құрылысы Адамның қанында эритроциттердің 80-90%-ын дискоциттер-нормоциттер қалыптастырады
Сонымен қатар, қанда эритроциттердің зақымдалған ж/е кәрі түрлері кездеседі: 6 % − тікенекті; 1-3 % − күмбез тәрізді-стоматоциттер; 1% − шарға ұқсаған - сфероциттер Пішіні кенет өзгерген орақ тәрізді эритроциттер анемия ауырында кездеседі. Бұл ауыруды гемоглобин молекула-сындағы жеке нуклеотидтің мутациясы туындатады
Өзгерген гемоглобин оттегіні жылдам жоғалтады, тығыздалып, агрегаттарды қалыптастырады. Эритроциттің пішіні өзгереді, өмір ұзақтылығы қысқарады. Эритроциттердің саны төмендейді, ол анемияға алып келеді. Қан қоюланады.
Капиллярларда қан ағыны баяулайды немесе мүлдем тоқтайды.
Бұл аноксияға (өттегінің ауыр жетіспеушілігіне) әкеп соқтырады.
Сканерлі электронды микроскопия. х6500 Туа біткенсфероцитоз атты ауыруы кезінде, пішіні сфераға ұқсаған эритроциттер көп байқалады. Сфероциттерді макрофагтар жылдам жояды, бұл анемияға алып келеді.
Эритроциттердің көлемдері
Қалыпты эритроциттердің (нормоциттердің) d −7,1-7,5 мкм. Қалындығы: шеткі аймағында −1,9-2,5 мкм ортасында − 1 мкм. Нормоциттердің саны қанда - 75 % болады.
Қанда көлемі әртүрлі эритроцит санының көбеюі анизоцитозды білдіреді.