Ауалы доғалап кесу
Доғалап кесу негізінің процесі доғаға қысым беру арқылы немесе өзінің салмағымен,ал кейбір жағдайда қосымша ауаның қысымымен жүзеге асырылады.
Металды доғалап кесудің бірнеше түрлері таралған: қапталған металды электродтармен доғалап кесу,көмірлі электродпен доғалап кесу, плазмалы ағынмен кесу.
Доғалы тәсілмен шойынды,жоғары қоспаланған болатты,түсті металдармен және олардың қорытпаларын кеседі тек оттекті кесуге көнбеген жағдайда. Басқа тәсілмен қорғаныс газының ортасында доғалап кеседі: негізінен аргон-сутегі қоспасы ортасында кесу,азотты доғалы кесу,аргон-оттегі қоспасы ортасында кесу және аргон ортасында. Сонымен қатар доғалап кесуді су астында да қолданады.
Ауалы доғалап кесуде екі физикалық процесс біріктірілген:металл электр доғасының жылуымен балқытылады,ол содан кейін қысылған ауа ағыншасы кесілген орынды үргілейді.
Бұл тәсіл бөлу және бетті кесуге қолданады қаңылтырды және пішінді жылжыту,құйма қосылмаларын алып тастауға,пісіру жіктерінің ақау бөлімдерін,жарықтарын,қаяуларын, сонымен қатар бунақтарды бөлуге және жиектерді алуға.
Кесуді барлық кеңістік жағдайда орындауға болады. Кесу сапасы оттекті газымен кесудегідей.
Ауалы доғамен кесуде диаметрі 6-12 мм болатын көмірлі электрод қолданылады,ұзындығы 250мм және оданда артық ұзындықта
Бұл электрод кесу кезінде тез жанып кетеді,өйткені өзек ұштыланады да,конус пайда болады.
Кесуде жұмыр,төртбұрышты,пластикалық қима тәрізді пішінді электродтар жасайды. Кесуді арнайы кескішпен орындайды,электродты қысуды қамтамасыз ететін,электродты ток көзіне жалгайтын және кесу орнына қысылған ауаны беруге.Қысылған ауаның қысымы 0,5МП-да кем болмау қажет.
Ауалы доғамен кесудің өнімділігі тоқ күшіне тікелей пропорциональды болғандықтан,қуатты тұрақты токта пісіру көзін қолданады. Ток көзінің мағынасы электрод диаметріне байланысты.
Диаметр электрода мм
|
6
|
8
|
10
|
12
|
Сила тока,А
|
120-250
|
160-320
|
250-400
|
350-500
|
Электрод кескіштен 100мм-ден артық шықпау қажет.Жұмыс кезінде электрод күйеді,және сол өлшемде мерзімімен жылжытып отырады.Ауа вентилін кесуге дейін ашады.Доғаны жағу ауа келгесін орындайды.Доғаға ауа келісімен тез арада металды балқыта бастайды.Электрод еңістігі 30-45°бұрышта ұстау керек,доғаны бірнеше тереңдетеді.
Ауалы доғамен кесу артықшылығы:үнемділігі себебі тапшы емес материалдарды қолдану және жабдықтардың қарапайымдылығы.
Ауалы доғалап кесу кемшілігі:Электр энергиясының үлкен шығыны,керек кезінде жоғары кернеу бос жүрісінің қолдануын қажет етуі.
Практикалық бөлім.
1.Дайындаманы таңдау,ластан,таттан,майдан тазалау.
2.Қаңылтырды кесуге әзірлеу.
3.Кесу жабдығын іске қосу,ауа вентилін ашып,доғаны жағу.
4.Кесу амалдарын орындау.
А)электродпен жүргізу
Б) сығылған ауаны реттеу
5.Кесілген дайындаманы реттеу
А)Түзу сызылықтылығын
Б)Дайындамадағы метал қалдықтарын
Қауіпсіздік ережелері:
Жұмыс алдында
-арнайы киім кию(бас киім,қолғап,аяқ киім)
-киімді ретке келтіру
-бас қалқаның әйнектерін тексеру,жарықтан және қорғаныс әйнегінің бетін шашырандыларынан тексеру.
-электродұстатқыш сымының жарамдылығын тексеру
-жер қосқышты тексеру
-желдеткіштің жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізу
-жұмыс орнында керек емес заттар болмауы керек.Тез жанғыш заттардың болуына қатаң тиым салынады.
Жұмыс барысында:
-Жарамды құрал-саймандармен жұмыс жасау керек.
-жік қожын түсіру кезінде арнайы қорғаныс көзілдірігін немесе бас қалқан әйнегінің болуы қажет.
-ыстық дайындаманы қысқашпен немесе қолғаппен ұстау керек.
-электрод қалдықтарын қоқыс жәшігіне сал.
Жұмыс соңында
-электр ток көзін жүйеден ажырат
-желдеткішті сөндір
-электродұстатқышты орнына қой
-Жұмыс орныңды жинастыр
-дайындаған жұмысыңды шеберге тапсыр.
Бекіту бөлімі:
Ауалы доғамен кесу кезінде қолданылатын жабдықтармен жұмыс жасау принціпін және еңбек жаттығуларын орындауды бекіту.
https://www.youtube.com/watch?v=Oi7H7AoUviI
Достарыңызбен бөлісу: |