Зерттепкөріңдер Деректер сақтар өмірі туралы бізге қандай ақпа-
рат береді? Деректердегі ақпаратты талдай отырып,
сақтардың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы туралы әң-
гіме құрастырыңыз.
Геродоттың «Тарих» атты еңбегі мен Страбонның
«Географиясынан» алынған мағлұматтардан жа-
салған кеспеқағаздар беріңіз. Оқушылар тапсыр-
маны орындамас бұрын деректердің мазмұнымен
танысып, топта талқылайды. Әңгіме 50–70 сөзден ас-
пауы тиіс.
Жауаптары. Деректер сақ тайпалары туралы
көптеген құнды мәліметтерді береді. Мысалы, дай-
лар, массагеттер сияқты тайпа атаулары кездеседі.
Сақтар көбінесе көшпелі мал шаруашылығымен
айналысқан. Парсыларға төтеп беріп, батылдықта-
рын көрсеткен. Күнге арнап жылқыны құрбандыққа
шалады. Жауынгерлері мерген, атқа мінудің шебері
болған. Жауынгерлері садақ, қылыш және қола бал-
тамен қаруланған.
Бағалау мүмкіндіктері Сабақ барысында оқушыларды объективті бағалау
өте маңызды. Сондықтан оқу мақсатын меңгергенін
анықтау үшін мынадай критерийлерге сүйенуге бо-
лады. Оқушылар «Ойланыңдар», «Зерттеп көріңдер»
тапсырмаларын орындау барысында сақтар туралы
грек және парсы авторларының еңбектерінде жа-
зылғанын біледі; Геродот пен Страбонның еңбек-
терінің кем дегенде үш ұқсастығын анықтайды; «не
себепті грек және парсы авторлары сақтар туралы
жазды?» деген сұраққа өзіндік ой-қорытынды шыға-
рады; дереккөздерді пайдаланып, сақтардың тұр-
мыс-тіршілігі, дүниетанымы туралы әңгіме құрайды.
Сонымен қатар, топтық, жеке жұмысты тиімді ұй-
ымдастыру мақсатында оқушыларға арнайы кри-
терийлер ұсыныңыз немесе оқушылардың өздері
құрастыруын қадағалаңыз. Мысалы, жеке жұмыстың
критерийлері берілген уақытты тиімді пайдалану;
• тапсырмаларды нұсқаулық бойынша орындау;
• сыныптастарының жұмыс жасауына кедергі кел-
тірмеу;
• сұрақ туындаған жағдайда оң қолын көтеріп
мұғалімге белгі беру;
• тапсырманы уақытынан бұрын орындаған
жағдайда жұмысын қайта тексеру