Менеджмент- басқару, жүргізу, ұйымдастыру, басшылық ету, іс-әрекеттің тиімділігін, түсімділігін арттыру арқылы басқарудың тиімділігіне жету жолын іздеу деген мағынаны білдіреді. Басқару
Менеджмент- басқару, жүргізу, ұйымдастыру, басшылық ету, іс-әрекеттің тиімділігін, түсімділігін арттыру арқылы басқарудың тиімділігіне жету жолын іздеу деген мағынаны білдіреді.
Басқару – жүйеге мақсатты әрекет ету немесе барлық педагогикалық үрдіске қатысушылардың тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру және түзіліп қалыптасу үшін және міндетті түрде дамуға негізделген барлық субъектінің мақсатқа негізделген іс-әрекетін ұйымдастыра білу.
Мотивация- тұлғаның ішкі мотивациясы сыртқы ұйымдастыру мотивациясымен тұтасып, жеке бас қажеттілігі негізінде басқалармен қарым - қатынасқа түсуі.
Имидж – адамның бет-бейнесі, оның қоғамдағы беделі; фирманың тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, сауда таңбасының қызметтен қосымша табыс беретін немесе залал келтіретін бейнесі.
Модератор -басшы, жетекші ұғымын білдіреді. басқа адамдармен тіл табыса білу, икемділік сапасымен ассоциацияда қарауға болады, яғни біліктілігін арттыруда міндетті түрде өте жоғары орында тұру міндетті емес, ең негізгісі топпен жұмысты тиімді, жағымды қарым-қатынаста, құзырлылықпен ұйымдастыра білу.
Портфолио – пән бойынша жетістіктері мен біліктілік деңгейін көрсететін жұмыстарын мақсатты түрде жинақталуы.
Кәсіби біліктілік - жұмысшы дайындығының нақты қызық түріндегі күнделіліктің және еңбек қызметін орындаудың белгіленген деңгейінің кәсіби дәрежесі. Кәсіби біліктілік көрсеткіші, жұмысшының берілген мамандығы мінездемесінің нормативтері мен мамандану ұғымының сәйкес келуі.
Квалификация (біліктілік) термині екі мағынаны білдіреді. 1. Квалификация қызмет етушінің, жұмыстың белгілі бір түрін атқаруына рұқсат ететін, құжат арқылы куәландырылған білім деңгейі мен кәсіби даярлығын көрсетеді. 2. Қызметкердің кәсіби қызмет аясын анықтайтын құжатпен бекітілген және үздіксіз білім беру жүйесінде көп өзгермейтін мамандығы.
Этика – идеологияның бір түрі болып табылатын мінез-құлық, адамгершілік және оның мәні туралы ілім; белгілі бір қоғам мүшелері үшін заң болып табылатын мінез-құлық, тәртіп,мөлшері.