірақ
қалай, қалай қиямын өзгеге. Мейлі жан
досым болсын ол сені қалай, қалай аялай-
ды? Кенет ойыма сәуле енгендей болды.
Таптым. Сені ренжітпей, алақанына салып,
өмірдің бұралаң жолында сені құлатпай,
сүріндірмей алып жүретін жігітті тапқан
сияқтымын. Ол… Ол, менің туған інім. Ол
өте тәртіпті, қарапайым, дарқан, кез-кел-
ген іске байыппен қарап, тереңіне бойлай
алатын жігіт. Бітті. Мен сені сонымен та-
ныстырамын. Мен білемін інім екеуің өте
жарасымды жұп боласыңдар. Танысқаннан
соң, екеуің лезде тіл табысып, дос болып
кетесіңдер. Одан кейін… Қыз бен жігіт бо-
лып саябақтарда қол ұстасып жүресіңдер.
Айлы түннің астында бірге қыдырасыңдар.
Ұзақ-ұзақ уақыт бір-бірлеріңе сырларыңды
айтып, сырласасыңдар. Біздің үйге де келіп
тұрасыңдар. Менің әйелім жақсылап тұрып
тамақ істеп береді. Бәріміз бірге отырып,
тамақ ішеміз. Сол кезде менің балам менің
не әйелімнің немесе інімнің жанына барып,
жаймен сыбырлап: мына әдемі қыз кім? –
деп сұрайды. Әрбір қылығы тәттілікке толы
менің баламның сұрағын бәріміз естіп қоя-
мыз да күліп жібереміз. Күлеміз. Күлеміз-
ай. Риясыз, еш кірбіңсіз күлеміз. Сүйкімді,
тартымды күлкің мені өзіне еріксіз баурап
әкетіп, саған қарап… ұзақ қарап қалсам ше?
Шай құйып беріп отырған әйелім не ойлай-
ды? Інім інісін, яғни менің баламды алдына
алып, сені таныстырайын деп жатып, саған
қарап қалған маған не айтады? Келінінен
көзін ала-алмай қарап отырған ағасына не
дейді? Оның үстіне сен маған келін… Атама!
Туысқаным болмақсың ба? Жоқ. Мен… Мен
сені туған інімнен қызғанбаймын. Онымен
бірге бақытты өмір сүруіңе тілектестік біл-
дірермін. Бірақ. Болашақта қалай болады
жағдайымыз. Үнсіз күлкіңнен басталған
арамыздағы бір-бірімізге ашып айтпаған
сезімдермен тұншыққан тәкаппар мінез-
дердің тағдыры болашақта қалай болмақ?
Сондықтан да бұл ойым болмайды екен.
Кей-кейде жұмыстан шаршап-шал-
дыққан кезде сенің күлкің бар қиындықты
ұмыттыратын еді. Қазақ қызының мінезі-
не тән қарапайымдылық пен тәрбиелік
сенің бойына, мінезіңе жарасып тұрады.
Басқаларға қалай қарайтыныңды білмедім.
Бірақ маған жай қараған емессің. Ылғи
да күлімдеп, күліп қарайсың. Сөйтесің де
менің көңілімді астаң-кестең етесің. Кейде,
отырып алып өмірім жолымда тосыннан
жолыққаныңа іштей бұрқан-талқан болып
ашуланамын. Сен өте жақсы қызсың. Жақ-
сылығың сол – күлесің… Өмірдің соқтықпа-
лы-соқпақты жолы сенің күлкіңе, мейіріміңе
бөтен көзбен қарамасың деп тілеймін. Мен
сені жақсы көремін. Әйелімді қалай сүйсем,
сені де солай жақсы көремін. Бірақ бұл дұрыс
емес. Адамда бір жүрек болған соң, бір адам-
ды ғана жақсы көріп және сүюі керек.
h
Бірде мен Астанаға іс-сапармен бара-
тын болып кеңседегі қызметтестеріммен
қоштасып, шықтым. Қызық, бәрі де маған:
Жолың болсын! – деп сәт сапар тілеп жатқан-
да сен орныңнан бәрінен бірінші болып
тұр ға н ың мен маған ләм-мим деп тіл қатпа-
дың. Бойымды бір сезім шарпып өтті. Бәлкім
ол, махаббаттың түсінбестік сезімі шығар.
Мен іркілмей, тоқтамай жүріп кете бердім.
Сыртта күтіп тұрған көлікке асығыс отыра
бергенім сол еді, атымды үш-төрт рет атап,
айқайлап келіп: қалып кеткен қолбағымды
ұсындың. Мен оны ұмытқан жоқпын. Әдейі-
ге тастап кеткенмін. Үстелімнің сен отырған
жағына көрінетін етіп, қойып кеткенмін.
Күннің ызғары өңмеңнен өтіп кететіндей
қара суық болатын. Сенің алқынып желең
шыға салғаныңды көріп, құшақтап алуға шақ
қалдым.
Мұның не, Астанаға қанша рет барып
жүрсең де ол жақтың ауа райын есіңнен
шығарып алдың ба? – деп қабағыңды түй-
генде сені бұрынғыдан да қатты жақсы көріп
кеттім.
– Жарайды, – дедім сасқанымнан. Кешір
енді… мына сөз менің аузымнан қалай
шығып кетті? Енді тастамаймын. Тастамай-
мын – дедім де бетіңнен сүйдім. Көлікке
отырдым. Көлікке отырып, қайдан екенін
төртінші қабаттағы бастықтың терезесіне
көзім түсіп кетті. Сөйтсем ол қарап тұр екен.
Бастық, не ойлады екен? Қазіргідей сезімнің
құшағында тұрғанда оның не ойлағаны мен
үшін ол маңызды емес деп жүріп кеттік. Біз
бағдаршамға тоқтап, келесі көшеге түсіп
кеткенге дейін сен тапжылмай маған қарап
тұрған едің. Көліктен түсіп қалғым-ақ кел-
ді. Қолымды бір сілтеп Астанаға бармай-ақ
қойып, қыстың аязында далада тұрған сені
тағы да құшақтап алып, өзімнің пальтомды
иығыңа жауып, жауратпау қолымнан кел-
генімен не шара? Сенің жаныңа барғанда не
істеймін? Не айтамын? Қайта екеумізде одан
сайын қиналамыз. Сен өміріме енгеннен бері
адам өмірге ғашық болу үшін ғана келетін-
дей көріне бастады. Бірақ менікін ғашықтық
деуге келмес. Ғашық адам бәріне де барады
деп жатады. Сонда мен қандай қадамдарға
баруым керек? Сені тағы да құшақтауым ке-
рек пе? Жо-Жоқ. Енді сені мүлдем құшақта-
маймын. Бір рет құшақтаймын деп осынша-
ма азапқа түстім. Енді құшақтайтын болмас,
сендік сезімнің құрбаны боларым сөзсіз.
h
Фестивалдің жұмыстары бастан асып,
бастықтың тапсырмасымен жұмысқа уақы-
тында келмедім. Шаруалармен Мәдениет
басқармасы бастығының қабылдау бөлмесін-
де отырғанда қабырғадағы сағаттан жұмыс
күнінің басталғанын көрдім. Сұлу, әдеміше
келген хатшы қыздың бойынан сендегі бия-
зылық пен жылылықты, тартымдылықты
іздей бастадым. Бірі де жоқ. Ішкі мәдениет
пен ашықтық бәрі де бәрі сенің бойыңнан
табылып-ақ тұрады екен. Қайда жүрсем де
сенің асыл қасиеттеріңді көрінген қызбен
салыстырып жүретін болдым. «Сізге кірсін
деп жатыр!» – деген сөзді қайдан естідім
деп отырған едім, сөйтсем әлгі хатшы қыз
осы сөзді үшінші рет қайталап жатыр екен.
«Дау сы неткен жағымсыз еді» – деп орным-
нан тұрып бастықтың бөлмесіне ентелей
жөнелдім.
Кейде саған қыз баласының бойындағы
осыншама жақсы қасиеттер бір бойыңа қа-
лай сыйып, оны қалай көтеріп жүрсің де-
генім-ақ келеді. Бірақ, аузым бармайды.
Өзіңде байқайтын шығарсың, мен сенен
алғаштау, мейлінше алыстау жүруге тыры-
самын. Жақын барып, сыр ақтарып сыр-
ласқанда не таппақпын? Жұмыстан соң,
бірге қайтып қыдыруды ойламайды дейсің
бе? Ойлағанмен не істей аламын? Бәріне
байыппен қарап, сенің мөлдір таза көңіліңді
жаралағым келмейді. Сол үшін де мен өз-
өзімді тежеймін. Мұндай үнсіз әңгіме-
лерімді сен ұғарсың, мүмкін жаратпассың,
дегенмен ең оңтайлысы осы.
Ойымды оқып қойдың ба, сәті солай
түсті ме? Екеуміз бәрінен кейін шықтық.
Күзетшінің соншалықты ашкөздікпен саған
қарағанына іштей қызғанып қалдым. Сау
болыңыз, қарындас! – дегенде түюлі жұды-
рығыма әрең ие болып тұрдым. Жерде қар
болғанымен ауа жылы еді. Көлігім бұзылып,
шаршап жүрсем де сенің жаяу қайтайық де-
ген ұсынысыңнан бас тарта алмадым. Со-
дан жаяу жүргіншілер жолына түсіп алып
ұзақтан әңгіме тарқаттық. Байқағаным,
менің бастаған әңгімелерімді ойымдағы-
дай жақсы жалғастырып, көңілімді бір сер-
пілтіп тастайтын қасиетіңе осы жолы тағы
да риза болдым. Келе жаттық. Бір ырғақпен
баяулап келеміз. Үнсіздікке еніп кеттік. Осы
үнсіздік сезім шоғындай жанымды бұрын
сезбеген, білмеген оттай қарып күйдіріп ке-
леді. Балқуға шама жоқ. Жан-жағыма қарап,
таныс адам жолығып қалмаса екен деп те
келемін.
– Мені не үшін құшақтадың? – дегенің-
де кібіртіктеп: – Енді құшақтамаймын деп
даусым қатты шыққанын өзімде аңғармай
қалдым. Сол кезде маған шоши қарағаның
әлі көз алдымнан кетпейді. Кілт бұрылдың
да, әп-сәтте көшенің арғы бетінен бір-ақ
шықтың.
h
Ертеңгілік көптен күткен фестивалге
қатысушы қонақтардың алғашқы легі келе
бастады. Мен олардың әуежайдан күтіп
алуға жауапты болмас, қонақүйге орналас-
тыру сенің мойныңда болатын. Жастық
шағыңдағы әр күнің болашағыңа үлкен
тәжірибе екен.
Фестивалді өткізу барысында сенен жа-
салар әрбір іске ерекше ыждақаттық пен
жауап кершілікпен қарауды үйрендім. Ғашық
болып қалғаным соншалық өзіңді ойламай
жүре алмайтынмын. Екеуміз екі бағытта жұ-
мыс жасасақ та өзіңе хабарласып, жұмыстың
мән-жайын қайта-қайта сұраумен жүретін
едім. Қанша тығыз шаруаларыңа қарамай,
маған бар зейініңмен жауап беріп, мені одан
сайын өзіңе баурай беретінсің.
Мезгілінен кеш соққан үнсіз махабба-
тымның алдында мен осыншалықты қау-
қарсыз едім.
h
Саған деген сезімім күннен-күнге артқан
сайын күнде әйеліме сыйлық беруді дағдыға
айналдырдым. Ол өзіне деген сезімімнің
төмендегенін сезер болса, өмірімнің мәні
кетеді. Әйелім – менің өмірім. Саған сезім
оянды, ғашық болдым екен деп өмірлік жа-
рымды тастап кетсем менің адамдық, адал-
дығымның қайда қалғаны?
Менің түсінігімде бір-ақ рет берілетін
өмірді мәнді де сәнді өткізу үшін отба-
сыңда бақытты бола білу. Бақытқа жету өз
қолыңда. Сенің бойыңдағы сүйкімділік пен
биязылық әйелімнің бойында да бар. Бірақ
төмендеу. Ал, оны биіктету мен тереңдету
менің оған деген сүйіспеншілігіммен, ма-
хаббатыммен, назар аударуыммен бірге
келеді. Өміріме енгелі бері мен әйелімнің
әрбір қылықтарға ерекше көңіл қойып,
оны барынша бағалауды үйрендім. Мен
жанұялық өмірді әйеліммен ғана елестете
аламын. Және бұл көзқарасымды өмірлік
ұстаным деп қабылдағанмын.
Мен мәнісіне түсінбеген сенің әйеліме
арнап берген сыйлығыңды оған ұсынуда
қалай қиналғанымды білсең ғой. Үйге әкел-
дім де беруге іркіліп қалдым. – Мұны кім
берді? Ненің құрметі бұл десе? Мен не деп
жауап беремін деп әрі-сәрі күйге түстім.
Біраз уақыттан соң, нар тәуекелге бардым
да, берген сыйлығыңды ұсынып тұрып: жұ-
мыста ұзатылып жатқан қыз сендей жақсы
келін, аяулы жар болуды үміт етіп, сыйлық
беріп жіберді дедім. Қызығы әйелім: «барған
жерде бағы ашылсын!» – деп саған ақ ора-
мал беріп жіберген. Ертесіне жұмысқа ерте
келдім. Ылғи бөлімде ең бірінші болып келіп
алатын сен бәрінен кейін соңынан жүзін
солғын, көңілсіз кірдің. Жай ғана аманда-
стың да орныңа отырдың. Маған мүлдем
бөтен қарадың. Сасқанымнан орнымнан тұр-
дым. Не үшін тұрғанымды өзімде білмеймін.
Ыңғайсыз әрекетімді басқаларға білдірмес
үшін сыртқа шығып кеттім.
Кеңсеге қайтып кірсем сенің жұмыс-
тан шығу туралы арыз жазып, бастыққа
кеткеніңді әңгіме қылып жатқан бөлмедегі
адамдардың бәрін бір сәт жек көріп кеттім.
Қайда жүрсең де жолың болсын, Әдемі!
Достарыңызбен бөлісу: |