5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет167/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Өздеріңді тексеріңдер
Осы тарауда алған білімдерін қорытындылап, 
оқушыларға нені білгендерін, нені үйренгендерін 
еске түсіру үшін мынадай тапсырманы орындауды 
ұсыныңыз. 
Ерте темір дәуіріндегі сақ тайпалық қоғамындағы 
тарихи оқиғалар мен үрдістерді саяси, әлеуметтік, мә-
дени тұрғыда дәйектейді. Кестені дәптеріне түсіреді, 
б.з.д. VII–III ғасырларда Қазақстан аумағында өмір 
сүрген сақ тайпаларының маңызды тарихи оқиғала-
рын сипаттап, жіктейді. 
Оқушылардың ықтимал жауаптары.
Әлеуметтік қатынастарға байланысты оқиға-
лар:
сақ қоғамында әлеуметтік жіктелу орын алған, 
әлеуметтік теңсіздік қорғандар, обалардың құрылы-
сынан анық көрінеді. Патша, тайпа көсемдері жоғары 
сатыда, содан кейін жауынгерлер, ал қарапайым мал-
шылар төменгі сатыда болды. 
Саяси оқиғалар
: сақтар парсыларға және 
грек-македон патшасы Александр Македонскийге 
қарсы күресте ерекше батылдық көрсетіп, өз жерінің 
біртұтастылығын сақтап қалды. 
Мәдениет дамуын көрсететін оқиғалар:
Есік, 
Берел обалары мен Шілікті және Бесшатыр қорған-
дарынан табылған археологиялық олжалар сақтарда 
қолданбалы өнер, «аң стилінің» қолданылуын көр-
сетіп, сақтардың наным-сенімдері мен дүниетанымы 
туралы құнды ақпарат береді. 
Қосымша тапсырмалар
Оқушыларға тарау бойынша алған білімдерінің не-
гізінде шығармашылық тапсырма орындатуға бола-
ды. Тапсырма топта орындалады. Оқушылар экскур-
совод рөлін сомдап, шетелдік қонақтарға сақтардың 
тарихы бойынша қысқаша «экскурсия» ұйымдасты-
рады. Оған дейін қысқаша тарихы жазылған кітапша-
ларын дайындаулары мүмкін. Оның мазмұнында 
мынадай мәселелер қарастырылуы тиіс: сақтардың 
археологиялық ескерткіштері, патша қорғандары, сақ 
жауынгерлері, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршілігі 
және т.б. Кітапшалар жасауға қажетті суреттер, га-
зет-журнал материалдары мен қағаз, желім, қайшы, 
түрлі түсті қарындаштармен қамтамасыз етіңіз. Қо-
сымша тапсырма сабақтан тыс ұйымдастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет