5. Пәнді және тілді кіріктіріп оқытудың негізгі сипаттамаларын атап көрсетіңіз



бет2/2
Дата18.12.2023
өлшемі39 Kb.
#140754
түріСабақ
1   2
Байланысты:
био ағылшын сессия (1)

Тапсырма.
1.Шығу тегі мен қызметі жағынан ұқсас жасушааралық заттар тобына сипаттама беріңіз.
2.Жоғарыда берілген ағылшынша сөздердің жазу үлгісін көрсетіңіз.
Тыңдалым. Молекулалық биология биохимия тарауы болғандықтан, осы тарауда өткізілген барлық материалдарды қамтып аламыз. Тыңдалым мәтінін видео немесе аудио арқылы жүргізсек болады, Тыңдалымның мәтіні көп жағдайда оқушыларға берілмейді тек мұғалімдердің өзінде болады.
Эпителий ұлпасы epithelial tissue өзінің атауын гректің екі сөзінен «эпи»-үсті және «телий»-еміздікше деген ұғымдардан тұрады. Дәнекер ұлпалар еміздікшелерінің үстінде орналасқан ұлпаны эпителий деп атап, Бұл терминді алғаш рет Рюйеш қолданған.
Дәнекер ұлпасы connective tissue  (textus соп- nectivus; лат. textus — ұлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды.
Бұлшықет ұлпасы  muscle tissue (textus mus- cularis; лат. textus — ұлпа; лат. musculus — бұлшық ет) — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа.
Жүйке ұлпасы nerve tissue жүйке жасушаларынан түзілген. Жүйке жасушасының құрылысы: денеден қысқа өсінділер мен ұзын өсіндіден тұрады. Қысқа өсінділері көп ағашқа ұқсап тармақталғандықтан осылай атаған, ұзын өсіндісі біреу, оны аксон дейді.
Тапсырма. Сурет бойынша ұлпалардың құрылысын көрсету керек және тыңдалым барысында айтылған ағылшынша терминдерге түсініктеме беру керек.
Жазылым. Кестеге ұлпалардың ағылшынша аудармасын жазып соның тұсына анықтамасын толтырыңдар деп тапсырма беруге болады.
Айтылым дағдысына сабақта айтылған барлық термин сөздердің айтылуы және жазылу үлгісін сұрауға және тақырыпты қорытындылау мақсатында түрлі ойын техналогиясын қолдана отырып тақырып бойынша сұрақтар қоюға болады.
Осы тарау бойынша терминдердің ағылшынша атауы: Жасуша- cell, Ұлпа -tissuе, Мүше- member, Мүшелер жүйесі- member system, Ағза -organism, Эпителий ұлпасы -epithelial tissue , Дәнекер ұлпасы -connective tissue  , Бұлшықет ұлпасы - muscle tissue, Жүйке ұлпасы -nerve tissue.
Одан бөлек негізі теория қалыптастыру кезінде қолданады «Find the terminology» (терминдерді тап) ойыны барысында ағылшын әріптерінің орындары ауыстырылып, окушы дұрыс жазылуын табуы кажет;
- «Tarsia» (Тарсия) эдісі аркылы оқушылар ағылшын тіліндегі анықтамаларды окып, сэйкес орындарга терминдерді кояды;
-«Matching» (cайкестендіру): казак-ағылшын терминдерінің немесе ережелердін дұрыс сәйкестендірілуіне негізделген;
True and False» (акикат және жалган) ойыны барысында окушылар өздері сұрак кұрастырып, ағылшын тілінде айтылған анықтамасының дұрыс не бұрыстығына байлапасты бір-бірінен жауап алады;
«Cards» ойын эдісінде таратылып берілген парақшаларга сэйкес кандай тапсырма берілгенін анықтап, аудармасының жауабын табуы тиіс;
-Individual work «Who you fast?» үй тапсырмасын тексеру барысында, ягни откен такырыптың терминдерін еске сақтау мақсатында колданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет