5 Мөлшерлегіштер. Түрлері. Жұмыс принципі


Үздіксіз тасымалдау машиналары үш топқа бөлінеді



бет3/4
Дата21.10.2023
өлшемі42 Kb.
#120116
1   2   3   4
Байланысты:
Маратова Адиа рк2

Үздіксіз тасымалдау машиналары үш топқа бөлінеді:
1)конвейерлер,
2)пневматикалық
3)гидравликалық тасымалдау машиналары,
4)қосымша қондырғылар.


Тарту элементі бар конвейерлердің бәріне ортақ жұмыс істеу
үрдісі, ол сусымалы материалдарды, тұйықталған екі тармақтан тұратын
тарту элементінің көмегімен, көбінесе жоғарғы жағында орналасқан
жұмысшы тармағындағы жүктерді үздіксіз тасымалдайды. Тасымал-
данатын жүктердің қасиеті мен формасына, мөлшеріне байланысты
конвейердің тарту элементтерінің конструкциясы соған сәйкестендіріліп
жасалынады. Оған жататындар: ленталы, шынжырлы, қалақшалы, пла-
стиналы, тележкалы, люлькалы, арқанды аспалы т.б. конвейерлер.


Тарту элементі жоқ конвейерлердің құрылымы әртүрлі бо-
лып келеді, олар бір-біріне ұқсамайды. Конструкциясының құры-
лымы, тасымалданатын материалдың геометриялық формасы мен
мөлшеріне, қасиеттеріне, технологиялық тасымалдау талаптары-
на сәйкес жасалынады. Оған жататындар: роликті, бұрандалы,
тербелмелі (вибрациялы), айналмалы тасымалдаушы құбырлар.
Олардың ерекшелігі: тасымалданатын материалдар жылжымалы,
айналмалы, секіртпелі жүріспен конвейердің жұмысшы бетімен
үздіксіз ағынмен қозғалады.


Пневмоқондырғыда сусымалы материалдарды үздіксіз тасы-
малдау негізінен жеңіл фракциясын ауада қалқыған түрде, ал ауыр-
лау түрін домалатып, сырғанатып ауаның қысымымен немесе со-
руымен құбырдың ішінде ағынмен тасымалдауымен сипатталады.
Пневмоқондырғыда көбінесе шаңдалатын, улы газ бөлетін, меншікті
салмағы аз немесе ұнтақталған материалдарды тасымалдайды, мы-
салы: ағаш ұнтағы, майда көмір ұнтағы, цемент, ұн, бидай өнімдері
және т.б.
Гидравликалық тасымалдау, негізінен сусымалы материалдар
құбырдың немесе науаның ішімен сұйық заттың - көбінесе судың
ағынымен тасымалданады, сол кезде сумен араласқан сусымалы ма-
териалдарды - пульпа (гидроқоспа) деп атайды. Бұл түрдегі тасымал-
дау көбінесе тасымалданатын материалдарды жуу, бос қоспалардан
тазалау технологиялық үрдісті орындау үшін қолданады. Мысалы,
рудаларды, құрылыс материалдарын лайдан, бос жыныстан тазалап
жуу кезінде қолданылады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет