4-тарау.
Үйсіндер мен қаңлылар
121
өзара ақылдаса отырып, екі-үш сипаттама келтіреді.
Мұғалім ең көп таралған сипаттаманы анықтайды.
Тапсырманы саралауға мүмкіндік бар:
1. Жырды оқып болғаннан кейін, қаңлы тайпасы-
ның өнеріне 2-3 сипаттама келтіреді.
2. Қаңлы биінің ерекшелігіне талдау жасайды.
3. Қытай императорының қаңлы өнерпаздарын өз
елдеріне шақыру себебін анықтайды.
Жауаптары.
Екі-үш сипаттаманың басым бөлігі:
оңға-солға билейді, құйындай құйғытып, күймен
жарысады. Оқушы берген сұрағына нақты жауап
талап ету қажет емес. Бір топ оқушылар: "Олардан
басқа өнерпаздар болмады" – деп жауап қайырса,
енді бірі: "Сол кезеңдегі ең өнерлі бишілер қаңлы-
лардан шықты" – деп айтуы мүмкін.
Әңгіме құрастырыңдар
Тапсырманы орындау үшін оқушыларды 2 топқа
бөліңіз. Топтың жетекшісі сайлануы керек. Әрбір
топқа қаңлы мәдениетінің үлгілері көрсетілген су-
реттерді таратыңыз. Топ мүшелері өзара талқылап,
суреттерге сипаттама береді. Кейін қаңлы мәдениеті
туралы жазылған ақпаратты таратыңыз. Топ жетекшісі
топ ішіндегі үш оқушыға қаңлы тайпаларының мате-
риалдық мәдениетіне сипаттама жасауын тапсырады.
Ал басқа 3 оқушы рухани мәдениетіне сипаттама жа-
сайды. Кейін топтың барлық мүшелері өз мәлімет-
терін сәйкестендіріп, өзара ұқсастықты анықтайды.
Топ жетекшісі ортақ қорытынды жасағаннан кейін
сыныптың қалған топтарымен пікір алмасады.
Достарыңызбен бөлісу: