5 СӨж тапсырмалары



Дата26.10.2022
өлшемі22,06 Kb.
#45366
Байланысты:
СОЖ 5


5 СӨЖ
Тапсырмалары:



  1. Оқу және тіл дамыту әдістемесі (Сөздікпен жұмыс жүргізу әдісі)



Әдебиеттер:

  1. Тұрдалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. Астана: Фолиант, 2007

  2. Қазыбайұлы С. Бастауыш кластарда қазақ тілін оқыту. – Алматы, 1997

  3. Бейсембаева З. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2018. – 145 б.

  4. Қасабекова Қ. Сауат ашу сабағының үлгі жоспарлары. - А., 1984

  5. Жұмабаева Ә., Г.Уайсова, Г.Сәдуақас, М.Оспанбекова Сауат ашу. Оқулық. І бөлім. 2016

  6. Жұмабаева Ә., Уайсова Г., Сәдуақас Г., Оспанбекова М. Сауат ашу. Оқулық. ІІ бөлім. 2016

Жауабы:
Тіл дамыту әдістемесі – педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.
Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі , оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті,мазмұны бар.
Әдістеменің басты міндеті – балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс – тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру. Бағдарлама бойынша 2 тілді оқу міндетті.
Тіл дамыту әдістемесі барлық әдістемелер сияқты мына негізгі сұрақтарға жауап береді:
- Немен оқытамыз?
- Қалай оқытамыз?
- Неліктен тура осылай оқыту керек?
Е.И.Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан – жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.
Тіл дамыту әдістемесі барлық педагогикалық ғылым сияқты жалпы ғылымға енеді.
Оның методологиялық негізі тіл және ойлауға үйрену болып табылады.
Тіл – басты қарым – қатынас құралы болып табылады. Ойлау – тіл сияқты қалыптасып дамиды. Адамдардың еңбек әрекеті барысында дамиды, қоршаған адамдар мен тұрмысының көрінісі болып табылады.
Тіл дамыту әдістемесі басқа ғылымдармен байланысты, әсіресе тіл туралы ғылымдармен: тіл білімі (тіл білімдері бөлімі – фонетика, орфоэпия, лексикология, грамматика, морфология, синтаксис): психолингвистика. Тіл функциялары туралы білім, тіл білімі және психологияда жасалған.

Әдістеменің басты тараулары:


- байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру
- сөздің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу
-балалардың ауызекі сөзінде сөз қорының және грамматикалық дағдыларының дамуы
- балаларды сауатты оқуға дайындау
- балаларды көркем әдебиетпен таныстыру.

Тіл дамыту әдістемесі барлық мазмұны іс – жүзінде мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге арналған.


Тіл дамыту әдістемесі ғылыми зерттеу әдістері. Ғылыми зерттеу – осы аймақта жаңа теория және іс – тәжірибе енгізу.
Зерттеу:
1) Тарихи жайлар. Өткеннің қорытындыларын осы кезеңде тексеру және бағалау.
2) Тәжірибелік – балабақшада педагогикалық тәжірибе жүргізу.
3) Тәрбиешінің озық тәжірибесін талдап қорыту.
4) Тәрбиешілермен балалармен әңгіме.
5) Құжаттармен танысу.

Мектеп алды даярлықтың мақсаты мен талабы – ақыл – ой дамыту, тіл дамыту және ана тілін таным, оқу және ойлау іс - әрекетінің негізі болып табылады.


Мектепке дейінгі балаларды оқытудағы тіл дамыту мақсаттары:


1) Әр жас топтарында тіл дамыту бағдарламаға сай орындалуынқадағалау және қамтамасыз ету.
2) Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді дұрыс жолға қою.
3) Қызметкерлерге бағыт беру жәнебақылау жасау.
4) Жағдай жасау (медициналық, гигиеналық, профилакториялық).
5) тіл дамыту бойынша озық тәжірибелерді жинақтап қорыту. Педагогикалық жаңа инновациялық техниканы енгізу, педагогикалық өзара тәжірибе алмасуын ұйымдастыру.
6) Мамандардың дәреже деңгейіне және білім жетілдіруіне сай квалификациясын көтеру.
7) Балабақша мен отбасы арасында өзара педагогикалық білімді насихаттайтын жұмыстар ұйымдастыру. Ата–аналарды жалпы жиналыстарда оқу – тәрбие процестерімен таныстыру

Балабақшада тіл дамыту мәселесі.


Халық байлығының сарқылмас мұрасы, келер ұрпақтың рухани азығы, тәрбие тірегі – ана тілі. Осындай халық қазынасын меңгерту бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен басталатыны белгілі. Тіл үйрету мектепке дей, тәр мен білім беру жұмыстарының негізі болып табылады. Өйткені баланың сөздік қорының нығаюы оның танымдық қабілетін арттырып, ол көкжиегін кеңейтеді. Бала ана тілінде сөйлеуге үйренеді, табиғат тамашаларын танып, қабылдайды. Көрген – білген басқаларға, сөз арқылы жеткізіп тілдеседі. Осының өзі оның білім-дағдысының молайып, күнделікті өмірден алған әсері нығая түсуіне себепші болады.

Тіл баланың жеке басын қалыптастыру, өзіндік дербес іс-әрекетін дамыту, ой-парасатын жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы.


Республикамыздың егеменді туралы қабылдаған Декларациясында халқымыздың тіл мәдениетін, әдет-тұрлы мен тұрмыс-салтын, ана тілімізді дамытумен қатар, ұлттық қадір-қасиетімізді нығайту аса маңызды міндеттердің бірі екені атап көрсетіледі.


Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызекі сөйлеуін қалыптастыруда 7 түрлі міндет қойылады:


1. Сөздік қорын дамыту.
Мектепке дейінгікезеңде балалар негізгі сөздерді айналасындағы адамдармен қарым-қатынаста қоршаған ортаға байланысты. Әсіресе қоршаған орта.

2. Грамматикалық дағдыларын қалыптастыру.


Сөздік қор – тілдің құрылымдық материалы болып табылады. Грамматика – сөйлемдегі сөздердің өзгеруін қалыптастырады. Сонымен бірге, тілдің сындарлы үлгісін анықтайды.
Бала айналадағы адамдардан грамматикалық дұрыс құрылған сөйлемдерді естілді, осы арқылы ол тілдегі сөздердің үлгісін менгереді. Тәрбиеші баланың өмірден алған сөйлеу қабілетін, оқыту арқылы адам әрі жаттықтырады. Сонымен бірге, балаларға жаңа сөздер үйретеді, грамматикалық дұрыс байланыстқан сөйлемдер құрып сөйлеуге тәрбиелейді.

3. Тілдің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу.


Бала дыбыстарды дұрыс дыбыстауды керек. Сөйлем сөздегі дыбыстардың дұрыстығымен жұмыс жасауда, тәрбиеші фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарына сүйенеді.
Бала озінің ана тілінде сөйлеп, сөйлемдердегі екпінді айыра білуге тиіс. Баланы бір-бірімен сөйлескенде, әдепті, тәртіпті бояуға үйретудің маңызы зор. Оған: амандасу, сөйлесіп тұрған адамына жылы қабақпен қарау назар аудару көпшілік жерде өзін-өзі ұстау білу жатады. Баланы мәнерлер сөйлеуге үйрету керек.

4. Диалог түрінде, әңгімелесу дағдысын қалыптастыру.


Бұған баланың тыңдау қабілеті мен түсінуі, әңгімеге араласуы, сұраққа жауап беруі мен сұрақ қоя білуі жатады. Бұдан, баланың қаншалықты грамматикалық сөздерді дұрыс сөйлегені, сөздік қорының молайғанын білүге болады. Әңгімелесу кезінде, бала өзін-өзі мәдениетті түрде ұстай білу керек.

5. Әңгімелеп сөйлеуге үйрету – монолог түрінде.


Баланың өзінің көрген-білгенін әңгімелеп беруі – мектепке барғанында өте қажет. Мектепте осы қабілеті одан әрі қалай бекиді. Баланың әңгімесінен біз сөйлем немесе сөз құрап сөйлей алуын, сөзінің мазмұнын сөздік қорын қаншалықты меңгергенен анықтаймыз. Балаларды ауызша әңгімелерді таңдай білуге, оны сосын қайталап айтып беруге үйретеміз.
Сонымен қатар, әңгіме құрап айтуға, шығармашылық белсенділігін қалыптастырамыз. Баланың бұл белсенділігі – бала бақшадағы мейрамдарда, үлкендердің алдына шығып тақпақ айтуға немесе басқа топтың алдына шығып сөйлеуіне деген қабілетін арттырады.

6. Көркем әдебиетпен таныстыру.


Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда балалар әдебиетіндегі ең үздік шығармалар оқылып, топтастырылады.
Тәрбиеші балаларды көркем шығарманы тыңдауға түсінуге, шығармадағы кейіпкерлерді суреттеп айтуға үйретеді. Балалар жатталатын тақпақтың мазмұнын ұғып, оны мәнерлеп айта білу керек. Олардың оқуға деген қызығушылықтарын, кітаптың ішіндегі түрлі – түсті суреттерді қарап шығуын, кітаппен жұмысты ұқыпты да дұрыс қолдануларын қадағалау маңызды болып табылады.

7. Балаларды сауат ашуға дайындау. Балабақшадағы тіл дамыту жұмысы – баланы мектепке әзірлейді, бала ауызекі жақсы сөйлеуі тиіс, басқа адамды тыңдай білуі қажет. Мектепке жақсы әзірлікпен келген балада мынадай қасиеттер болуы керек:


1) Мұғалім педагогтың айтқанын тыңдау.
2) Өзінің ойын, пікірін грамматикалық түрде дұрыс сөйлеммен жеткізу, оны дұрыс сөйлеу.


Бұл қасиеттер мектеп алды даярлық тобында немесе ересектер тобында қалыптасады. Бұл кезде балалар 2 - 4 сөздерден сөйлем құрап, сөйлей алады. Осы 7 міндет балалардың тілін дамытуда зор роль атқарады. Әрбір міндетте – оқыту мен тәрбиелік жағы жатыр, ақыл – ой тәрбиесі дамиды деп те айта аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет