5.2.3.1 Шығармадағы тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының (теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер) мағынасын анықтау.
Бағалау критерийі: Білім алушы
Шығармадан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының мағынасын ажыратады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты:
15-20 минут
1-тапсырма. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. Анықтаған тақырыбыңыз бен идеяңызды «ПОПС» формуласы бойынша жазбаша түсіндіріңіз.
• Бірінші сөйлем: «Менің ойымша, «Қобыланды батыр» жырының басты тақырыбы мен идеясы - ...».
• Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...».
• Үшінші сөйлем: «Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...».
• Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ...».
2-тапсырма. Жырдан тілдік бейнелеу, суреттеу құралдарының әрқайсысына дәлел табыңыз, мағынасын анықтаңыз.