5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет149/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Жауаптары.
Геродот Кир мен Томирис арасында 
болған құдандалық сылтау екендігін, ал парсы патша-
сының негізгі ойы массагеттер патшалығын иемдену 
екендігін білдіреді.
Дәлелдер: Кир жіберген елшілер Томириске құда 
түседі. Кирдің түпкі мақсаты – массагеттерді бағынды-
ру. Томирис Кирге келісімін берген жоқ.
Томирис – көреген, келешекті болжағыш, зерделі 
адам. Жаудың жоспарын алдын ала болжап білу –
басшының қасиеті. Екіншіден, Томирис – елін шексіз 
сүйетін патриот. Елдің тәуелсіздігін бірінші орынға 
қоя біледі. Империя басшысы Кирден қаймықпады. 
Оның ұсынысын қабылдамады.
Кир шығысқа қандай әскери күшпен келмекші? 
Кирдің массагеттерді жаулап алудағы мақсаты қан-
дай? Парсы мемлекетімен соғысты болдырмаудың 
қандай жолдары бар?
Біз мәтінді оқу арқылы парсылардың бірнеше 
патшалықты бағындырған үлкен империя бола тұра
сақтарды өздерінің бәсекелесі ретінде танитындығын 
білдік. 
Ойланыңдар
Оқушылар "Томирис "әлемнің төрт бұрышның 
билеу шісі" және "патшалардың патшасы" атанған 
парсы билеушісіне қалай төтеп бере алды?" деген 
сұрақ ауқымында 4 көзқарасты талқылау ұсыныла-
ды. Талқылау барысы мынадай кезекпен ұйымдас-
тырылады:
• оқушылар шағын топтарға бөлінеді; 
• топтың әрбір мүшесі ватманға жазылған 
тұжырыммен танысады да, аяқталмаған екі 
сөйлемнің біреуін аяқтайды: "Мен автормен 
келісемін, себебі..." Мен автормен келіспеймін, 
өйткені...". Жұмыстың бұл кезеңінде оқушы-
лар өз пікірін ешкіммен талқыламай, тек қана 
флипчартқа жазады;
• шағын топтар өз ойларын ортаға салады, бүкіл 
сынып талқылауға қатысады. 
Жауаптары
Сақ патшайымы Кир әскеріне төтеп бере алды.
Сақтар өз жерлерін басқыншылардан қорғады, 
әділетті соғыс жүргізді.
Сақтар – жеңілуді білмейтін жауынгер халық.
Сақтар жер жағдайын жақсы біліп, соған сәйкес 
қажетті тактиканы қолдана білді.
Кир әскерлері жалдамалы, жаулап алған елдерден 
құралған. Кир – жаулаушы, өзге елдің тәуелсіздігіне 
қол сұғушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет