5 семинар Тақырыбы. Теориялыҕ білім: балалар фольклорының жанры мен түрлері, ҕұрылым ерекшелігі Сабақтың мақсаты: балалар фольклорының жанрлыҕ, ҕұрылымдыҕ сипатын талдау. Жүргізілу түрі: Талдау, ҕұрылымын салыстыру,ҕорытынды жазу



бет1/3
Дата29.09.2022
өлшемі29,27 Kb.
#40880
түріСеминар
  1   2   3
Байланысты:
Қазақ фольклорының жанры мен түрлері

5 семинар Тақырыбы. Теориялыҕ білім: балалар фольклорының жанры мен түрлері, ҕұрылым ерекшелігі Сабақтың мақсаты: балалар фольклорының жанрлыҕ, ҕұрылымдыҕ сипатын талдау. Жүргізілу түрі: Талдау, ҕұрылымын салыстыру,ҕорытынды жазу. Тапсырма: 1.Қазақ фольклорының жанры мен түрлері 2. Қазаҕ фольклорының тәрбиелік ыҕпалы 3.Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары .


Қазақ фольклорының жанры мен түрлері
«Фольклор» – ағылшын сөзі, «халық даналығы» деген ұғымды береді. Алайда, бұрынғы СССР-ден басқа өркениетті елдерде «фольклор» кең мағынада түсініледі. Оған халық музыкасын, халық биін, халық өлеңін, халық театрын, халық әдебиетін, халық қолөнерін, ырымдар мен ғұрыптарды, салттар мен нанымдарды жатқызады. Сол себепті ол елдерде «фольклор» сөзімен қатар көбінесе «этнография» сөзін қолданады, ғылымын «этнология» дейді. Ал, бұрынғы СССР-ді және социалистік лагерьді құраған елдерде «фольклор» терминімен тек халық әдебиетін, дәлірек айтқанда халықтың ауызша туып, ауызша орындалатын шығармаларын атау орныққан. Бұл дәстүр XIX ғасырдың екінші жартысында Ресейде, XX ғасырда соған қараған халықтардың ғылымында орын тепті. Қазақ ғалымдары да осы үрдісті қолдап, фольклорға халық әдебиетін (мұндаға дейін ақындар поэзиясын да) жатқызу дәстүрін енгізді де, екі атауды аралас қолданып келеді. Бірақ «халық әдебиеті» деген атау әлем қабылдаған «фольклор» ұғымын толық бере алмайды. Мысалы, көркемдігі нашар, өнер деңгейі жоқ ауызша орындалатын шығармалар толық мағынада сөз өнері, яғни әдебиет бола ала ма? Сол сияқты алуан түрлі ырымдар, салттар мен нанымдар, бата, алғыс, қарғыс, арбау, жауын шақыру, күн жайлату, жарапазандар өз мағынасындағы әдебиет бола қоймас. Ендеше, «халық әдебиеті» дегеннен гөрі өркениетті мемлекеттер қолданатын «фольклор» терминін қабылдап, орнықтыру жөн сияқты. Ал, «халық әдебиеті» ұғымын синоним ретінде көркем фольклорды, яғни өнер қасиеті бар шығармаларды сипаттау үшін қолданған орынды болмақ.
Фольклор – синкретті, көпфункциялы руханият. Ол әрі танымдық, әрі эстетикалық қызмет атқарады. Фольклор тәрбиелік мақсатта да пайдаланылады. Сонымен бірге фольклордың утилитарлық (қолданбалы) функциясы да бар, яғни ол белгілі бір жағдайда тұрмыстық қажетті өтейді. Фольклордың ең маңызды функциясы – эстетикалық және сейілдік. (Әлбетте, қажет болғанда идеологиялық міндет те атқарады). Фольклор қызметінің мұншалықты көп болуы, бір жағынан, оның синкреттілігінен туындаса, екінші жағынан, әр жанрдың әр дәуірде әр түрлі міндет атқаруына және фольклорлық шығармалардың орындалу мақсатына байланысты. Утилитарлық және тәрбиелік мақсат көздеген фольклорлық шығармалардың көркемдік сапасы эстетикалық және сейілдік функция атқаратын туындылардың поэтикалық деңгейінен төменірек болады. Егер бірінші топтағы шығармаларда нені айту керек деген мақсат алға қойылса, екінші топқа енетін туындыларда нені және қалай айту керек мәселесі бірінші кезекте тұрады.
Фольклор – ежелгі дүниетаным және көне мәдениет, әрі мұра. Фольклор – көп заманның, бірнеше дәуірдің, әр түрлі қоғамның жемісі, сондықтан ол көпқатпарлы, көпсатылы және көпмағыналы, көпқырлы. Ежелгі замандарда пайда болған ырымдар мен ғұрыптар, діни ұғымдар мен мифтер, – бір жағынан, фольклор, өйткені олар сол тұстағы адамдардың ауызша шығарып айтқан әңгімелері және іс жүзінде атқарған ырым-кәделері. Бұл тұрғыдан қарағанда, олар – екінші жағынан, сол дәуір қоғамының мәдениеті болды, себебі сол замандағы адамдар атқарған ырым-кәделер мен айтылған әңгіме-мифтер сол қауым үшін мәдени рөл де атқарды. Үшінші жағынан, әр түрлі ырымдар, ғұрыптар, діни нанымдар мен мифтер алғашқы қауым адамының дүниені танып-білу процесінде қалыптасқан руханият еді. Олар, – түптеп келгенде, сол бір көне дәуір адамдарының дүниетанымы еді.
Анимизм – адамзаттың ең ерте кезеңінде пайда болған нанымның бірі. Бұл наным бойынша дүниедегі нәрсенің бәрі жанды, өлі мен тірінің, адам мен табиғаттың бір-бірінен еш айырмасы жоқ. Алғашқы қауым адамы өзін табиғаттан, жан-жануардан бөлмеген, яғни «адам мен табиғаттың теңдігі» туралы заң қалыптасқан. Адам өзін қоршаған ортадағы нәрсенің бәрі адам сияқты жанды нәрсе, олар адамша тірлік етеді, сондықтан олармен адам тікелей араласа алады, оп-оңай бір-біріне ауысады, құбылып бірі-бірінің кейпіне ене алады, тілдеседі деп нанған. Мұндай анимизм фольклорда, әсіресе, миф пен ертегіде жиі кездеседі: адам оп-оңай аңның, немесе басқа бір нәрсенің түріне енеді; я болмаса, хайуан адам кейпіне ауыса алады, ол адамша сөйлейді; немесе адам мен жануар үйленіп, бірге ғұмыр кешеді.
Тотемизм – адам, яки ру-тайпа белгілі бір жануардан, өсімдіктен, немесе желден, күн сәулесінен, я болмаса басқа бір ғажайып нәрседен туады деп илану және сол бабасының керемет қасиеттері ұрпағына дариды деп түсіну. Бұл пайым Шыңғыс ханның күн нұрынан жаралғаны, Төстіктің анасы төстік жегеннен туғаны, Қобыландының шешесі қабыланның жүрегіне жерік болуы, Алпамыстың әулиеден, ал Едігенің пері қызынан тууы сияқты мотивтерге негіз болған. Кейбір ертегілерде кейіпкердің атасы – аю, қасқыр сияқты жыртқыш аңдар болып келеді. Енді бір мифтерде адам мен тылсым өкілдерінің үйленіп, олардан туған бала ғажайып күштің, немесе басқа бір керемет қасиеттің иесі болады. Осындай тотемистік ұғымдар ордалы жыланды, немесе ақ жыланды көрген, оларға жақсылық істеген кейіпкерлердің жан-жануар тілін білетін, я болмаса зор бақытқа кенелетін адам жайындағы ертегілерде де бой көрсетеді. Магия – алғашқы қауымда пайда болып, кейін әр түрлі өзгеріске ұшырап, әлі күнге дейін ел арасында сақталған сөздің, немесе басқа бір ісәрекеттің керемет қасиеті бар деп, олардың құдіретіне сену. Сөз, я болмаса бір іс-әрекет, ырым арқылы басқа адамға, затқа, аңға әсер етуге болады деген түсінік фольклорда кең тараған. Көптеген мифтер мен ертегілер осы магияны арқа тұтады, ондағы кейіпкерлер бірін-бірі оп-оңай, сыйқыр, немесе дұға арқылы, я болмаса ишара, ниет көмегімен-ақ аңға, құсқа, хайуанға, өсімдікке, т.б. затқа айналдырып жібереді. Мұндай шығармаларды былай қойғанда алғыс, қарғыс, бата секілді фольклор жанрлары түгелімен осы магияға негізделген. Магия пайдалы (оңды) және зиянды, тікелей және шалғай болып та келеді. Табу – дүниеде зиянды күш көп, солардан аман болу үшін әр түрлі ырым, жоралғы жасалған, олар атқарылмаса, бақытсыздық болады деп сенген алғашқы қауым адамдары неше түрлі тыйым ойлап тапқан. Тыйымның түрлері фольклорда ғана емес, күнделікті тұрмыста да жиі кездеседі. Мысалы, бүйірді таянбау, шашты жалбыратпау, есікті кермеу, түнде суға бармау, қасқырдың атын атамау, ай сәулесінің астында ұйықтамау, т.т. Мұндай тұрмыстық тыйымның көбісі ескі діни нанымдармен байланысты болса, еңді біразы елдің өмір тәжірибесінен туындаған. Ал, фольклорда кездесетін табу – кейіпкерлердің тағдырына әсер ететін тыйым. Көп жағдайда ертегінің, дастанның қаһарманына белгілі бір тыйым салынады, алайда, ол тыйымды бұзады, соның кесірінен кейіпкер бір пәлеге тап болады. Ер Төстіктің жаңа түскен келіншегі Кенжекей қайын атасы Ерназарға Сорқұдықтың басына қонбасын деп, тыйым салады. Алайда, Ерназар оны тыңдамайды. Ақырында, оны жалмауыз кемпір ұстап алып, сүйікті ұлы Төстікті беруге мәжбүр етеді. Осылай тыйымды бұзып, сорға ұшыраған Төлеген, Мамай, Едігенің әкесі, т.б. қаһармандар тағдырында ежелгі табудың, яғни алғашқы қауым адамының дүниетанымы жатқанын айғақтайды. Шамандық – алғашқы қауым ыдырап, рулық қоғам қалыптасқан тұста етек алған табиғатқа, аспан әлеміне табыну және адам арасында ерекше кереметке ие, дүниенің барлық сырын білетін, тылсым күштермен араласып 9 жүретін айырықша жан, ғажайып кісі болатынына сену. Бұл наным бойынша әлем құрылысы вертикалді: аспан әлемі, жер беті, жер асты болып келеді; сондай-ақ жаһан – төрт бұрышты жазық түрінде болады. Сонымен бірге осы үш әлемді, төрт бұрышты түгел шарлай алатын адам бар, оның қолынан келмейтіні жоқ деп ұғынған. Ол бақсы (шаман). Оның басты міндеті – адамдарды аурудан, апаттан сақтап қалу, қара күш иелерімен ымырасыз шайқасып, адам баласын қауіптен құтқару, т.т. Осылардың бәрі қазақтың көне мифтері мен ертегілерінде, ырым мен әдет-ғұрпында, әпсана мен хикаяттарында мол ұшырасады. Ер Төстіктің жер астына түсіп кетуі, содан соң жер бетіне шығуы, Қорқыттың дүниенің төрт бұрышын шарлауы, Күнікей қыздың Күн астында, Айбарша сұлудың Ай астында болуы, – бәрі ежелгі шамандық наным жемісі. Фольклорлық шығармадағы бас кейіпкердің керемет көмекшілері – қолынан келмейтіні жоқ шаманның елесі. Ал, ертегілердегі жалмауыз кемпірдің ғаламаттығы, жер мен көкті тіреген алып бәйтеректің биіктігі, сондай-ақ сыйқырлықты пайдаланып, кейіпкерлерге кейде зияндық, кейде жақсылық істейтін бақсының өзі, міне, бұлар да шамандық ұғым белгісі.
Орта ғасырлар тұсындағы фольклор (Мемлекеттік қоғам кезі). Адамзат тарихының ең бір ұзақ мезгілін рулық қауым қамтыды. Рулық қауым неолит дәуірінде ыдырап, осыдан 7-8 мың жыл бұрын алғашқы мемлекеттер пайда болды. Жер бетіндегі ең көне мемлекеттер Египетте, Месопотамияда, Үндістанда, Қытайда, Грекияда, Иранда, Италияда орнығып, құлиеленуші сипатта болған да, біздің дәуіріміздің ІІІ-ІV ғасырларында феодалдық сипаттағы қоғамға ауысқан деп есептеледі [3]. Осы уақыттан басталатын заман әлем тарихының ортағасырлық дәуірі деп саналады. Бұл ХVІІІ ғасырға дейін созылған да, одан бергі кезеңді жаңа заман деп атайды. Қазақстан тарихы да осылай дәуірленеді [4]. Қазақстан жерінде алғашқы мемлекет б.з.д. І мыңжылдықта, сақтар дәуірінде орныққан. Сақтар «көшпелі, жартылай көшпелі және егінші ел болатын. Бірақ олар ең алдымен тамаша шабандоздар еді. Дүниеде атпен шауып келе жатып садақпен оқ атуды бірінші болып сақтар меңгерген. Қайтпас қайсар кісікиік (кентавр) бейнесінің үлгісі салт атты скиф және сақ адамы болған... Сақтардың өз жазуы, мифологиясы және дүниежүзілік деңгейдегі үздік өнері болды, ол әдебиетте «Аң стильді өнер» деп аталды. Сюжеттері – жыртқыш аңдар мен шөппен қоректенетін жануарлар, солардың арасындағы күрес» [5]. Сақтардан соң сарматтардың, үйсіндердің, қаңлылардың, түркілердің мемлекеттері болған, олар мың жылдан астам уақытты қамтып, Қазақстан тарихында ерекше із қалдырған. Аталған мемлекеттер де, олардан кейін құрылған оғыздардың, қыпшақтардың, қарлықтар мен қарахандықтардың мемлекеттері де, кейінірек дүниеге келген Алтын Орда да, Қазақ хандығы да орта ғасырлық феодалдық сипаттағы мемлекеттер болды. Олардың әрқайсысы өз қоғамына сай мәдениет тудырды, бірақ рухани жалғастық үзілген жоқ. Әр дәуір мәдениеті өзіне дейінгіні пайдаланды, соны негізге алды, жаңғыртты әрі дамытты. Ертедегі орта ғасырдың, яғни сақтар мен ғұндардың, қаңлылар мен үйсіндердің тұсындағы рухани мәдениет дамыған орта ғасыр мен соңғы орта ғасыр кезінде сақталынып қана қойған жоқ. Ежелгі замандағы мифтер мен аңыздаулар, т.б. фольклорлық дүниелер әрі қарай өзгертіле, кеңейе дамыды. Олардың классикалық фольклорға айналуы осы дамыған орта ғасырға тұспа тұс келеді. Рулық замандағы көптеген ұғымдар мен нанымдар, мифтік әңгімелер ендігі жерде көркем фольклордың 18 құрамында танымдық, эстетикалық міндет атқарады. Сөйтіп, ескі мен жаңаның кіріккен түрі, яғни біртұтас мәдениетке айналған руханият қалыптасты, ал мұның өзі фольклорды көпсатылы, көпсипатты және көпқырлы өнерге айналдырды.
Жаңа дәуірдегі фольклор. Бұл кезең ХVІІІ ғасырдан бергі уақытты қамтиды. Әлбетте, фольклор – өмірдің ағымы сияқты тез өзгере беретін құбылыс емес. Дегенмен, халық тұрмысымен, оның санасымен тікелей байланысты болған соң ол да әр кезде өзгеріске ұшырап отырады. Қазақ хандығының Жоңғар хандығымен үш ғасырдай жүргізген соғысы халық өмірінің барлық саласына әсер етті, ал рухани мәдениетте ерекше із қалдырды. Фольклор да айтарлықтай жаңарып, оның жанрлық құрамы толыға түсті әрі көркемдік сапасы да артты. Бізге жеткен фольклор нұсқалары, негізінен, осы жаңа дәуірде, яғни ХVІІІ-ХІХ ғасырларда сұрыпталып, көркемдік жағынан әрленіп, жүйеленіп, осы күнгі қалпына жеткен деуге болады. Бұл кезеңде ертеден келе жатқан батырлар жырымен қатар жаңа эпикалық жанр – тарихи жыр барынша етек алып, жеке түр ретінде үлкен қарқын алды. Тарихи жырдың мазмұны да байи түсті. Оның шығармаларында енді тек қана қалмаққа қарсы соғыс жырланып қойған жоқ. Жаңа туындаған тарихи жырда Ресейдің отарлық саясаты мен іс-әрекетіне, сондай-ақ қоқандықтардың шапқыншылығына көрсетілген елдің қарсылығы жырланатын болды. Еліміздің әр тұсында бірінен соң бірі орын алған көтерілістерде қол жинап, ел басқарған қайсар азаматтардың батылдығы мен ерлігі халық санасында тарихи жыр түрінде жаңғырып жатты. Бұл жағдай жаңа жырмен бірге көптеген аңыздарды, өлең мен ән-күйді дүниеге әкелді. Олардың да мазмұны әр алуан болды. Бірде орыс әскерімен ұрыс баяндалса, енді бірде қоқандықтарға қарсы соғыс әңгімеленеді, бірде қазақ қайраткерлерінің елшілік істері айтылады. Сырым бастаған көтеріліс туралы аңыз, әңгімелер, «Ерназар-Бекет», «Досан батыр», «Жанқожа батыр», «Кенесары-Наурызбай» жырлары, Қаздауысты Қазыбектің қонтажыға барған елшілігі жайындағы аңыздар қазақ фольклорына жаңа тақырып пен жаңа түр енгізіп қана қойған жоқ, олар фольклор құрамын өзгертті, фольклорға саяси мағына берді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет