5 семинар Тақырыбы. Теориялыҕ білім: балалар фольклорының жанры мен түрлері, ҕұрылым ерекшелігі Сабақтың мақсаты: балалар фольклорының жанрлыҕ, ҕұрылымдыҕ сипатын талдау. Жүргізілу түрі: Талдау, ҕұрылымын салыстыру,ҕорытынды жазу


Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары



бет3/3
Дата29.09.2022
өлшемі29,27 Kb.
#40880
түріСеминар
1   2   3
Байланысты:
Қазақ фольклорының жанры мен түрлері

Ауыз әдебиетінің тарихи даму жолдары
Қазақ ауыз әдебиеті (халық поэзиясы, фольклоры) — қазақ халқының бұқаралық көркем сөз шығармашылығы. Алғашқы нұсқалары ерте заманда, түркі тектес рулардың, тайпалардың сөйлеу тілі қалыптаса бастаған кезде пайда болған. Қ.а. өзенінің ежелгі үлгілері орхон ескерткіштеріндегі көне түркі жазуларынан да (7 ғ. соңы — 8 ғ. басы) кездеседі. Қазақстан мен Орта Азия, Алтай өңірі мен Еділ бойын мекендеген көшпелі түркі халықтарының кейбір ертегілері мен аңыздары, дастандары мен өлең-жырлары, мақал-мәтелдері мен жұмбақтарының негізі төркіндес екені мәлім. Мысалы, Махмуд Қашғардың ("Диуани лұғат ат-түрк", 11 ғ.). Жүсіп Баласағұнидің ("Құтадғу білік"), Рабғузидің ("Қиссасул-анбия", 13 ғ.) Еңбектерінде қазақ ауыз әдебиеті үлгілері ұшырасады. Сондай-ақ, бұған қазақтың "Алпамыс" дастаны өзбектерде "Алпомиш", алтайлықтарда "Алып-манаш", башқұрттарда "Алпамыса менән барсын һылу", "Қозы көрпеш— баян сұлу" жыры Алтайлықтарда "Қозы әркеш", башқұрттарда "Кузый курпес мәнән маян-хылу", "Қобыланды" дастаны қарақалпақтарда "Қобылан" деген атпен мазмұны бір-біріне ұқсас болып жырланатыны да дәлел. Қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларының алғаш хатқа түсуі Махмуд Қашғар, Жүсіп Баласағұни кітаптары шыққан 11 ғасырдан басталады. Бүл кітаптарға енген көптеген өлең-жырлар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар қазақ ауыз әдебиетінің төл үлгілерімен сабақтас. Мысалы, "Бейнет түбі — зейнет", "адамның аласы — ішінде, малдың аласы — сыртында", "қонақ келсе — құт келер", т.б. кейінірек басылып шыққан "Кодекс куманикус" (Венеция, 1363) жинағында да көптеген қазақ жұмбақтары кездеседі. Мысалы, "Ерте тұрдым — алып ұрдым" (есік), "Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау" (жұмыртқа), "буы бар да ізі жоқ" (кеме) т.б. Қазақ ауыз әдебиеті ежелгі үлгілерінен қазақ халқы даму тарихының ор түрлі кезеңдерін, оның рухани сана-сезімінің өсу дәрежесін танытуға болады. Бұған алғашқы коғам, рулық-патриархалдық дәуір, феод, заман қазіргі ауыз әдебиетінің өз мазмұнымен, түрімен ерекшеленетіні айғақ. Мысалы, табиғаттың дүлей күшіне табыну, жалбарыну сарынындағы өлең-жырлар алғашқы қоғамдық дәуірдің жемісі болса, шаман, Ислам діндеріне байланысты туған өлең-жырлар сол діни ұғымдардың үстемдік еткен кезеңдерін байқатады.
Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары — тұрмыс-салт жырлары, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақпақтар, шешендік сөздер, ертегілер, батырлар жыры, ғашықтық жырлар (лиро-эпос), тарихи жырлар, айтыс өлеңдер. Бұлардың бәрі де мазмұнына, тақырыбына, құрылысына қарай ішкі жанрлық түрлерге жіктеледі. Басқалардан гөрі тұрмыс-салт жырларының түрлері көп. Діни ұғымға байланысты өлеңдер, арбау, жалбарыну, бәдік, бақсы сарыны болып бөлінсе, үйлену, қыз ұзатуға байланысты өлеңдер — той бастар, бет ашар, жар-жар, сыңсу болып дараланады. Бұлардан басқа тіршілік кәсіпке, төрт түлік малға байланысты да өлең түрлері және адам өміріндегі мүңшерді білдіретін қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау тәрізді өлеңдер де бар. Сырдарияның Отырардағы тұсында ескі заманнан-ақ үш қайық, Ақжар, Маякум, шеңгелді өткелдерінде қазақ қайығы пайдаланылған. Қазақ қайығы омыртқа, қарақұс, жақтау, беріктік секілді негізгі және шау, бұлқын сияқты қозғаушы, бағыттаушы бөліктерден тұрады. Қайықтың әр бөлшегін үлгісіне қарай тораңғы діңінің түзу және иіңді бөліктерінен төрт қырлы етіп байтесемен шауып, бір-біріне қиюластырып, ағаш бұрғымен тесіп, жиде шегемен бекіткен. Қайықтың жарығын таза мата қиындысымен тығындап, сыртын ешкінің майымен майлаған. Аңыз әңгімелер. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен. Аңыз әңгімелерде халықтың қоспасы болғанымен, негізгі ой түйіні барлық жерде бірдей сақталады. Олардың өміріне байланысты әңгімелерде ертегілердегідей әсіре қиялдау көп кездеспейді. Уақиға желісі күнделікті өмірде кездесетін қарапайым сюжетке құрылады. Кейіпкерлері. Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше шешен, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, т.б. – бәрі де қарапайым адамдар ретінде суреттеледі. Кейбір аңыз әңгімелердің басты кейіпкері көрші елдерге де ортақ болып келеді. Мысалы, Қожанасыр қазақ, қырғыз, өзбек ауыз әдебиетінде ортақ кейіпкер. Ол "ауылы аралас, қойы қоралас", қыз алысып, қыз берісіп құда-жекжат болып кеткен көрші елдердің ежелгі мәдени байланысының куәсі. Аңыз әңгімелерде көбінесе сарандық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен ажуалап сынау арқылы жастарды жаман әдет, жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады. Қожанасыр әңгімелерінде (аңызда) оғаш қылығы, аңғал мінезі әжуа-күлкі туғызып отырғанымен, негізі түйін ойда үлкен тәрбие-тәлім толқыны анық байқалады; оқушы оқып күле отырып шындықты түсінеді. Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға, оның өкілдеріне қарсы жұмсау, оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ. Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", т.б. аңыз әңгімелерден көреміз. Осы аттары аталған хан, бай, саудагерлерді Алдар көсе өзінің тапқырлығы, ақыл-айласының арқасында алдап соғады, ел алдында мазақ, күлкі етеді. Халық аузындағы мәтелге айналған "Жұмыртқадан жүн алатын", "Өзі тойса да, көзі тоймайтын", "Кесіп алса қан шықпайтын" шық бермес Шығайбай – сараңдықтың жиынтығы. Шығайбайдың әдеті мен ісінен сарандық, дүниеқорлық, өзімшілдік айқын көрінеді. Оның осы мінезін жек көрген халық қапияда жол, қапылыста сөз табатын, айла-амалы мол Алдар көсені жіберіп, Шығайбайды бірнеше рет жер қаптырады. "Ұрының әйелі өзіне лайық" дегендей, оның тәрбиесіндегі үй-іші – әйелі, қызы Шығайбайдың өзі тәріздес пиғылы тар сараң жандар. Көсе үйге кіріп келгенде әйелі илеп отырған нанды, қызы үйітуге әзірлеп отырған қазды жасыра қояды. Бұл әрекеттер Шығайбайдың образын толықтыра түседі. Сараңдық пен дүниеқорлыққа жаны қас Алдар көсе табан аузында сөз тапқыштығымен өзінің жаңа ғана көргендерін әңгімеге қосып, келе жатып үлкен сары бас жылан көргенін, оны өлтіргенін тұспалдап айтып береді. "Осы айтқандарым өтірік болса, байеке сіздің астыңыздағы қазыдай тілінейін, бәйбішенің нанындай иленейін, қызыңның астындағы қаздай жұлынайын", – деп аяқ астында оларды масқара етеді. Алдар көсе ақыры байдың қызы Бізбикені алдап алып кетумен уақиға аяқталады. Ал "Алдар көсенің шайтанды алдауы" деген әңгіменің сюжеті, құрылысы басқаша болып келеді. Халық ұғымында шайтанды ешкім алдай алмайтын болса, бұл әңгімеде Алдар көсе өзінің қулығымен шайтанды да алдап кетеді. Оның өтірік өліп тірілуі, шайтанға қазы алдыруы, үлкендігін бұлдап, шайтанның мойнына мініп қамшымен сабауы, шайтандар қорқатын тікен арасына тығылып, ала қаптағы алтында алып құтылып кетуі арқылы адам айласы шайтанды да жеңеді деген идеяны білдіреді. Алдар көсе туралы аңыздардың қай-қайсысы болмасын оны тапқырлықтың өкілі етіп және ол қандай іс-әрекет жасаса да жазғырмай, сүйікті етіп көрсетуі Алдардың ел санасынан ұнамды кейіпкер түрінде тұрақты орын алғандығын аңғартады.
Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Оның әуелгі элементі көркемөнердің түрлері сараланып, бір-бірінен әлі ажырамай, бәрі бірігіп бір бүтін өнер саналып, әні де, өлеңі де, оны шығару да, орындау да, қимыл, бет құбылысы, тағы басқалары да қосыла жүрген дәуірде туса керек деп топшылайды. Айтыстың алғашқы адымы осы кезеңде басталса керек. Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Әсіресе бұл XIX ғ. етегін кеңірек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр. Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ауыз әдебиетінің басқа жанрларына қарағанда, айтыстың ерекшелігі – оған көптеген әйел ақындар қатынасқан. Қазақ ақындар айтысында талантымен танылып, бүкіл елге аты жайылған әйгілі ақындар аз емес. Сара мен Ырысжан, Ақбала мен Күнбала, Тоғжан мен Тәбия сияқты ақындар – топтан озған жүйріктер. Осындай аяулы өнер иелерін халық қатты ардақтаған. Ақындар айтысының ендігі бір ерекшелігі – онда "Халық театрының анық, дәл ұрығы бар" (М.Әуезов), айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың, қобыздың сүйемелдеуімен, әнмен айтады. Театр актерлеріндей олар сан алуан құбылыс жасайды. Тарихта аты мәлім қазақ ақындарының көпшілігі осы айтыс өлеңдерінде тәрбиеленіп өсті. Айтыс – ақындық тәрбие мектебі. Сөз сайысы үстінде оның ақындық өнері шыңдала береді. Ақындар шаршы топ алдында сарапқа, сынға түскендіктен, сөзінің мазмұны мен көркемдік жақтарына зер салады. Айтыс жырларындағы үздік образ, шешен сөздер осы айтыс үстінде туған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет