Ойын мектеп жасына дейінгі баланың негізгі іс-әрекеті негізгі ұғымдар



бет1/6
Дата05.05.2023
өлшемі65,42 Kb.
#90579
  1   2   3   4   5   6

ОЙЫН - МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ НЕГІЗГІ ІС-ӘРЕКЕТІ
 
Негізгі ұғымдаройын,тәрбие,мектеп жасына дейінгі балалар, даму, білім беру, бала іс-әрекеті, анатомиялық, физиологиялық, психологиялық, дидактикалық ойын, шығармашылық ойын, сюжеттік рөлдік ойын, қимылды ойындар, ұлттық ойындар, педагогикалық ойындар.
 
 «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»
(М. Жұмабаев).
 
Л.С.Выготский балалардың жас кезеңдерін олардың жетекші іс-әрекеттің түрі арқылы анықтауды ұсынып, сол кезден бері бұл теория жас психологиясындағы негізгі теориялардың бірі болып келеді. Бұл идеяны дамыта отырып, Д.Б.Эльконин бала іс-әрекетінің типтерін, алмасу заңдылығын ашып, жетекші іс-әрекет түрлерінің әр жас кезеңінде орындайтын функцияларын жүйеге келтірген. Қазіргі кезде балалардың іс-әрекет типтерінің ауысуына байланысты бала психикасы детерминациялық байланыста дамитыны дәлелденді[1]. А.Н.Леонтьевтың әрекеттік теориясы адамның барлық психологиялық қасиеттері іс-әрекет барысында қалыптасатынын дәлелдеген. А.Н.Леонтьевтің тұжырымдамасы бойынша бала іс-әрекет барысында заттарды пайдалану жолдарын үйреніп, қарым-қатынас жасау құралдарын меңгереді және оның мотивациялық жүйесі іс-тәжірибесіне негізделеді. Мектеп жасына дейінгі жас кезеңіндегі балалардың анатомиялық, физиологиялық және психологиялық дамуы ерекшеліктеріне байланысты ойын олардың жетекші әрекеті болып табылады. Мектепке даярлық тобындағы және кіші жастағы балалардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру ерекшеліктерін көптеген ғалымдар зерттеген[2]. Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, Д.Б. Эльконин, А.Ф.Обухова, Л.А.Венгер т.б. көптеген психологтар еңбектерінде мектепке даярлық тобындағы балалардың жеке тұлғалық қасиеттері мен таным процестерінің дамуына олардың іс-әрекеттерінің қосатын үлестерін жан-жақты талдап, мектепке даярлық кезеңдегі балалардың танымдық әрекеттерінің және қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына іс-әрекет түрлерінің қосатын үлесі ерекше екенін атап көрсеткен[3].
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде маңызды орын ала-
тын іс - әрекет бұл – ойын. Ойын дегеніміз - жас ерекшелікке қарамайтын, адамның көңіл - күйін көтеретін, ойландыратын үрдіс. Ойын - төзімділікті, алғырттықты, тапқырлықты, ұқыптылықты, ізденімпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай - ақ, басқа да толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар педагогикалық тиімді әдістерінің бipi.В. А. Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ» және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты[4].
Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда мектеп жасына дейінгі балалар белсенді және өте қозғалмалы болып келеді. Бұл жастағы балалар өздерін еркін ұстап, ойынға аса қызығумен қатысады, өзінің айналасындағы нәрселерді көріп, соны бейнелеуді ұнатады. Рөлдік ойындарды табысты және қарқынды жүргізе біледі. Сөйлеу әрекетінде қозғаушы күш - ырғақ. Сөйлеу ырғағын құру тәрбиешілердің рөлдік ойындарды ұйымдастырудағы ең қиын іс - әрекеті. Балалардың қызығуын арттыру мақсатында тәрбиеші ойынға қатысушының өзіндік сөз ырғағын бейнелеп көрсетіп, тапсырманы дұрыс құра білуі керек. Тақырыптық «рөлдік - ойындар», «қимылды ойындар», «дидактикалық ойындар» жас өспірімдердің сөйлеу дағдысының қалыптасуын дамытады.
Ойын іс - әрекеті зерттеуші, дамытушы, үйретуші болып тәрбиешінің негізгі іс - әрекетін құрайды.
Ойынның түрлері:дидактикалық ойын, шығармашылық ойын, сюжеттік рөлдік ойын, қимылды ойындар, ұлттық ойындар, педагогикалық ойындар[5].
Тәрбиеші балалармен ойынды (заттармен, үстел үсті және сөздік ойын) үш түрлі етіп өткізуіне болады.«Дәл осындайды тауып ал», «Салыстыр да, атын ата», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Қайсысы көп, қайсысы аз» «Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?» «Бір сөзбен ата», «Кім байқағыш», «Қиылған суреттер» «Ұқсасын тап», «4 - ші не артық?», «Есіңде сақта», «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ ойла» «Жақсы - жаман», «Жалғастыр», «Үш сөз ата».Бұл аталған жаттығулар, тапсырмалар балалардың сөздік қорын дамыта отырып, бір — бірімен достығын арттырып және саусақ бұлшық етін дамытады. Ойынға қажетті құрал, заттарды даярлау ойынды өткізу дайындығын көрсетеді.
Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу үдерісінде
балалардың тілін дамыту, сөздік қорын көбейту жолында төмендегі тәсілдер ұсынылады:баланың құзыреттіліктерін дамытатындай рөлдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән берілуі тиіс. Ойын үстінде бала сұранысы мен тәрбиешісінің тапсырмасы өзара ұштасады.Мысалы: сюжеттік — рөлдік ойын: «Менің сүйікті кейіпкерім!». Баланың сүйікті кейіпкерлері болатыны, өзінің соған ұқсағысы келетіні белгілі, ол баланың сол кейіпкер рөлін атқаруы оның моральдық танымы мен түсінігіне әсер етеді де, баланың жеке ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері өрістейді, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың творчестволық талантын кеңейтеді.
Қазақтың халқы мәдени мұраларға бай халық екендігіне сөз жоқ. Сондай бір қомақты дүниелер қатарына ұлттық ойындарды да жатқызамыз. Ұлттық ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған көне халықтың дәстүрлері, шаруашылық мәдени, өмір тіршілігінің жиынтық белгісі болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып, астасып келіп, бірін бірі толықтырып байыта түседі.Баланың бойында ана тілін, ата - баба салтын бойына сіңірген, оны қастерлей білетін азамат өсіруде ұсынатын ең басты құралымыз – ұлттық ойындар. Балалар ойын арқылы дүниені танып, түсінігі арқылы қабылдап, ересектерге еліктей жүріп үйренеді, өз бойына қабылдайды[6].
Таңдалған ойынды өткізуге қойылатын талаптар төмендегідей:
• Ойынды тақырыпқа сәйкес алу.
Ойынның мақсаты нақты қойып, керекті көрнекіліктерді балалардың қызығушылығына сәйкес дайындау.
• Ойнар алдында балаларға жүргізілу барысын әбден түсіндіру.
• Ойынға балалардың барлығын қатыстыру.
• Ойын барысында балардың қатысуын қадағалау, білмеген жерлеріне көмек, жәрдем беру.
Қазіргі балабақшадағы ойынды қолданар алдында ақпараттық құралдарды жетік меңгеру, Power Point, Microsoft office, Paint бағдарламаларымен жұмыс істеп қана қоймай үнемі интернет жүйесіндегі жаңалықтар мен өзгерістерді өзінің кәсіби шеберлігіне қолдана білу, білім кеңістігін кеңейту, ашу бағытындағы өзгерістер мен әлемдік білім беру кеңістігіне кіруге талпындырады.
Қорытындылай келе, ойындар балалардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез - келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, балалардың көңіл - күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және өтілген тақырыпты жеңіл меңгеруге көмектеседі. Тақырыпты ашу барысында ойын арқылы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі қолданылып, ұйымдастырылып отырса сонда ғана тәрбиешінің тақырып мақсатын ашуына мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі кезеңдегі ойын рөлінің өзгеруі жас кезеңіне қарағанда, негізінен балада көптеген пайдалы жеке даралық сапалардың дамуы мен қалыптасу құралының қызметін атқаратынымен байланысты.
 Ойында баланың жаңадан қызығушылықтары мен іс - әрекеттің жаңа мотивтері пайда болып, бекиді. 
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады.
Баланың өсіп-өнуінде ойынның мәні зор. Әсіресе, мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде ойынның атқаратын орны айрықша. Қай заманда қай халықтың өмірінде болсын мектеп дейінгі жастағы балалар мүмкіндігінше, шамасына қарай ойын ойнайды. Осы бір шақты ескергендіктен мектепке дейінгі шақты ойын баласы деп халық тегін айтпаған.
Мектепалды даярлық топтарында оқу қызметінің өн бойы ойын әрекерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5 – 6 жасар бала оқу қызметін оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шуғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым – қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі, мінез – құлық қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.
В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.
Ойын бала өмірінің қажеттілігінен туады. Мектепке дейінгі баланың қажетін өтейді. Бала үшін ойын іс-әрекет, қимыл құралы болумен қатар олардың танымын, түсінігін және білімін жетілдірудің ең негізгі жолы болып табылады.
Ойын кезінде баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, белсенділігі артады, ерлік қасиеті, қиял-елестері дамиды, яғни, баланың шығармашылық таланты кеңейеді.
Ойын үстінде бала бейне бір өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезімінде болады. Бірақ одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік», «бүйтіп көрейік», «былай болсын» деуі олардың ойынды ойын ретінде түсінуінен. Осыған байланысты ойын туралы жасалатын тұжырым мынау:

  • Ойын – тәрбие құралы, ақыл-ойды дамытады, тілді ұзартады және тілдік қорды өсіреді, өмірді танып, сезімді кеңейтеді;

  • Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді;

  • Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі;

  • Эстетикалық тәрбие беру құралы;

  • Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуде мүмкіндік береді;

  • Дене күшінің жетілуіне мүмкіндік береді, бұл денсаулығының жақсаруына жәрдем береді;

Сонымен ойын – баланың жан-жақты, жарасымды тәрбиелеудің ең басты тәрбие негізі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет