Эмбрионнантыс ағзалар. Дамуы. Эмбриогенездің гаструляция сатысымен қатар жүреді
Эмбриогенездің 8 тәулігінде эпибластың мезодермалық жасушаларынан эмбрионнантыс мезенхимасы түзіледі.
11-ші тәулікте эмбрионнантыс мезенхима трофобластқа қосылып, хорионды қалыптастырады.
12-14 тәуліктерде бластоцистаның құрылысында 2 көпіршік пайда болады: 1) амнион көпіршігі (12 тәулікте түзіледі);
2) сарыуыз көпіршігі (13-14 тәуліктерде пайда болады).
Эмбрионнантыс ағзалар. Дамуы. Эмбриогенездің гаструляция сатысымен қатар жүреді
Екі көпіршік қабырғаларының шектескен аймағында эмбриондық қалқанша (эмбрионның денесі) дамиды. Амнион көпіршігінің қалындаған түбі эмбрионның эктодермасы, ал сарыуыз көпіршіктің төбесі эмбрионның энтодермасы болып табылады
15-ші тәуліктерде эмбрионнантыс энтодермадан аллантоис дамиды.
Сонымен, гаструляция сатысының соңында 3 эмбриондық жапырақ ж/е барлық уақытша ағзалар дамиды.