5 практикалық сабақтың тақырыбы



бет1/4
Дата08.02.2023
өлшемі21,58 Kb.
#66337
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Қосалқы пән 5-апта


5 практикалық сабақтың тақырыбы:
Тарихи метрология
1.Тарихи метрологияның пәні, міндеттері, зерттеу әдістері.
2. Ортағасырлық Батыс европалық және орыстық метрологиялық өлшемдер.
а) ағылшындық өлшем бірліктер;
б) француздық өлшем бірліктер;
в) ХҮІ-ХІХ ғғ. Орталық Европадағы салмақ өлшемдері
г) Киев Русінің өлшемдері (Х ғ. - ХҮ ғ. соңы). Мәскеу мемлекеті мен Ресей империясының өлшемдері (ХҮ ғ. соңы - ХХ ғ. басы).
3. Тарихи метрологияның зерттеу процесіндегі ролі.
1.Тарихи метрологияның пәні, міндеттері, зерттеу әдістері.
Тарихи метрология-өткен уақыттарда адамдар пайдаланған ұзындықтың, ауданның, көлемнің, салмақтың және тағы басқалардың өлшем бірліктерін, олардың атауларын, жүйесін, өлшеу құралдары мен әдістерін оқытатын қосалқы тарихи пән. Метрология ұғымы грекше метрон – өлшем, өлшеу құралы, логос – ілім, білім деген сөздерден пайда болған. Бүгінгі таңда метрология барлық өлшем бірліктері жүйелерін, олардың эталондарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық түрлерін, өлшем құралдарын тексеру және аттестаттау мәселелерімен айналысатын ауқымды ғылыми сала. Ал тарихи метрология соның бір бөлігі ретінде де қарастырылады.
Метрология - заттардың салмақтары мен өлшемдерін зерттейтін ғылым.Бұл өте ежелгі ғылым, өйткені адамдар әрдайым заттардың ұзындығы мен өлшемдерін есептеуге тырысқан. Шындығында, метрология пайда болғаннан бастап, алғашқы адамзат қоғамдарынан бастап, біздің күндердегі керемет қалаларға жеткенге дейін адамдардың күнделікті өмірінің бөлігі болды деп айтуға болады.
Тарихи метрология – тарихи дамуында түрлі өлшемдерді – ұзындық, аудан, көлем, салмақ өлшемдерін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Метрология сөзі гректің «метрон» - өлшем және «логос» - ғылым деген сөздерінен құралған. Метрологияның дербес ғылыми пән ретінде қалыптасуын ХVІ ғ. жатқызады және оны белгілі ғалымдар Георг Агрикол мен Жозеф-Жюст Скалигер есімдерімен байланыстырады. 1550 ж. Агриколдің «римдіктер мен гректердегі өлшемдер туралы бес кітап» атты туындысы тарихи метрологияға бастама болды. ХІХ ғ. экономика тарихына қызығушылықтың күшеюімен байланысты ортағасырлық өлшем бірліктерге баса назар аударыла бастайды. Метрологияның жекелеген мәселелері бойынша арнайы зерттеулер пайда болады. «Ұлы Карл фунтының», «кельндік марканың» т.б. тағдыры дискуссияның негізгі тақырыбына айналады.
Тарихи метрология бойынша Ресейде пайда болған алғашқы еңбектердің қатарында А.И.Ламбертидің «Ресейлік салмақ өлшемдерінің алғашқы пайда болуы және қазіргі жағдайы туралы» зерттеуін және Ф.И.Петрушевскийдің «Жалпы метрология» еңбегін айтуға болады. Екі автор да Ресейде түрлі тарихи кезеңде қалыптасқан метрикалық жүйені елдің әлеуметтік-экономикалық тарихынан бөліп қарастырады. Ф.И.Петрушевский еңбегі алғашқы түп деректерге анализ жасағандықтан, суреттеуші сипатқа ие.
Қазан революциясынан кейін 30 ж. ортасына дейін өлшемдер тарихы бойынша еңбектер негізінен халыққа ескі орыс өлшем жүйесінің метрикалық жүйеге көшу себептерін түсіндіру мақсатында жазылған. Метрология мәселелерінің одан әрі өңделу мақсаты Русь мемлекетінің ежелгі кезңдегі тарихы бойынша жазылған еңбектерінен көрініс тапты. Олардың қатарында Б.А.Рыбаковтың «ХІ-ХV ғ.ғ. Русьтегі ұзындық өлшемдер жүйесі» (1949 ж.), И.И. Смирновтың «ХVІ ғ. Мәскеу мемлекетіндегі өлшемдер мәселесі туралы», С.Г.Стримулиннің «Феодалдық Ресей өлшемдері туралы» (1957 ж.), Н.В.Устюговтің «Ежелгі орыс метрологиясының очеркі» (1946 ж.), В.Л.Яниннің «Ортағасырлық орыс мемлекетінің ақша-салмақ жүйесі. Монғолдарға дейінгі кезең» (1956 ж.).
1944 ж. орыс метрологиясы бойынша үлкен анықтамалық мәліметтер және практикалық білімдер сақталған Л.В.Черепниннің «Орыс метрологиясы» оқулығы жарияланады. 1955 ж. Е.И.Каменцева мен Н.В.Устюговтің «Орыс метрологиясы» оқулығы шығады. Мұнда орыс өлшемдері мен ақша санау жүйесі дамуының негізгі кезеңдері суреттеледі. Тарихи метрологияны зерттеуде тарихи метрология бойынша Халықаралық комиссия үлкен еңбек сіңіріп келеді, 1795 ж. бері осы пән бойынша конгресс шақырылады.
Ресейде өлшем жүйесі негізінен ХVІІІ ғ. басында қалыптасты, сондықтан ХVІІІ-ХХ ғ.ғ. метрологияның басты міндеті ең алдымен өлшем бірліктерін нақтылау, ұлан-ғайыр мемлекет территориясына міндетті бірыңғай өлшем бірліктерді енгізу болды. Осы кезеңдегі орыс өлшемдерін зерттеу түрлі түп дерек көздеріне негізделді. ХVІІІ ғ. І жартысында өлшемдер жүйесінің тарихы үшін кедендік кітаптар өз мәнін сақтайды. Зерттеушілердің құзырында өлшем бірліктер үлгісінің түп нұсқалары, сондай-ақ ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ. сенімділік ісін ұйымдастыру үшін құрылған комиссия құжаттары пайда болады. Өлшемдер және салмақ өлшемдері туралы неғұрлым маңызды заңдар 1797, 1835 және 1899 ж.ж. шығарылады. 1797 ж. Заңның міндеті дәл өлшем жүйесін құру болды.
Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет