Тақырыбы: атом-молекулалық ілім. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары



бет1/65
Дата15.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#50187
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
lektsiyalar (1)


Тақырыбы:АТОМ-МОЛЕКУЛАЛЫҚ ІЛІМ.
ХИМИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ МЕН ЗАҢДАРЫ



  1. Химиядағы атом-молекулалық ілім

  2. Химиялық элементтер

  3. Жай және күрделі заттар. Аллотропия

  4. Салыстырмалы атомдық масса Салыстырмалы молекулалық масса

  5. Моль. Молярлық масса

  6. Химиялық таңбалар, формулалар және теңдеулер

  7. Химиялық реакциялар. Реакциялардың жіктелуі

  8. Заттар массасының сақталу заңы

  9. Заттың құрам тұрақтылық заңы

  10. Газ заңдары. Авогадро заңы. Газдың молярлық көлемі.Гей-Люссак пен Бойль-Марриот заңдары.

Химиядағы атом-молекулалық ілім
Атом-молекулалық ілімді дамытып және тұңғыш рет оны химияға қолданған орыстың ұлы ғалымы М. В. Ломоносов. Бұл ілімнің негізгі қағидалары «Математикалық химияның элементтері» (1741) атты және де тағы басқа еңбектерінде баяндалған, Ломоносов ілімінің қағидалары мыналар:
1. Барлық заттар «корпускулалардан» (Ломоносов молекулаларды осылай атаған) тұрады.
2. Молекулалар «элементтерден» (Ломоносов атомдарды осылай атаған) тұрады.
3. Бөлшектер — молекулалар мен атомдар — үздіксіз қозғалыста болады. Денелердің жылу қалпы бұл олардың бөлшектерінің қозғалуы.
4. Жай заттардың молекулалары бірдей, ал күрделі заттардың молекулалары әртүрлі атомдардан тұрады.
Ломоносовтан кейін 67 жылдан соң атомистикалық ілімді химияға ағылшын ғалымы Джон Дальтон қолданды. Ол атомистикалық негізгі қағидаларын «Химиялық философияның жаңа жүйесі» (1808) атты кітабында баяндады. Дальтон ілімі негізінен Ломоносов ілімін қайталайды. Сонымен бірге ол оны әрі қарай дамытты, өйткені Дальтон түңғыш рет сол кездегі белгілі элементтердің атомдық массаларын анықтауға әрекет жасады. Алайда, Дальтон жай заттарда молекулалардың бар екендігін теріске шығарды, бұл Ломоносов ілімімен салыстырғанда бір адым кейін шегіну болды. Дальтонның айтуынша жай заттар тек қана атомдардан, күрделі заттар ғана —«күрделі атомдардан» (қазіргі түсінік бойынша — молекулалардан) тұрады. Дальтонның жай заттардың молекулалардан тұратындығын теріске шығаруы химияның одан әрі қарай дамуына кедергі жасады.
Атом-молекулалық ілім химияда тек қана XIX ғасырдың ортасында біржолата қалыптасты. 1860 ж. Карлсруэ қаласында өткізілген химиктердің халықаралық съезінде молекула мен атом түсініктерінің анықтамалары қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет