5 Мөлшерлегіштер. Түрлері. Жұмыс принципі


)Тасымалдау құрылғылары мен қоректендіру механизмі



бет2/4
Дата21.10.2023
өлшемі42 Kb.
#120116
1   2   3   4
6)Тасымалдау құрылғылары мен қоректендіру механизмі.
Көтеру тасымалдау конструкциясы, жұмыс істеу қағидасы, қолдану салала-
ры және технологиялық параметрлері бойынша бір-бірінен көп
айырмашылығы бар. Көтеру тасымалдау жіктеуде ең негізгі көрсеткішімен сипатталатын құрылымы мен жұмыс істеу қағидасы, технологиясы және
қолдану салаларымен анықталады. Тасымалдау міндетті түрдегі жұмыс
істеу қағидасы бойынша екі топқа бөлінеді: жүк көтеру машиналары
және үздіксіз тасымалдау машиналары.
Жүк көтеру машиналары - негізінен дана жүктерді тік көтеріп,
аз қашықтыққа горизонталь жазықтығымен тасымалдайтын және
келесі жүкке бос қайту процесі бар, циклді құрылғыны айтамыз.
Негізінен көтеру бағыты - тік, тасымалдайтын жүктер - ауыр дана
жүктер болып табылады. Динамикалық жүктемесі жетерлік.
Үздіксіз тасымалдау машиналары - негізінен сусымалы майда материалдарды біраз қашықтыққа горизонталь немесе көлбеу, сирек тік бағытта үздіксіз ағынмен тасымалдайды, бос, тоқтап қайту процесі жоқ құрылғыны айтамыз. Негізінен тасымалдау бағыты горизонталь немесе көлбеу, тасымалдайтын материалы - сусымалы және кіші көлемдегі жүктер, кейбір кездерде өте көлбеу орналасқанда материалдар сырғымас үшін
арнайы бөгеттермен, ал тік бағытта үздіксіз тасымалдау үшін арнайы
шөмішпен жасақтап тасымалдайды. Оларды элеваторлар деп атайды.
Жүк көтеру машиналары үш топқа бөлінеді:
1)Қарапайым жүккөтергіш машиналар
2)құрылғылар
3)көтергіштер және крандар.
Қарапайым жүк көтеру құрылғылары - құрылымы өте қарапайым
күштен ұту қағидасы бойынша жасалған және жүктерді сырғанатып
қозғалту немесе көтеру жұмыстарын орындайды (домкраттар, поли-
спасттар, лебедкалар, тальдер). Қарапайым жүк көтеру құрылғысы
өз бетінше жұмыс жасайды және күрделі крандардың құрылымына
кіреді. Көтергіштер дегеніміз кабинада, жәшіктерде немесе арнайы
астауларда (скиптер, бадъялар), платформада, алақан ұстағыштарда,
т.б. орналасқан (салынған) жүктерді үлкен көлбеулерде, тік
жазықтықта - бағыттаушы бойымен көтеретін құрылғыны айтады.
Крандар - құрылымы күрделі, бірнеше бөлімдерден тұратын агрегат
және дара жүктерді кеңістікте кез келген траекториямен көтеруге,
тасымалдауға арналған құрылғылар. Крандар өндірісте ең көп
таралған және маңызды машиналардың бірі деп есептелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет