5 семинар Тақырыбы. Теориялыҕ білім: балалар фольклорының жанры мен түрлері, ҕұрылым ерекшелігі Сабақтың мақсаты: балалар фольклорының жанрлыҕ, ҕұрылымдыҕ сипатын талдау. Жүргізілу түрі: Талдау, ҕұрылымын салыстыру,ҕорытынды жазу


Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы



бет2/3
Дата29.09.2022
өлшемі29,27 Kb.
#40880
түріСеминар
1   2   3
Қазақ фольклорының тәрбиелік ықпалы
Адамзат баласы тіршілік еткен уақыттардан табиғаттың сыры мен жұмбағын, оның өмір сүру кезеңдеріндегі түрлі құпиясының мәнін, қайшылығын ой-сана қуатымен зерделей отырып, көркем образдық бейнелермен кестелеп жеткізіп отырған. Танып-түсіну, ұғыну проблемасы ойлаудың оған деген ынта-ықыластың көрінісі. Таным – тарихи құбылыс, ол даму диалектикасының заңдылығы. Ол философиялық ой-толқындарының тікелей тірішілікпен байланысы. Белгілі философтардың жасаған тұжырымдарына сүйенсек, «таным» бүкіл әлем ойшылдарының проблемасына айналғаны белгілі. Таным туралы ислам философы әл-Кинди де өзінің «Алғашқы философия» деген еңбегінде танымның екі түрі барлығын, кез келген дүниелік құбылыстарды тану үшін әрекет басы барлығын, оны негізінен төрт түрлі сұрақтар қою арқылы оған жауап алуға болатынын түсіндіреді. Сондықтан да тіршіліктегі әрекет, өмір сүру, адамдардың таным-түсінік деңгейінің көрінісі мен тағдырлық проблемаларды көтеріп, оны философиямен байланыстыра талдауымыздың, зерттеуіміздің проблемасына айналмақ. Қай кезеңдер болмасын, өз заманының ойшылдары мен даналары болған, олар дүниелік мәселелерді шешуімен, оның мәнін анықтап дүниетаным қалыптастырып орнықтырған. Бұл дүниетаным қалыптары халықтың даму, өсу, өркендеу, қалыптастыру барысында өткен мен бүгінгісін және ертеңгі турасындағы уақыт ағымына байланысты өзгергені халықтық мәдени философиялық көзқарастарының негізіне айналғанын көрсетуде. Тіршіліктегі өмір тынысы қашанда жақсылыққа деген талап-тілегінің көрінісі. Қазақ халқы да жақсы өмірді, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» замандары аңсауымен дүниеге әл-Фарабиді, ибн-Синаны, Абайды, Шәкәрімді т.б. ойшылдары тудырды. Олардың ілімдері тұрмыстағы тіршіліктің әлеуметтік жақтарына мән берілу керектігін танытуымен, оны оған жетудің жолдары туралы ой-тұжырымдарын зерделетеді. Олар әлеуметтік әл-ауқатты жетілдіруге байланысты адамшылықтың биік көрінісі – парасаттылықты уағыз етеді. Осыған орай философиялық ойдың негізі жақсылық пен бақытты, жамандық пен зұлымдықты тану қатынасындағы парасаттылық қатынастың үлгісін ашып айтады. Мұндай тұжырым танымдарды өз кезегінде грек ойшылдары Платон мен Аристотельде «ел басқару, мемлекеттік іс, оның құрылымы туралы анықтамалар беріп, бақытты тіршілік туралы ойтолғамдар жасаған. Қай заман, қай кезеңдер болмасын өмір сүрудің мәдени көрсеткіші адамның моральдық жағынан өсуі, дамуы, өзін тануы, өзін танумен өзгелерді тану проблемасын көтергені, көтерілетінін айтуға болады. Ол үшін, саналы қызмет, іс-әрекет тіршіліктің негізгі көзі болуымен дүниетаным үлгілерінің көрсеткішін анықтамақ. Мұндай тұжырым адамзаттың өмір сүруінің бір мақсаты да бола алады. Себебі, тек дұрыс дүниетаным ғана адам баласына адами тіршіліктің мәнін ұғындырып ақылойының шынайылығын қалыптастырады. Ақыл-оймен қалыптасқан таным-түсінік қана адамды жақсы өмірдің биігіне апарады. Өзінің ақылды іс-әрекетімен бақытты, салтанатты өмірге қол жеткізеді. Әл-Фарабиде «Ізгі қала тұрғындары» еңбегінде – бақытты өмірдің жайдан-жай қолға түспейтіні туралы айтады. Ол үшін адамға ақыл, дұрыс таным салауатты еңбек керектігін тұжырымдатады Адам өзінің саналы ісәрекетімен айналасына сүйіспеншілік сезіммен танылуы тиіс, сонда ғана айналасынан танудың, яғни сені танудың, өзіңді танытудың мәселесі туындайды да, соған лайықты іс-әрекеттер қалыптасады, өзара түсінісу, өзара танымдық процестер ғана адамзаттық игіліктерге себеп болып, тіршіліктің тынысын кеңейтіп, өмір сүрудегі бақыттың көкжиегін көңілден шығарады. Яғни, барлық таным үрдісі ең алды өзіңнен басталғанда ғана өзгені, айналаңды, дүниені тануға мүмкіндіктер туғызып, оған қол жеткізуге болатынын анықтайды. Сөз жоқ мұндай таным-түсініктер адамдардың бір-бірін тануына, көмектесуіне, қамқорлығын аямай, қиыншылықтың үлгісін, қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектеседі деп тұжырымдатады. Адамгершілік қарым-қатынас үлгілері қоғамның шынайы өркениеттілік деңгейі. Әлеуметтік ортаның адамгершілікті рухани дамуы адамзаттың өркениетке жетуі. Өркениеттілік ол парасаттылық. Парасаттылық философия тарихында өзіндік тұғыры биік таным. Адамгершілік ерекшелігі туралы ой қозғағанда ол жеке адамның моральдық дамуына әсер ететін тұлғаның қасиеттері. Жеке тұлғаның мінез-құлығындағы парасаттылық қасиеттер қоғамның адамгершілік бірлігін жетілдіруімен әлеуметтік ортаға үлгілілік идеясын орнықтырады. Үлгі болу қоғамның рухани даму диалектикасының белсенділігін арттырып, өмір сүру идеясының қуатын шыңдайды. Болса да қоғамдық тіршіліктің экзистенция ретінде мәнін терең танып-түсінуге жағдайлар жасайды. Тұлғаның парасаттылық қасиеттері қоғамның әлеуметтік белсенділігі адамның шығармашылық қуатының көзіне де айналады. Болса да мұндай белсенділік, алға қойған мақсат-мұраттардың орындалуына ықпал етеді. Қоғамдық тіршілік ол өмір сүру шындығы. Өмір сүру тәжірибесі белгілі таным мен білім көздерін жинақтап, қорытуға мүмкіндіктер жасайды. Өмірлік тұжырымдарды дүниеге әкеледі. Қоғам мен адам арасындағы болып жататын қарама-қайшылықтар, проблемалар өмір сүру мақсатын анық, айқын тануға, түсінуге мүмкіндіктер береді. Өмір сүрудің мақсаты да адам үшін, адамның өзі, оның салтанаты. Сондықтан да болар қоғам мен адам арасындағы қарымқатынастардың мақсаты әлеуметтік мүддеге сай жағдайға орайластыра әрекет жасайтынымыз осыған орай сана әлеуметтік мүдде деңгейіне лайықты қалыптастырылады. Фольклор туындыларында кездесетін салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, наным-сенімдер мен экзистенциялық қағидалар қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы әлеуметтік таным-түсініктер мен сол кезеңдер жөніндегі өмір тәжірибесінің тұжырымдарын анықтап берген. Сондықтан да қоғам дамуының сыни көзқарастарына мойын ұсынған адам ғана өзінің танымдық тұрғысынан жіберген кемшіліктерін мойындай алады. Дүниелік таным тұрғысынан қалыптасқан өмір заңдылықтарын сараптай отырып дұрыс шешім қабылдайды. Кез келген қоғам өмірінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оны да философиялық зерде негізінде пайымдай отырып, халық үшін қызмет етсе, әрине онда халықтық сана деңгейіндегі таным түсінігінен алшақ еместігін танытады. Халықтың болмыс-бітім ерекшелігіне лайықты қалыптасқан дүнитаным тілі қоғам тіршілігінің мүддесін анықтап беруде басқа халықтардың дүниетанымын үлгі ете алмайды. Түптеп келгенде мұндай жағдайлардың болғаны түрлі қоғамдағы қайшылықтарды тудырғанын білеміз. Оны жоғарыда айтып та кеттік. Яғни әлеуметтік таным дүниені диалектикалық қабылдауындағы түрлі қайшылықтарды түптеп түстеуді қажет етеді. Әлеуметтік танымдағы қайшылықтар болмыс қайшылығы оны мойындаған дұрыс. Болмыс қайшылығы адамның өз табиғатына жат болғандықтан қоғамда түрлі проблемалар мен қайшылықтарды туғызады. Сондықтан да кез келген әлеуметтік орта сол халықтың мүддесіне яғни сан жылдар бойы қалыптасқан халықтың дүниетаным негізіне орайласа іске асып жатса ғана ол халық мүддесін қорғай алады. Халық мүддесіне орай көрініс тапқан әлеуметтік таным мәдени дәстүрге, заман талабына сай прогресивті бағыттағы өзгерістерді жасайды. Сөйтіп халықтың өз заманына сай сапасын ояту құбылыстары алға шығады. Мұндай өзгерістер мәдени жүйе бойынша іс-шаралардың орындалуы арқасында іске асып жатады. Халықты өнерге, өнегелілікке, ата-баба дәстүріне бейімделген қоғамдық қалыптарға сай тәрбиелеу, әлеуметтік түрлі жағымсыз дүниелерден аулақ болуға, жат қалыптардан құтылуға жетелейді. Мұның барлығы әлеуметтік мақсаттағы дүниетаным түсініктері. Халық дүниетанымы ол сол халықтың болмысының көрінісі. Адамгершілікке, игілікке бастаған дүниетаным түсініктері қазақ халқының сақ, ғұндар дәуірінен келе жатқан ізгі дәстүрлері. Ол дәстүрлік таным фольклорлық шығармаларда кең өріс алған. Оны халыққа ұлттық таным негізінде насихаттаушылар – жыршы, жыраулар ретінде белгілі. Уақыт – тіршілік өлшемі, ол көп нәрсені пайымдатады. Егерде халық өз дүниетаным негіздерінен алшақтап кеткенін білсе, оны түзеуге уақыт бар, кешігу де керек емес. Алға қарай ұмтылу ол прогрессивті тіршіліктің талабы. Дүниетанымның халықтық үлгісі, яғни қазақи танымтүсінік ол ұлттық болмыстың анықтауышы. Қазіргі кездегі әлеуметтік таным тұрғысынан қалыптасқан көзқарастарымыз жан-жақтан келген халықтарға еліктеуден туған құбылыстар. Еліктеудегі туған түсініктер халықтың көсегесін көгертпейді, олардан арылатын уақыт та келді. Қазақ халқының өзіне тән дүниетаным негізін танытуда философиялық зерденің ықпалы зор. Философиялық зерде қоғамда құбылыс ретінде қалыптасып келе жатыр. Философиялық зерде – халықтың таным-түсінікті қалыптастыруда ұлттық сана-сезімді ояту аясында ізгі бастамалар жасауда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет