5. Шолу. Ғылыми эссе. Конференция. Оқулық


Эссеге мынадай талаптар қойылады



бет6/11
Дата26.12.2023
өлшемі1,45 Mb.
#143897
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
академия сессия

Эссеге мынадай талаптар қойылады:

Эссе жазу кезінде логика, ойды дәйектеу мен ақпаратты сауатты жеткізу қабілеті жақсы дамиды. Баяндау стилі көбіне сөйлеуге бағытталған.




Эссенің түрлері:
1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе
жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
отырады.
2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.
3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне
сипаттама беріледі.


4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.
5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай
отырып, қорытынды шығарып жазады.
6. Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын
ашу көзделеді.


Эссенің құрылымы. Эссені жазу ережелері


Эссе құрылымы: кіріспе бөлім; негізгі бөлім; қорытынды бөлім.

Эссе қалай жазылады?


Эссені дұрыс жазу – жанрдың ерекшеліктерін түсінуге байланысты. Жазудың негізгі принциптері мен ұсыныстарын ұстанып жазса, эссе қызықты болады.
Эссе 200-250 сөзден тұруы керек.


Реферат. Реферат жазу ережелері
Реферат - кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау, белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет