5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет150/274
Дата12.09.2023
өлшемі3,03 Mb.
#106912
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ

Бағалау мүмкіндіктері
"Тұлғаны сипаттаңдар" атты тапсырманы оқушы-
лар жұпта орындайды. Оқулықтағы сурет бойын-
ша Томиристі сипаттауға бағытталған қысқа тұжы-
рымдар түрінде 10 сөз жазады. "Деректі талдаңдар" 
тапсырмасында оқушылар жазба деректі талдайды. 
Әрбір топ дерекпен байланысты бір сұрақты талқы-
лап, сұраққа жауап жазады. Орындалған жұмысты 
өзара бағалайды.
Оқушылар "Ойланыңдар" айдарындағы тапсырма-
ны "Томирис "әлемнің төрт бұрышының билеушісі" 
және "патшалардың патшасы" атанған парсы патша-
сына қалайша төтеп бере алды?" деген сұрақ төңіре-
гіндегі бірнеше көзқарастарды топта талқылайды, ор-
тақ шешімге келеді. 
Қосымша тапсырма
Оқушылар Томиристің тұлғалық рөлі туралы те-
реңірек білуге қызығушылық танытқан жағдайда, 
оған қосымша ізденуге бағыт беріңіз. «Қазіргі заман-
да Томирис тұлғасының насихатталуы қандай дәре-
жеде?» деген тақырыпқа шағын хабарлама жасауға 
тапсырма беруіңізге болады. 


92
3-тарау.
Сақтар
3.6.
Сақ патшайымы Томирис (2-сабақ)
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Қазақстан аумағындағы ерте көшпелілердің
халықаралық сахнадағы орнын анықтау.
Тірек сөздер
шайқас 
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге 
дейін. I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Галиев А. Томирис. Тарих, тұлға, уақыт. –
Алматы: Аруна, 2005. 
Оқулық: Сақ патшайымы Томирис, 
92-93-бет.
Зерттеу сұрағы:
 
тарихи деректерде 
Томиристің бейнесі қалай сипатталған? 
Сабақтың деректі материалдары
Парсы патшасы Кир б.з.д. 530 жылы массагеттерге 
қарсы соғыс жорығын бастады. Томирис өз әскер-
лерін үш күндік жерге шегіндіреді. Парсылар масса-
геттерді қулықпен жеңуді ойластырады. Сақтардың 
жеріне шатыр құрып, шарап пен уланған тағамдарға 
толтырады. Негізгі әскери күштерін жасырып қой-
ып, массагеттермен соғысуға жарамсыз әскерлерін 
қалдырады. Массагеттер Кир тастап кеткен әлсіз 
әскерлерді оңай жеңеді. "Парсы әскерлерін жеңдік" 
деп сақ жауынгерлері парсылар қалдырып кеткен 
тағамдарды жеп, шараптарын ішіп уланады. Осы кез-
де Кирдің жасырып қойған негізгі күшті әскерлері 
массагеттерге шабуыл жасап, қырып салады. Қолға 
түскен массагет жауынгерлерінің ішінде Томиристің 
баласы Спаргапис бар еді. Томирис Кирден баласын 
тұтқыннан босатуын сұрайды. Есін жиған Спаргапис 
масқара жеңіліске ұшырағанын, әскерлерінің қы-
рылып қалғанын біледі. Намыстанған патшайымның 
баласы өзін-өзі өлтіреді де, ар азабынан құтылады. 
Ұлы мен әскерінің үштен бірінен айырылған Томи-
рис Кир әскеріне қарсы соғысқа шығады. Массагет-
тер жеңіске жетеді. Ұрыс барысында Кир өлтіріледі. 
Томирис қанға толтырылған торсыққа парсы патша-
сының басын салуды бұйырады: «Қанға құмартқан 
қанышер, енді қан іш!» – дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет