5-Практикалық сабақ



Дата19.11.2023
өлшемі17,19 Kb.
#124904
түріСабақ
Байланысты:
Пед…5-ПР сабақ


5-Практикалық сабақ
Тақырыбы; Тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері.
Орта, жоғары оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер
жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге асыру про-
цесін тұтас педагогикалық процесі деп атайды.
Педагогикалық процесс дегеніміз оқушылардың мәдени
байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке, қоғамдық өмірге
дайындаудағы бірлескен іс-әрекеттері, бұл ұстаздардың белсен-
ді араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін са-
бақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлесті-
ріп өткізу – оқу-тәрбие процесінің басты шарты.
Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы
және оқушылар коллективі бір жағынан тәрбие обьектісі, екінші
жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу тәрбие
процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың
творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Тәрбиенің
субьектілері мен обьектілері арасында әр түрлі байланыстар
пайда болады. Мысалы, тәрбиешілер мен оқушылдар арасын-
дағы қарым-қатынас арқылы ақпарат алмасуы, ынтымақтастық
немесе бірлестік іс-әрекеті т.б. Мұндай байланыстар педагогика-
лық процестің табысты болуына игі әсер етеді.
Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері
бар. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсаты, мазмұны, формалары
мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі. Бұл компоненттер бір-бі-
рімен тікелей байланысты түрде іске асырылады, демек, педа-
гогикалық процесс сонда ғана оң нәтиже береді.
Тәрбие мен оқыту процестері бірте-бірте өзін-өзі тәрбие-
леу және өз бетімен білім алу процестеріне ұласады. Сондықтан
тұтас педагогикалық процесті оқыту, тәрбие, білім беру және
даму процестерінің табиғи бірлігі деп қарастырған жөн.
Педагогикалық процестің нәтижелі болуы оның ішкі қоз-
ғаушысы күштеріне байланысты. Қозғаушы күш деп қойыла-
тын талаптар мен оларды орындауда оқушылардың мүмкінші-
лігі арасындағы қайшылықты айтады. Егер қойылатын талап
24
оқушылардың мүмкіншілігіне, яғни даму дәрежесіне сай келсе,
онда қайшылық даму процесінің көзіне айналады.
Оқыту мен тәрбие процестерін бір-бірінен ажыратуға бол-
майды, бірақ бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері
бар. Тәрбие процесі – бұл күрделі диалектикалық процесс. Оған
әлеуметтік ортаның, үй жағдайының, түрлі адамдардың ықпалы
ерекше әсер етеді. Сондықтан тәрбие процесін, оқыту процесі
сияқты тез іске асыру, тексеру және нәтижесін анықтау өте
қиын. Мысалы, оқушылардың мінез-құлқындағы адамгершілік
сезім мен сенімнің және дағдының бірлігін тексеруге бола ма?
Әрине, тексеру өте қиын, өйткені мұндай қасиеттер балада жас-
тайынан, бүкіл өмірі бойы қалыптасады.
Тәрбие процесі әр уақытта динамикалы (қозғалысты), өз-
гермелі болады. Сондықтан, педагогикалық ықпал кейде бір ба-
лаға жағымды, ал екінші балаға теріс әсер етеді. Осыған бай-
ланысты тәрбие процесінде баланың көңіл-күйін, психикалық
жағдайын, тұрған орнын еске алған жөн. Сонымен қатар әр
түрлі сыртқы және ішкі факторлар балаға өте күшті немесе өте
әлсіз әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайды да мұғалім оқу-тәрбие
прцесінде естен шығармауы қажет.
Оқыту процесі тәрбие процесіне қарағанда анағұрлым
оңай басқарылатын, тез іске асырылатын, нәтижесі тез
тексерілетін процесс. Мысалы, әрбір сабақ үстінде бақылау,
жаттығу жұмыстары және сұрақ-жауап арқылы оқушылардың
білімін, іскерлігін, дағдысын тексеріп, тез қорытынды шығаруға
болады.
Сыныптағы оқыту процесіне, мұғалім мен шәкірттердің іс-
әрекеттеріне сыртқы факторлар әсер етпейді. Мысалы, металл
тотығының гидраты мен қышқыл арасындағы бейтарап реак-
цияны оқушыларға басқаша дәлелдеп, түсіндіруге болар ма
екен? Әрине, басқа анықтама беруге болмайды, өйткені, бұл
реакцияның нәтижесінде тек қана тұз бен су пайда болады.
Мұндай реакцияны бейтарап реакция деп атайды.
Оқыту мен тәрбие процестері – оқытудың даму функция-
сын жүзеге асырудың негізі. Бұл екі процесс жеке адамды жан-
жақты дамытып, қалыптастырудың үстем функциясы болады.
25
2. Біртұтас педагогикалық процестің үшжақты бірыңғай
қызметі.
Тұтас педагогикалық процесс құрайтын екі процестің бірі-
оқыту. Ол объективті шындықтың күрделі процесі, сондықтан
оған толық және жан-жақты анықтама беру өте қиын.
«Оқыту - оқытушы мен оқушының мақсатты түрде бағыт-
талған өзара қимылы». (Педагогикалық энциклопедия)
И.Ф. Харламов «оқыту – оқушыға ғылыми білімдермен іс-
керліктерді игертуге, шығармашылық қабілетін, дүниетанымын,
адамгершілігін, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қа-
лыптастыруға бағытталатын, олардың белсенді оқу-танымдық
іс-әрекеттерін ұйымдастыратын арнайы педагогикалық про-
цесс» деп анықтайды. Ю.К.Бабанский «оқу процесінің мақсаты
бағытталған оқытушы мен оқушының өзара қимылы және
соның барысында білім беру міндеттері шешілді» деп есептейді.
Оқыту екі жақты процесс: сабақ беру (оқытушы іс-әрекеті), оқу
(оқушы іс-әрекеті).
Оқыту әрқашан қарым-қатынас арқылы жүреді. Сөз бір
мезгілде оқып жатқан құбылысты тану және жеткізу, коммуни-
кация (байланыс) және оқушының таным іс-әрекетінің ұйым-
дастыру құралы. Кез келген оқыту қарым-қатынас екендігін
ескере отырып, Пидкасистый оқытуды қарым-қатынас деп есеп-
тейді, өйткені соның барысында басқарылатын тану жүреді, қо-
ғамдық тарихи тәжірибе игеріледі, нақты іс-әрекет түрі меңге-
ріледі.
«Оқыту», педагогика категориясы ретінде және «оқыту
процесі» синоним ұғымдар емес.
Процесс – жүйенің жағдайларының кезектесуі.
Дидактиклық процесінің құрылымын В.П.Беспалько мы-
надай шартты формуламен белгілейді.
Дпр=М+Пд+У
Дпр - дидактикалық процесс.
М - оқу мотиві.
Пд - оқушының танымдық іс-әрекеті.
У-мұғалімнің оқушының танымдық іс-әрекетін басқару-
шылық іс-әрекеті.
26

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет