5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет68/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

44
44
Тараудың қорытындысы 
Оқу нәтижелері
Оқушылар:
• еңбек құралдарының жетілуін түсіндірді;
• қару-жарақ түрлерін қолданылуына қарай си-
паттады;
• ежелгі адамдардың айналысқан алғашқы кәсіп-
терін, терімшілік пен аңшылықты сипаттады;
• металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салала-
рына, қоғамдық қатынастарға тигізген ықпалын мы-
салдар келтіре отырып түсіндірді;
• қазақстандық ғалымдардың ашқан археоло-
гиялық жаңалықтарымен танысты, ерекшеліктерін 
сипаттады;
• тас және қола дәуірі археологиялық ескерт-
кіштерін салыстырып, ұқсастықтары мен айыр-
машылықтарын, ерекшеліктерін түсіндірді;
• Ә. Марғұланның археологиялық ғылымға сіңір-
ген еңбегін дәйектер келтіре отырып негіздеді;
• археологиялық деректерге сүйене отырып, Ан-
дронов мәдениетінің ерекшеліктерін анықтады
• алғашқы адамдардың антропологиясына қара-
пайым сипаттама берді;
• алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігін шығар-
машылық түрде (әңгімелеу, бейнелеу, көрініс, макет) 
көрсетті.
Өздеріңді тексеріңдер
Осы тарауда алған білімдерін қорытындылап
оқушыларға нені білгендерін еске түсіру үшін беріл-
ген тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Оқушылардан 
тас дәуірі, энеолит, қола дәуірінде адамдар өмірінде 
орын алған маңызды оқиғалардың тізімін жасауды 
сұраңыз. Келесі санаттар бойынша жіктеуді ұсыныңыз: 
1. Мені таңғалдырған жағдай. 2. Адамдар өмірін ай-
тарлықтай өзгерткен жайт. 3. Бұл жайт туралы қосым-
ша білгім келеді. Оқушылар келесідей жауаптар
 
бе-
руі мүмкін: 1. Мені таңғалдырған жағдай – алғашқы 
адамдардың тастан еңбек құралдарын жасағандары 
(тас – қатты зат, белгілі бір еңбек құралын жасау үшін 
жеткілікті күш пен уақыт қажет). 2. Адамдар өмірін 
айтарлықтай өзгерткен жайт – адамдардың отты пай-
далана бастауы, жабайы жануарларды қолға үйретуі, 
еңбек құралдарының жетілдірілуі. 3. Бұл жайт туралы 
қосымша білгім келеді. Осы жерде оқушылар кез кел-
ген мәселені айта алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет