1
|
Қазақстан
дық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие
|
Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру
|
Отанға, мемлекеттік құрылысқа, мемлекеттік саясатқа, мемлекеттік идеологияға;
ҚР Конституциясы мен заңнамасына, мемлекеттік рәміздерге (елтаңба, әнұран, ту), құқықтық тәртіпке;
елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімге, халықтар достығына;
өз елінің экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму саласындағы жетістіктеріне;
басқа адамның құндылықтарына, құқықтары мен бостандығына;
өз өлкесінің (ауыл, қала, шағын аудан) табиғатына, мәдени-тарихи өміріне;
құқықтық білімге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына;
заң талаптарына, құқықтары мен міндеттеріне;
әлеуметтік құндылықтарға құрметпен қарау, мақтаныш сезімін және жауапкершілік таныту.
|
Сабақтар,оқу пәндері, сабақтан тыс іс-әрекеттер, қосымша білім беру. АРБ бағдарламасы аясында ерлік, намыс және абырой, Отанға адал қызмет ету тағылымдарын өткізу. Дебат және пікірталас клубтарын ұйымдастыру. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікке үндеген патриоттық форумдар, акциялар. Оқушылардың мемлекеттілік нышандарын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуге арналған байқаулар мен олимпиадалар. Қазақ халқының, Қазақстанда тұратын басқа да этностардың мәдени мұрасын, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын зерттеу бойынша өлкетану экспедициялары. Мемлекет, әдебиет, өнер, ғылым қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, қоғам қайраткерлерімен, құқық қорғау, әділет органдары, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдары қызметкерлерімен кездесулер. Балалардың және жастардың бастамашыл жобаларын дамыту. Балалар және жастар қозғалысы қызметін; қоғамдық қорлармен бірлескен қызметті жандандыру; әңгімелер, дәрістер, семинарлар, тренингтер; саяхаттар; ақпараттық-құқықтық материалдар тарату; «сенім қызметтерін», «Мен және заң», «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз – қоғам мүддесіне деген опасыздыққа қарсымыз» акциясын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
|